Шағын кәсіпорындарды қолдаудың шетелдік озық тәжірибелері

Содержание

Слайд 2

Әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы

Әлемдік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субъектілерді шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызудың жалпы

критериилері ретінде персоналдар саны, жарғылық капиталының мөлшері, активтерінің шамасы, айналым көлемі және басқаларын айтуға болады.
Алайда айтарлықтай жиі қолданылатын критериилерге келесілерді жатқызуға болады: кәсіпорындағы жұмыскерлердің орташа жылдық саны, кәсіпорынның жылдық айналымы және активтерінің мөлшері. 
Слайд 3

Ал, дамыған елдердің барлығында дерлік негізгі критерии жұмысшылар саны болып табылады.

 Ал, дамыған елдердің барлығында дерлік негізгі критерии жұмысшылар саны болып табылады.

Мысалы, құрамына дамыған елдер кіретін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының анықтауы бойынша кәсіпорындағы персоналдар саны 19 адамға дейін «өте шағын», 100 адамға дейін «шағын», 100-ден – 499 адамға дейін «орта» және 500-ден жоғары «ірі» кәсіпорындар ретінде анықталған.
Слайд 4

Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы

Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы

тұрғысынан шетелдерде шағын кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән беріледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы бойынша шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санынан 95 % - ға артық. 
Слайд 5

Әлемдік экономикада мұндай кәсіпорындардың үлесіне жұмыспен қамтылғандардың 60 %-дан астамы келеді,

Әлемдік экономикада мұндай кәсіпорындардың үлесіне жұмыспен қамтылғандардың 60 %-дан астамы келеді,

ал олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 50 %-ға жетеді.
Слайд 6

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде әсіресе шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімділігіне мемлекеттік

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде әсіресе шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімділігіне мемлекеттік

қолдау шамасы айтарлықтай ықпал ететіндігіне, ал кәсіпкерлер мұндай қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдік тәжірибе куә.
Слайд 7

Бұл ретте, бизнесті бәсекеден қорғауға немесе ол үшін ерекше «жұмсақ» жағдайлар

Бұл ретте, бизнесті бәсекеден қорғауға немесе ол үшін ерекше «жұмсақ» жағдайлар

құруға емес, технологиялық жетілдірудің генерациясы фирмаішілік үрдісті үнемі ынталандыратын және фирманың бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін оқытатын жағдайларды қамтамасыз етуге әкелуге тиіс шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясатының нысаны мен мақсаты шешуші мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада ілгерілік жасаған көптеген елдердің тәжірибесі көрсетеді.
Слайд 8

Шағын кәсіпорынды қолдау шаралары: жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну,

Шағын кәсіпорынды қолдау шаралары: 
жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, кеңес

беру және оқыту) қол жетімділікті жеңілдетуге; 
Слайд 9

нарық капиталына (салық жеңілдіктері, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттік субсидиялар, нарықтық және

нарық капиталына (салық жеңілдіктері, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттік субсидиялар, нарықтық және жеңілдікті

несиелі ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түріндегі жеңілдікпен несие беру) қол жетімділікті жеңілдету; 
кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетін кластерлік-желілік ұстанымды енгізу арқылы шағын компаниялар мәселелері бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. 
Слайд 10

Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын кәсіпорынды қолдау бағдарламасы іске асырылған елдер –

Кластерлік-желілік ұстаным негізінде шағын кәсіпорынды қолдау бағдарламасы іске асырылған елдер –

бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания,Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бірқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлік-желілік ұстанымға негізделген шағын кәсіпорынды қолдау бағдарламасын іске асыруды мысалға келтіреміз.
Слайд 11

Италия Бірінші рет кластерлік – желілік ұстаным Италияда 70 жылдары қолданылған.

