Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу

Слайд 2

2 Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың концептуалды негіздері Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың

2 Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың концептуалды негіздері

Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың концептуалды

негіздері

Ұйымдасқан қылмыстылықтың құрылымы мен даму бағыттарын, оның жекелеген түрлерінің қауіптілігін ескере отырып, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудің басымды бағыттары кқрсетілуі тиіс

Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу туралы заңнамада және іс жүзіндегі тәжірибеде ұйымдасқан қылмыстылықтың кең ауқымдылығына және қылмыстық жолмен табылған орасан зор ақша қаражаттарына негізделген ерекшеліктерін назарда ұстау қажет

Қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын жылыстатуға қарсы тұратын заңнамалық және басқарушылық шаралар, заңсыз табыстарды анықтау және оларға сатып алынған мүліктерді алу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған шаралар үлкен маңызға ие болады

Слайд 3

3 Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың жалпы әлеуметтік негіздері Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын

3 Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың жалпы әлеуметтік негіздері

Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың

жалпы әлеуметтік негіздері

Жалпы ережелер

Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың жалпы әлеуметтік негіздері және оның әрекет етуі мен даму мүмкіндіктерін барынша шектеу негіздері болып еліміздегі дағдарыстық құбылыстардың (экономикадағы, саясаттағы, қоғамдық идеология мен психологиядағы, әлеуметтік саладағы, құқық қорғау қызметіндегі) алдын алу саналады

Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың экономикалық базасы мен қауіпсіздік жүйесіне соққы беру мүмкіндіктерін арттыратын сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы, қылмыстық жолмен табылған мүліктерді жылыстатқаны үшін жауаптылық бекітетін және мемлекеттік бақылау туралы заңнаманың тиімділігін қамтамасыз ету

Жалпы әлеуметтік салада жүзеге асырылатын шаралар

Шаруашылық субъектілеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа және заңсыздыққа ықпал ететін жеңілдіктер мен өзге де шарттарды жою;

Мемлекеттік тапсырыстар саласында қажетті талаптарды баспа беттерінде жариялай отырып, ашық конкурстар арқылы бөлу тәсіліне көшу;

Бухгалтерлік есеп жүргізудің үздік халықаралық стандарттарын басшылыққа алу

Слайд 4

4 Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы жүргізілетін шаралар Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа

4 Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы жүргізілетін шаралар

Ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы

шаралар

Қылмыстық топтардың жетекшілері және белсенді мүшелерінің әрекеттерін анықтауға және жоюға бағытталған жедел іздестіру қызметінің алдын алу және мақсатты операцияларын жүйелі түрде жүргізіп отыру

Жеке секторлардағы күзет және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрылымдардың қызметінде заңдылықтардың сақталуын қадағалап отыру

Банктердің мемлекеттік емес құрылымдарды несиелендіру тәртібін сақтауын қадағалау

Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес жүргізуге көмек беретін жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық актілерді жетілдіру

Өнімдерін шет елдерге жіберетін мұнай, түсті металл және радиоактивті материалдарды өндіру және өңдеумен айналысатын мекемелерді жүйелі түрде тексерулер жүргізіп отыру

Өндірістің аталған салаларында ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың және олармен сыбайлас лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қоятын шаралар жүйесін әзірлеу

Ұйымдасқан қылмыстықтың мемлекеттік билік, оның ішінде құқық қорғау органдарына араласуына тосқауыл қоятын шаралар жүйесін әзірлеу

Ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу жолдарын жетілдіру мәселелері бойынша онференциялар өткізу, тәжірибелер алмасу