Слайд 12
Төртінші сатысы немесе кезеңі – соңғы кезеңінде ценуроздың ерекше айқын белгілері
анықтала түседі. Оның негізгі белгілері –малдардың көбінесе мелшиіп қалуы, алға қарай жүруі, бір орнында шыр айналуы, малдан бөліне қашуы, бағдарсыз жүруі, сүрінуі сияқты. Ауырған мал басын әнтек қисайтады, тәлтіректейді. Кейде құлап та қалады, бірте- бірте өздігінен жайылып, шөп жеуден қалады, қатты арықтайды. Бірнеше күн немесе апталап жүрмейді. Осындай әр түрлі қозғалыстардың болуы, ценур ларвоцистасының мидың қай бөлікте орналасуына байланысты. Мысалы, ценур кішкене мида болса, малдың қозғалысы, жүрісі бұзылады, тәлтіректеп, қисалаңдап жүреді, жиі құлап қалады, аяқтарын талтайтып жүреді. Егер ценур алдыңғы ми бөліктерінде орналасса ауру мал тез болдырып қалады немесе бір жерде шыр айналады. Және олар ценур көпіршігі бар жағына қарай айналшықтамайды, керісінше басқа жаққа қарай айналады.
Егер ценур жұлында орналасса, түліктің жүрісі өзгеріп тәлтіректейді, ақырында артқы аяғын баса алмай, шойырылып жатып қалады, парез немесе паралич, яғни салдану байқалады. Мал өте қатты арықтап, қатты күйзеледі.
Ценуроз ауруы 8-9 ай бойы созылып, ауырған малдың өлімімен аяқталады.