Монофункционалды биоорганикалық қосылыстар
Спирттер және олардың жіктелуі, қасиеттері
Алифатикалық және ароматты көмірсутектер
құрамындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын гидроксил топтары басқан қосылысты спирттер деп атайды. Ароматты көмірсутектер мұндай туындылары ароматты спирттер немесе фенолдар деп аталады. Жалпы формулалары:
Қаныққан немесе қанықпаған алифатикалық көмірсутектердің окси туындылары болуына байланысты спирттер де қаныққан немесе қанықпаған болып жіктеледі. Спирттердегі гидроксил топтарының санына байланысты олардың атомдылығы анықталады және гидроксил тобының қай көміртегімен байланысқанына байланысты біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттер болып бөлінеді.
Халықаралық номенклатура бойынша спирттерді молекуласын түзіп тұрған көмірсутектің атына «ол» жалғауын қосу арқылы атайды.
R–ОН - спирттер
Ar–ОН - ароматты спирттер немесе фенолдар
СН3–ОН - метанол немесе метил спирті
С6Н11–ОН - циклогексанол
С6Н5–ОН - фенол