Қан кетуді тоқтататын дәрі-дәрмектер

Содержание

Слайд 2

Организмнің тіршілік етуіне қажетті шарттың бірі — қанның сұйық күйде болуы

Организмнің тіршілік етуіне қажетті шарттың бірі — қанның сұйық күйде болуы

және қантамыр арнасының бүтіндігі.
Бұл жағдайды айналымдағы қанды сұйық күйде сақтайтын қанның ұю жүйесі қамтамасыз етеді.
Гемостаз жүйесі бір жағынан қанның сұйық күйде болуын қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан қантамырлары қабырғасының құрылымдық бүтіндігін сақтау арқылы, тамырлардың зақымдану кезінде тез арада тромб түзуі арқылы қан кетуді тоқтатады.
Гемостаздың мынадай түрлері бар:
қантамырлық-тромбоциттік гемостаз, тромбоциттік тромб түзу арқылы микроциркуляциялық тамырлардан қан кетуді тоқтатады;
коагуляциялық ферментті гемостаз, фибриндік тромб түзу арқылы қан кетуді тоқтатады (ірі қантамыралардан қан кетуді тоқтатады).
Слайд 3

Гемостатиктердің жіктемесі 1. Коагулянттар (фибриндік тромбтың түзілуін стимуляциялайтын): а) тікелей әсер

Гемостатиктердің жіктемесі

1. Коагулянттар (фибриндік тромбтың түзілуін стимуляциялайтын):
а) тікелей әсер ететін

(тромбин, фибриноген)
б) жанама әсер ететін (викасол, фитоменадион)
2. Фибринолиз тежеуіштері :
а) синтетикалық (аминокапрон қышқылы, амбен)
б) мал өнімдерінен (апротинин, контрикал, пантрипин)
3. Тромбоциттердің агрегациясын стимуляциялайтын заттар (хлорлы кальций).
4. Қантамырлардың өткізгіштігін төмендететін заттар:
а) синтетикалық (адроксон, этамзилат)
б) витамин препараттары (аскорбин қышқылы, рутин, галаскорбин).
в) өсімдіктерден алынған препараттар (қалақай, мыңжапырақ, бүрген жидегі, су бұрышы, арника және басқ.)
5. Қанды қоюландыратын заттектер: желатин, альстаз, гемоколлаген
Слайд 4

Тікелей әсер ететін коагулянттар (жергілікті қолданылатын) Тромбин — қанның ұю жүйесінің

Тікелей әсер ететін коагулянттар (жергілікті қолданылатын)

Тромбин — қанның ұю жүйесінің

табиғи компоненті
Әсер ету механизмі: фибрин полимерінің түзілуіне жағдай жасайды (бірақ бұл тек қана зақымданған қантамырлардың беткейінде байқалады).
Қолдану көрсетімдері: ұсақ тамырлардан және паренхималық ағзалардан (бауырға, бүйрекке, өкпеге және миға операция жасағанда) қан кеткенде
қызылиектен қан кетуді тоқтату үшін қолданады.
Жергілікті тромбин ерітіндісімен сіңірілген гемостатикалық губка, коллагенді гемостатикалық губка түрінде немесе тромбин ерітіндісімен сіңірілген тампондарды қолданады.
Фибриноген
Әсер ету механизмі: тромбиннің әсерінен фибриноген тромб түзетін фибринге айналады. Жедел көмек ретінде көлемді қан кетулерде қолданады
Изогендік фибриндік қабыршақ қан тоқтататын және ауырсынуды басатын әсерлері бар, жараларды механикалық зақымдау мен инфекциядан қорғайды.
Қолданылу көрсетімдері: травмадан немесе күйгеннен пайда болатын скальптелген терінің жаралары мен дефектілерін емдеп бекіту үшін.
Гемофибрин – қара малдың фибринінен тағайындалған қанда еритін гемостатикалық губка, борқылдақ құрылымының нәтижесінен таза компрессиялық әсер етеді. Қансыраған жараға салғанда гемофибрин жара бетіне тығыз жабысады да, онын ішінде пайда болатын физиологиялық фибриндік ұйытқы эффективті антибактериалық барьер тәрізді әсер етеді.
Слайд 5

