Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік
натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз.
Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист- ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие.