Бронхолобулярлы инфильтратта өкпе алаңының кортикальді зонасында жиі интенсивтілігі төмен,контуры анық емес,өлшемі
3 cм дейін шектелген қараю анықталады.Инфильтрат полигональді,өкпе түтіріне қарай созылған болып келеді.
Дөңгелек инфильтратта шектелген дөңгелек формалы инфильтрат,жиі орташа интенсивті,контуры анық.Бұғана астында инфильтраттың классикалық үлгісі “Ассман-Редекер” анықталады.
Қараюдың медиальді аймаңғынан өкпе түбіріне қабынулык жолақ шығады.Ол кейде дренаждалған бронхтың проекциясымен сәйкес келеді(“теннис ракеткасы ”симптомы).Инфильтрат ыдыраса рентгенде қуыс анықталады.
Бұлттәрізді инфильтрат 1-2 сегментпен шектелген,анық шекарасы жоқ,гомогенді емес қараюмен көрінеді.
Лобарлы инфильтрат орналасуы және қараю формасы қай өкпе бөлігінің зақымдалғанына байланысты.КТ-да өкпенің тығыздалғанын,деформациялануын,казеозды массамен обтурацияланған бронхты,ыдыраған қуыстарды көреміз.
Рентгенологиялық көрінісі