Жанама әсер ететін коагулянттар (К витаминнің препараттары ) Викасол Әсер ету

Жанама әсер ететін коагулянттар (К витаминнің препараттары )

Викасол
Әсер ету механизмі:

К витамині бауырда протромбиннің (II фактор), проконвертиннің (VII фактор), сонымен қатар қан ұю жүйесінің IX және X факторларының түзілуін стимуляциялайды. Организмде К витамині жеткіліксіз болса, геморрагиялық көріністер дамиды.
Викасолды ішкен кезде әсері 12-24 сағаттан соң дамиды
Фитоменадион – синтетикалық препарат, биологиялық белсенділігі бойынша табиғи К витаминінің қасиеттері сақталған. Тез сіңіріледі және ең жоғары мөлшерін сегіз сағатқа дейін сақтайды.
К витаминінің препараттарын қолдануға арналған көрсетімдер:
бауыр қызметінің төмендеуі (гепатиттер, бауыр циррозы) салдарынан дамитын геморрагиялық синдром,
кең спектрлі әсер ететін антибиотиктерді жоғары мөлшерде ұзақ уақыт қолданған кезде К витаминінің жеткіліксіздігінде;
ауыр операция алдында қанағыштықты азайту үшін қолданады.
жанама әсерлері: гиперкоагуляция; венаға енгізгенде -эритроциттердің гемолизі.
К витаминінің антагонистері: аспирин, СЕҚҚЗ, ПАСҚ, жанама антикоагулянттар, неодикумарин тобы.
Слайд 6

Фибринолиз тежеуіштері Аминокапрон қышқылы (АКҚ) Әсер ету механизмі: профибринолизиннің фибринолизинге айналуын

Фибринолиз тежеуіштері

Аминокапрон қышқылы (АКҚ)
Әсер ету механизмі: профибринолизиннің фибринолизинге айналуын тежейді,

сол арқылы фибринді тромбтың сақталуына жағдай жасайды.
Қолдану көрсетімдері: жедел көмек көрстеу клиникасында, тіндердің және қанның фибринолиздік белсенділігінің жоғарылауымен сипатталатын әртүрлі патологиялық жағдайларда : операция жасағанда және операциядан кейін;, өлген ұрықтың жатырда ұзақ уақыт сақталуында; гепатит, бауыр циррозы, ойықжарадан, мұрыннан және өкпеден қан кеткенде. Жанама әсерлері: миоглобинурия, бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі, лоқсу, іш өту, құрысу, гипотония, бас ауыруы, бас айналуы, құлақтың шулауы
Слайд 7

Тромбоциттер агрегациясын стимуляциялаушы Кальций хлориді, кальций глюконаты. Әсер ету механизмі: Кальций

Тромбоциттер агрегациясын стимуляциялаушы

Кальций хлориді, кальций глюконаты.
Әсер ету механизмі:

Кальций қан ұю жүйесінің бір факторы ретінде тромбоцитердің агрегациясы мен адгезиясына тікелей қатысады, сонымен қатар тромбин мен фибриннің түзілуіне жағдай жасайды.
Қолдануға арналған көрсетімдер: геморрагиялық васкулит; өкпеден, асқазаннан, жатырдан қан кеткенде, операция алдында қан тоқтататын зат ретінде;
Кальций хлоридінің жанама әсерлері: көктамырға енгізген кезде қызу сезімі ("ыстық укол") байқалады; тез енгізген кезде жүрек қызметінің тоқтауы мүмкін, АҚ төмендеуі байқалады; кальций хлоридін тері астына енгізген кезде – тіндердің некрозы дамиды.