Қазіргі замандағы Қазақстанның жастар саясаты

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

2013 жылы Жастар саясатын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге, оның

2013 жылы Жастар саясатын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге,

оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 590 млн. теңге қарастырылған.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге көзделген. Яғни 2010 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2 есеге артық деген сөз. Бұл әлеуметтік маңызды жобаларды көптеп жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған алқалы жиында 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы мақұлданды.
Слайд 6

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі. Қазіргі уақытта

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі.

Қазіргі уақытта

Қазақстанда 1000-нан аса әртүрлі жастар ұйымдары қызмет атқарады. Олардың ішінде танымал ұйымдар: «Қазақстан жастарының конгресі», «Қазақстан студенттерінің альянсы» қозғалысы, «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚБ, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, «Азаматтық бастамаларды дамыту» ҚБ, «Жасыл ел» студенттік жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы мекемесі, «Есірткісіз болашақ» қозғалысы және т.б.
Слайд 7

«Қазақстан студенттерінің альянсы» Қазақстан студенттер Альянсы - мемлекеттегі 130 жоғарғы оқу

«Қазақстан студенттерінің альянсы»

Қазақстан студенттер Альянсы - мемлекеттегі 130 жоғарғы оқу орындарының 30

мыңға жуық студенттерін біріктіретін ұлттық студенттік қозғалыс болып табылады.
Оның негізгі мақсаты - студент жастарының мүдделері мен құқықтарын қорғап, мемлекеттік білім сапасын арттыруда үлес қосу болып табылады.
2005 жылы 14 сәуірде құрылған Қазақстан студенттер Альянсы өз мақсатын іс жүзінде көрсетуде құнды жетістіктерге қол жеткізді. Оның бастауымен патриоттық акциялар мен әлеуметтік маңызды мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.
Слайд 8

«Жас Отан» «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты

«Жас Отан»

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты  2008жылы

14 мамырды Астана қаласында «Жас Отан» ЖҚ I Съезінде қоғамдық бірлестік тұлғасында құрылған.
Ұйымның облыстық, Астана және Астана  қалалық филиалдары, сондай-ақ, қалалық және аудандық деңгейде бөлімдері бар. «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесіне Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың жастар көшбасшылары, жас спортсмендер мен мәдени қайраткерлер кіреді. Жастар қанатының құрамын 2012 жылғы есеп бойынша 200 мың адамды құрайды.
Слайд 9

«Жасыл ел» «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы 2005 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

«Жасыл ел»

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы 2005 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастар ұйымы болып табылады. Сол жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының республикалық штабы өз жұмысын бастаған болатын. «Жасыл ел» еңбек жасағының басты мақсаты-елімізді көгалдандыру, абат­тандыру арқылы студенттер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады.
Слайд 10

Елбасымыздың 100 нақты қадамындағы жастар жайлы толғаулар. Мемлекет басшысы ұсынып отырған

Елбасымыздың 100 нақты қадамындағы жастар жайлы толғаулар.

Мемлекет басшысы ұсынып отырған Ұлт

Жоспары – 100 нақты қадамына енген “Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату”, “Нұрлы болашақ” ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру міндеттері кеңінен атап көрсетілген.
Ұлт Жоспарының кіріспесінде: “100 нақты қадам” – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары” екені атап көрсетілген. Бүгінгі таңдағы жас маман – осы істің бастамашысы, жанашыры. 
Осы орайда атқарылған жұмыс та аз емес. Жастар ресурстық орталығы жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, отансүйгіштікті қалыптастыру жолында жұмыс істейді. Орталықтың бастамасымен “Мәңгілік ел” бағдарламасы аясында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы шығармашыл жастарды біріктірді.