Химиялық, принципиалдық және технологиялық сызбанұсқалар. Технологиялқ процестерді ұйымдастыру принциптері

Содержание

Слайд 2

Химиялық, принципиалдық және технологиялық схема Мұндағы, І - шикізат; ІІ -

Химиялық, принципиалдық және технологиялық схема

 

Мұндағы, І - шикізат; ІІ - мақсатты

өнім (сода); ІІІ - қалдық.
Слайд 3

Фосфор қышқылын алу үшін шикізат ретінде фосфаттар (фосфорит және аппатит минералдары)

Фосфор қышқылын алу үшін шикізат ретінде фосфаттар (фосфорит және аппатит минералдары)

қолданылады. Әртүрлі қышқылдармен фтораппатитке Ca5(PO4)3F әсер еткенде, ол фосфор қышқылын түзіп айырылады:
Ca5(PO4)3F+5H2SO4=3H3PO4+5CaSO4+HF
Ca5(PO4)3F+10HCl=3H3PO4+5CaCl2+HF
Ca5(PO4)3F+10HNO3=3H3PO4+5Ca(NO3)2+HF

2Ca5(PO4)3F+15С+Н2О=3P2+15CO+10CaO+2HF

2Р2+5О2=2P2O5

P2O5+3Н2О=2H3PO4

1 - шикізатты дайындау (фосфатты майдалау); 2-фосфатты химиялық өңдеу; 3-фосфор қышқылын бөліп алу.

Слайд 4

Са5(РО4)3F+5H2SO4=3H3PO4+5CaSO4+HF 1 - фосфорды майдалау; 2-байыту (флотация); 3, 4-химиялық айыру; 5-фосфор

Са5(РО4)3F+5H2SO4=3H3PO4+5CaSO4+HF

1 - фосфорды майдалау; 2-байыту (флотация); 3, 4-химиялық айыру; 5-фосфор қышқылын

бөлу; 6-фосфогипсті шаю; 7- H2SO4-н сұйылту; 8-қойыртпақты вакум-буландырғышта салқындату.
Слайд 5

CaC2 + 2H2O = C2H2 +Ca (OH)2 а. І - CaC2

CaC2 + 2H2O = C2H2 +Ca (OH)2

а. І - CaC2 майдалау,

ұсату; ІІ-химиялық реакция; ІІІ- C2H2 салқындату және шаю; ІҮ- C2H2 тазалау.
б. 1-қабылдағыш бункер; 2-автоматты тығын;3-буферлі бункер; 4-шнек; 5-ацетиленді генератор; 6-әкті алуға арналған шнек; 7-скруббер; 8-тұндырғыш; 9-тоңазытқыш.
Слайд 6

Химиялық-технологиялық процесс Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін

Химиялық-технологиялық процесс

Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін

және бір-бірімен өзара байланысқан процестердің жиынтығын – химиялық-технологиялық процесс (ХТП) деп атайды.
Химиялық-технологиялық процесс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрады:
1. Шикізатты химиялық өңдеуге дайындау:
А → А1; В→В1,
мұндағы, А, В - дайындауға дейінгі шикізат; А1, В1 - дайындалған шикізат;
2. Дайындалған шикізаттың реакция өніміне дейін химиялық өзгерісі екі сызба-нұсқамен жүреді:
А + В→С (негізгі реакция);
А + В→Р (қосымша реакция),
мұндағы С-мақсатты өнім; Р-қосымша өнім.
3. Реакциялық қоспадан мақсатты өнімді бөлу және оны тазалау:
С→С1; Р→Р1,
мұндағы,С1 - бөлінген мақсатты өнім; Р1 - бөлінген қосымша өнім.

ХТП-нің принципиалды сызба-нұсқасы

Слайд 7

Химиялық-технологиялық процестерді ұйымдастыру Химиялық-технологиялық процесті ұйымдастыру сатылары: процестің химиялық-технологиялық сызба-нұсқаларын жасау;

Химиялық-технологиялық процестерді ұйымдастыру
Химиялық-технологиялық процесті ұйымдастыру сатылары:
процестің химиялық-технологиялық сызба-нұсқаларын жасау;
оптималды технологиялық

параметрлерді таңдау және процестің технологиялық режимін анықтау;
аппараттардың конструкциясын және типтерін таңдау;
процестің әрбір сатысын бақылайтын және реттейтін параметрлерін анықтау.
Химиялық-технологиялық жүйенің моделін екі топқа бөледі:
жазу (формула, теңдеулер түрінде)
графикалық (сызба-нұсқа және басқа графикалық бейнелеулер түрінде)
Слайд 8

Материалдық және энергетикалық баланс Материалдық баланс – масса сақталу заңына негізделген.

