Слайд 6
Ішек жұқпасының алдын алуы
Балаларда ішек жұқпасының алдын алу үшін ең бірінші
санитарлық-гигиеналық талаптарға сай шараларды орындау керек.
Ата-аналарға баланың қолының таза болуын бақылап, үнемі қолдарын сабынмен жуғызып отыру қажет. Сонымен қоса, беретін судың, тағамдардың сапасына назар аударған жөн. Жоғарыда айтып өткендей, жұқпаның көзі маса, шыбын болып келетіндіктен, олардың көзін жою керек.
Бала жататын бөлмені әрдайым тазалап отыру қажет. Баланың төсек орны, ыдыстары, жеке бас гигиенасына қатысты заттардың барлығы дерлік өзіне тиесілі әрі таза болуы шарт.
Егер балада сұйық нәжіс болған жағдайда бала-бақшаға, мектепке баруға болмайды. Егер бала-бақшада, мектепте ішек жұқпасы анықталса, алғашқы сатыларда ауруды таратпау мақсатында изоляция жасау, яғни, оқшауландыру жұмысы жасалу қажет.
Үлкен нәжісі қалыпқа келгеннен соң және аурудың клиникалық көріністері жойылғаннан кейін нәжісті бактериялогиялық зерттеу жасайды, егер қоздырғыш анықталмаса, баланы бала-бақшаға, мектепке жіберуге болады.
Ауруханада ем алып болған соң, бір ай шамасында оқу мекемесінің дәрігері баланы ерекше бақылауға алып, оның денсаулығын және нәжісін күнделікті тексеріп отыру керек. Егер балада ішек жұқпасы болса, онда үш ай көлемінде ай сайын емдеуші дәрігерінің бақылауында болуы тиіс.