Қазақстанда кәсіпкерлік даму тенденциялары

Слайд 2

ЖОСПАРЫ: I.Кіріспе. II.Негізгі бөлім. А) Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің даму тенденциялары.

ЖОСПАРЫ: I.Кіріспе. II.Негізгі бөлім. А) Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің

даму тенденциялары.
Слайд 3

I.Кіріспе Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет,

I.Кіріспе Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық

әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі,кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қаупі бар. Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.
Слайд 4

II.Негізгі бөлім Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына

II.Негізгі бөлім Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік

бағдарламасына сәйкес күтілген нәтиже мынадай болған еді: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 15%-ке дейін, ал субъектілердің жалпы саны 500 мыңға дейін, шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2млн адамға дейін артуы керек болатын. Табиғи монополияларды реттеу,бәсекекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша 2002 жылдың соңында елімізде 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет жасап, онда 1,4 млн адам еңбек еткен. Бұл республикадағы еңбекпен айналысатындардың 23 %-і еді, 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы республика бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12 %-ке, онда жұмыспен қамтылғандардың саны 13%-ке артқан.
Слайд 5

Жалпы шағын кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық экономиканы көтерудегі маңызы зор.Кәсіпкерліктің салыстырмалы түрде

Жалпы шағын кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық экономиканы көтерудегі маңызы зор.Кәсіпкерліктің салыстырмалы

түрде жан- жақты дамыған орталықтарының бірі Алматы облысы болып табылады. Енді, Алматы – облысы бойынша кәсіпкерліктің даму деңгейін деңгейін келесі мәліметтерден көруге болады

Кесте 1
Алматы облысының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны туралы мәлімет (бірлік)

Слайд 6

Осы кестеде келтірілген мәліметтерден байқалғандай, талдауға алынған 2000-2004 жылдары шағын бизнестің

Осы кестеде келтірілген мәліметтерден байқалғандай, талдауға алынған 2000-2004 жылдары шағын

бизнестің қалыпты дамуы деңгейі байқалады. Бұл ең алдымен аталған жылдары макроэкономикалық тұрақтану тенденциясының сақталуы мен мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестің дамуына басым көңіл бөлуінің нәтижесі. 2003 жылы 2000 жылмен салытырғанда шағын бизнес субъектілерінің саны мен өндірістегі кәсіпкерлер санының сәйкесінше 1,9 және 2,1 есеге артуына, әсіресе, 1997 жылдан бастап мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауды күшейтуі оң ықпал етті. Алматы облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму барысын жіктеп қарастырсақ, ол мына төмендегі мәліметтерге келтіріледі. Алматы облысы бойынша 2000 жылы 17587 шағын кәсіпкерлік субъектілерітіркеліп, 15685-і немесе 89,1% жұмыс істесе, 2001 жылы тіркелген 18317 субъектісінің 16136-сы немесе 88% қызмет жасаған. 2002 жылы 18808 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның 16937-і немесе 90% жұмыс жасаған. Жалпы, 2002 жылы 2000 жылға қарағанда жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,17 есе артқан.