АҚШ Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі тарапынан қолға алынған
"Болашақ" бағдарламасы аясында ел азаматтарының Нью-Йорк, Вашингтон, Бостон және Сан-Франциско сынды қалаларында білім алуларына мүмкіндік туғызды. Қазіргі кезде, Қазақстан өзінің әлеуметтік жағдайы мен әлемдік экономикаға кірігу мүмкіндігін нығайту мақсатында АҚШ-пен саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларында тең серіктестік қатынастарын белсенді дамытуға тырысуда.
Екі ел арасындағы ресми байланыс 1991 жылдан бастау алды. АҚШ сол кезеңде енді ғана өз тәуелсіздігін алып, дербестігін таныта бастаған Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі ретінде елшілік қатынастарын ұсынған. Алғашқы күндерден бастап, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы ортақ байланыс үлкен қарқын алып, бүгінге дейін жоғары деңгейде сақталып келеді.