Материалдық және энергетикалық баланс
Материалдық баланс – масса сақталу заңына негізделген.

∑В кіріс

= ∑В шығыс

технологиялық операцияға түсетін заттың массасы - кіріс

операция нәтижесінде алынған барлық заттың массасына - шығыс

Жалпы жағдайда материалдық баланс келесі теңдеумен өрнектеледі:

Вқ+Вс+Вг= В'қ+B'c+B'г

мұндағы, Вқ, Вс, Вг - бірлік уақытта операцияға түсетін қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың массасы; В'қ, B'c, B'г- алынатын өнімнің массасы.

Нәтижесінде бірнеше өнімдер түзілетін химиялық процестердің материалдық балансын жасаумен танысу үшін байытылған колчеданды күйдіруге арналған КС-450 пешінің қайнаушы қабатының материалдық балансын жасауды мысалға алып қарастырайық

Слайд 9

Энергетикалық баланс - энергияның сақталу заңына негізделген. Соған сәйкес процеске енгізілген

Энергетикалық баланс - энергияның сақталу заңына негізделген. Соған сәйкес процеске енгізілген

энергия мөлшері, бөлінетін энергияның мөлшеріне тең, яғни энергияның кірісі оның шығысына тең.

∑Qкіріс=∑Qшығыс

Жылу балансы жалпы түрде мына теңдеумен беріледі:

QҚ+QС+QГ+QФИЗ.ПР+QР+QП=Q'Қ+Q'С+Q'Г+Q'ФИЗ.ПР+Q'Р+Q'П

мұндағы, QҚ, QС, QГ - қатты, сұйық және газтәріздес материалдармен аппаратқа берілетін жылу.
Q'Қ ,Q'С , Q'Г - шығарылатын материалдармен кететін жылу;
QФИЗ.ПР, Q'ФИЗ.ПР-физикалық процестерде сіңірілетін және бөлінетін жылу;
QР, Q'Р,- экзо және эндотермиялық реакциялардың жылуы;
QП, Q'П - аппараттан шығарылатын және аппаратқа сырттан берілетін жылу.

Слайд 10

Байытылған колчедан - минерал пириттен (FeS2) тұрады. Колчеданды күйдіргенде күкіртті ангидрид

Байытылған колчедан - минерал пириттен (FeS2) тұрады. Колчеданды күйдіргенде күкіртті

ангидрид (SО2) түзіледі, ол күкірт қышқылын алу үшін шикізат болып табылады. Колчеданды күйдіру реакциясының жалпы теңдеуі:

4FeS2+11O2→ 2Fe2O3+8SO2+3416кДж

Күйдіру процесінде түзілген күкіртті ангидридтің біраз мөлшері күкірт ангидридіне дейін тотығады:

SO2+ O2 ↔SO3+96 кДж

Материалдық балансының жалпы теңдеуі:

Вкол+Вкол.ылғ+Вауа+Вауа.ылғ=Вөрт+ВSO2+ВSO3+ВO2+BN2+BH2O

мұндағы, Вкол, Вкол.ылғ, Вауа, Вауа.ылғ- жанған колчеданның (құрғақ), колчедандағы су, ауа (құрғақ), ауадағы су массасы, кг/сағ.

Слайд 11

Есептеу шарттары

Есептеу шарттары

Слайд 12

КС -450 пешінің материалдық балансы

КС -450 пешінің материалдық балансы

Слайд 13

КС-450 пешінде колчеданды күйдіру процесінің теңдеуі бойынша жылу балансының теңдеуі былай

КС-450 пешінде колчеданды күйдіру процесінің теңдеуі бойынша жылу балансының теңдеуі былай

жазылады:

Qкол+Qкол.ылғ+Qауа+Qауа ылғ+Qр=Qөрт+Qг+Qϕ+Qп

мұндағы, Qкол, Qкол.ылғ, Qауа, Qауа ылғ- ылғалды ауамен және құрғақ ауамен пешке берілетін, жылу мөлшері, кДж*сағ-1;
Qр- реакция бойынша бөлінетін жылу мөлшері, кДж* сағ-1;
Qөрт, Qг- өртенеді және күйдіру газымен бірге пештен шығарылатын жылу мөлшері, кДж*сағ-1;
Qϕ - судың булануына және колчедан құрамындағы судың булануына жұмсалатын жылу мөлшері, кДж*сағ-1;
Qп- қоршаған ортаға кететін жылу шығыны, кДж*сағ-1;

Слайд 14

КС-450 пешінің жылу балансы

КС-450 пешінің жылу балансы