Италия

Бірінші рет кластерлік – желілік ұстаным Италияда 70 жылдары қолданылған. Шағын

және орта бизнеске кластерлік – желілік ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алтын «үшінші Италия» деген атқа ие болған Италияның тәжірибесі қызық. 
Слайд 12

70 жылдардың соңында «бірінші» және «екінші» Италия экономикалық дағдарысты басынан өткізді,

70 жылдардың соңында «бірінші» және «екінші» Италия экономикалық дағдарысты басынан өткізді,

елдің солтүстік – шығыс бөлігі және орталық бөлігі экономикалық өсуідің жоғары түрін көрсетті. Негізінен шағын және орта кәсіпорындар әрекет ететін (тоқыма өндірісі және былғары өндірісі, аяқ киім, керамика және жиһаз өндірісі) бірқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тек қана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қана қоймай, экспорт нарығына да шыға алды. 
Слайд 13

Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырауды басынан өткізіп жатты,

 Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның ірі кәсіпорындары құлдырауды басынан өткізіп жатты,

«үшінші Италияның » шағын және орта кәсіпкерлік кластері өндіріс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпкерлік кластерлері өндірістік инновацияларды енгізуге қабілетті болып шықты.
Слайд 14

АҚШ ЖҰӨ-нің 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмыс күшінің

АҚШ

ЖҰӨ-нің 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмыс күшінің 2/3

астамы шағын кәсіпкерлікке тартылған. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ел экономикасын оңалтуда шешуші рөл атқарды. Бұл үшін АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретін құрылым – АҚШ шағын бизнес әкімшілігі (1953 жылы құрылған) бар. 
Слайд 15

Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық

Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсіпкерлер қоғамдастығын барлық

жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету – қызметтің мәні. Осы әкімшілік арқылы шағын кәсіпорындарға кепілдендірілген қарыздар беру арқылы үлкен қаржылық қолдау көрсетіп келеді. 
Слайд 16

Атап айтсақ, бұл ұйым 155000 АҚШ долларынан аспайтын қарыз соммасына 90%

Атап айтсақ, бұл ұйым 155000 АҚШ долларынан аспайтын қарыз соммасына 90%

ал, 750000АҚШ долларына дейінгі үлкен көлемдегі қарыз соммасына 75% кепілдік бере алады. Ол дегеніміз, егер қарыз алушы берілген қарызды қайтара алмаған жағдайда шағын бизнес істері жөніндегі әкімшілік қарыз соммасын қайтаруға міндеттенеді. Жапония. Шағын және орта кәсіпкерліктің барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖІӨ-нің 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. 
Слайд 17

Шағын кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру үшін шағын және орта

Шағын кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру үшін шағын және орта

кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты іске асыратын мамандандырылған органдар желісі құрылды. Жапония тәжірибесіне сүйенсек, жаңа жұмыс орындарын құру мен жаңа технологияларды дамытуда маңызды рол атқаратын жаңа кәсіпорындарды ынталандыруға ерекше мән беріледі. Осы мақсатта бекітілген шаралардың ішінен 10 млн. иенге дейін арнайы төмен пайыздық кредиттер мемлекет кепілдігімен беріледі.
Слайд 18

Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі шаралары: шағын және орта

Жапонияда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі шаралары:
шағын және орта бизнесті

жаңғырту үшін несиелер мен жеңілдікті несиелерге кепілдік беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетімділікті жеңілдету (20 жылға, 1,05 %-дық ставкамен); 
Слайд 19

бизнес-инкубаторлар құру, салық салу мен менеджмент, персоналды басқару және нарықтағы ахуал

бизнес-инкубаторлар құру, салық салу мен менеджмент, персоналды басқару және нарықтағы ахуал

туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелері бойынша қысқа мерзімді негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесін құру; 
техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру; 
Слайд 20

жаңа әзірлемелерді коммерциялизациялауды қолдау мен ғылыми орта, бизнес және үкмет арасындағы

жаңа әзірлемелерді коммерциялизациялауды қолдау мен ғылыми орта, бизнес және үкмет арасындағы

ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау; 
пайыздық төмен ставкалар бойынша субсидиялау және несие беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттің қатысуы және зерттеу кәсіпорындары үшін патенттік төлемдерді төмендету;
Слайд 21

Жапонияда зертеулерді дамыту деңгейі бойынша жетекші рөлді технопарктер алады. 70 %

Жапонияда зертеулерді дамыту деңгейі бойынша жетекші рөлді технопарктер алады. 70 %

шамасында жапондық технопарктер өңірлердегі шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын қолдау үшін құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы өнімдер өндіруге бағытталған.
Слайд 22

