Кимоно.Жапон тілінде “кимоно„ “киім„ деген мағына береді.Кимононың алғашқы негізі-қытай, корея және
моңғолия киімдері.Кимононың бірнеше түрі бар: ерлерге және әйелдерге арналған, жоғарғы және төменгі, үйішілік және жатын орындық.
Бір кимоно үшін 4-5 мың жібек қуыршағы қажет.Жапон әйелі балалық шағында сатып алған кимоносын өмір бойы кие береді.
Оның ең басты сәндік бөлігі-оби белдігі болып табылады. Ол үшін парча мен қалың жібектен ұзындығы төрт метрлік арнаулы мата тоқылады.Ертеректе белдіктегі түйінге қарап, жапон әйелінің қандай әлеуметтік топқа жататынын білуге болатын.