Грамматикалық мағынаның түрлері. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестігі

Содержание

Слайд 2

ЛМ мен ГМ арақатынасы Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына,

ЛМ мен ГМ арақатынасы

Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни

бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына - сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады.
Слайд 3

Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары 1. Семантикалық тәсіл. Ол -

Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары

1. Семантикалық тәсіл. Ол - сөздің

лексикалық мағынасының абстракцияланып жалпылануы арқылы іске асатын белгілі бір топтағы сөздерге ортақ мағына.
Мысалы: дала: заттық мағына, деректі зат атауын білдіруі, жалпы зат атауын білдіруі, жансыз зат атауын білдіруі.
Слайд 4

Синтетикалық тәсіл Оның жолдары: қосымша қосылу жолы, префикс қосылу жолы, ішкі

Синтетикалық тәсіл

Оның жолдары:
қосымша қосылу жолы,
префикс қосылу жолы,

ішкі флексия жолы,
екпін арқылы,
супплетивті жол.
Слайд 5

Аналитикалық тәсіл Жолдары: негізгі сөздердің тіркесуі, негізгі сөз бен көмекші сөздің

Аналитикалық тәсіл

Жолдары:
негізгі сөздердің тіркесуі,
негізгі сөз бен көмекші сөздің

(көмекші етістік, шылау, т.б.) тіркесуі,
сөздердің қосарлануы арқылы,
сөздердің орын тәртібі арқылы,
дауыс ырғағы, интонация арқылы.
Слайд 6

Грамматикалық мағынаның түрлері Жалпы грамматикалық мағына Категориялық грамматикалық мағына Қатыстық грамматикалық мағына

Грамматикалық мағынаның түрлері

Жалпы грамматикалық мағына
Категориялық грамматикалық мағына
Қатыстық грамматикалық

мағына
Слайд 7

Жалпы грамматикалық мағына - лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық

Жалпы грамматикалық мағына

- лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық

мағына.
Жалпы грамматикалық мағына сөз топтарының семантикалық сипатынан туындайды.
Слайд 8

Категориялық грамматикалық мағына - грамматикалық форма арқылы берілетін мағына. Грамматикалық форма

Категориялық грамматикалық мағына

- грамматикалық форма арқылы берілетін мағына.
Грамматикалық

форма деген ұғымға, ең алдымен, сөзге түбірге үстелетін қосымшалар, сондай-ақ префикстер мен жүйелі түрдегі ішкі флексия, супплетивтік тәсіл жатады
Слайд 9

Қатыстық грамматикалық мағына - грамматикалық мағынаның сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен

Қатыстық грамматикалық мағына

- грамматикалық мағынаның сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп,

байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы берілуі.
Слайд 10

ЖГМ КГМ ҚГМ семантикалық тәсіл синтетикалық тәсіл аналитикалық тәсіл

ЖГМ
КГМ
ҚГМ

семантикалық тәсіл
синтетикалық тәсіл
аналитикалық тәсіл

Слайд 11

ГМ мен ГФ сәйкестігі “Грамматикалық мағынасыз грамматикалық форма болмайды және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына берілмейді”

ГМ мен ГФ сәйкестігі

“Грамматикалық мағынасыз грамматикалық форма болмайды және грамматикалық

формасыз грамматикалық мағына берілмейді”
Слайд 12

1. ГМ-сыз ГФ кездеседі. 2. ГФ-сыз ГМ беріледі. 3. 1 ГМ

1. ГМ-сыз ГФ кездеседі.
2. ГФ-сыз ГМ беріледі.
3. 1 ГМ бірнеше ГФ

арқылы беріледі.
4. 1 ГФ бірнеше ГМ береді.
Слайд 13

Әдебиеттер: К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1972. 8- 16-беттер. А. Ысқақов.

Әдебиеттер:

К. Аханов. Грамматика теориясының негіздері. А.,1972. 8- 16-беттер.
А. Ысқақов. Қазіргі қазақ

тілі. Морфология. А.,1974. 7-
10, 13-18 -беттер.
С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А.,1992. 28-40-беттер.
С.М. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 32-45-беттер.
А. Ысқақов. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма. // Қазақстан мектебі. 1961. N4 60-66-б
С.Исаев. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және нольдік тұлға// Қазақстан мектебі. 1976. N 8 92-96-б.
Слайд 14

Дұрыс па? 1.Грамматикалық мағына сөйлеу барысында туады. 2.Лексикалық мағына да, грамматикалық

Дұрыс па?

1.Грамматикалық мағына сөйлеу барысында туады.
2.Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да

жалпы болады.
3. Грамматикалық мағынаның 3 түрі бар.
4.Грамматикалық формасыз грамматикалық мағына беріледі.
5.Қосымшалар арқылы берілетін мағына қатыстық грамматикалық мағына деп аталады.
6.Ноьдің форма арқылы грамматикалық мағына беріледі.
7.Грамматикалық форманың екі түрі бар.
8.Морфологиялық категориялар сөз таптарына байланысты емес.
9.Грамматикалық категорияның анықтамасы: тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.
10.Сын есімнің шырай категориясы – грамматикалық категория.
11.Грамматикалық мағына семантикалық жолмен беріледі.
12.Грамматикалық мағына қосарлау арқылы беріледі.
13.Грамматикалық категория сөз таптарының түрленуіне байланысты.
14.Ол келді. – “келді” сөзінде КГМ біреу.
15..Бала ойнады. “Бала” сөзінің КГМ-сы – заттың атын білдіруі.
Слайд 15

Слайд 16

Слайд 17