Германия Германдық кластерлік-желілік ұстанымды қолдаудың негізгі қағидаттары – бұл мынандай нарықтық

Германия

Германдық кластерлік-желілік ұстанымды қолдаудың негізгі қағидаттары – бұл мынандай нарықтық тетіктерге:
мемлекеттік қолдауға

емес, шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа; 
Слайд 23

тиімсіз кәсіпорындар нарықтан кетуі керек; шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай

тиімсіз кәсіпорындар нарықтан кетуі керек; 
шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай көмек

беруі үшін негізгі талап – несиеге қабілеттілікке тірек болады; 
Слайд 24

Корея Барлық компаниялардың 99,5 % - ын құрайтын 3 млн. шағын

Корея

 Барлық компаниялардың 99,5 % - ын құрайтын 3 млн. шағын және

орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Соның ішінде шағын компаниялардың үлесі 97 % құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар хұмысқа орналастырудың маңызды көзі болып табылады, өйткені онда елдің экономикалық белсенді халықтың 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн.-нан астам). Шағын және орта кәсіпорындардың үлесіне елдің ЖІӨ-нің жартысы және оңтүстіккореялық экспорттың 43 % тиесілі.
Слайд 25

Израиль Қолдау нфрақұрылымының объектілері құрылған, олардың көпшілігі мемлекеттік. Кәсіпорындарды қаржыландыруға көмек

Израиль

Қолдау нфрақұрылымының объектілері құрылған, олардың көпшілігі мемлекеттік. Кәсіпорындарды қаржыландыруға көмек беретін

мемлекеттік және бірнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттік субсидия бизнесті жүргізу үшін қажетті қаражаттың ¾-ін құрайды, ¼-кәсіпкердің салған қаражаты.
Слайд 26

Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.

Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.
Осылайша,

технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйені оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетістіктеріне бейімдеу міндеті қойылған елдерде жақсы дамыған.
Слайд 27

Ғылыми-өнеркәсіптік парктер болашақтағы технополистердің – озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау

Ғылыми-өнеркәсіптік парктер болашақтағы технополистердің – озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау

– құрастыру әзірлемелері қазіргі үлгілері болып табылады. Өтпелі экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшін ғылыми-өнеркәсіптік парктерді дамыту басымдығының стратегиясы – бұл жоғары технологиялық деңгейдің өңірлік орталықтар желісін дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендіру негізінде қызметтің жаңа салаларында ілгерілеу.
Слайд 28

Соңғы кезеңдерде АҚШ-та да шағын бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер

Соңғы кезеңдерде АҚШ-та да шағын бизнес кеңінен дамып отыр. Ол жұмыскерлер

саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар американдық барлық фирмалардың 99%-ын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 84%-ы саны жиырмадан аспайтын, ал 80 %-да оннан аспайтын адам жұмыс істеді.
Слайд 29

АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалады.

АҚШ-та шағын фирмалардың өсуі сандық және сапалық жағынан да ерекше байқалады.

Мысалы, тек 1998 жылдың өзінде ғана 1 млн. шағын кәсіпорын пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған.
Слайд 30

АҚШ-та шағын және орта фирмалар ЖҰӨ-нің 40%-ын өндіреді, өның ішінде өңдеуші

АҚШ-та шағын және орта фирмалар ЖҰӨ-нің 40%-ын өндіреді, өның ішінде өңдеуші

өнеркәсіпте - 21%, құрылыста 80%, көтерме саудада - 86 %, қызмет көрсету - 81%.
Слайд 31

Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік

Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік

құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталығын тудырады.

Германия

Слайд 32

Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлдің ерекше маңыздылығы: ол шарушылықтың нәтижелігіне тек

Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлдің ерекше маңыздылығы: ол шарушылықтың нәтижелігіне тек

қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның озінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртіншіден, істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану.
Слайд 33

Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін

Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін

айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.
Слайд 34

Салық салудағы жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген

Салық салудағы жеңілдіктер.
Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланып жүрген жұмыстың

үш түрі бар: 
амортизациалық аударымдардың арнайы нормалары; 
пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау; 
салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер;