Бронх демікпесінің кешенді еміне антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, дипразин, диазолин, тавегил
және т.б.) енеді. Кейбір науқастарда новокаин: 0,25 – 0,5% ерітіндісінің 5 – 10 мл к/т немесе 2% ерітіндісінің 5 мл б/е енгізу қолайлы әсер етеді. Ұстаманы тыю үшін А.В.Вишневский бойынша біржақты новокаинды вагосимпатикалық бөгемені оңтайлы қолдануға болады. Екі жақты бөгеме ұсынылмайды, себебі, ол жиі жанама әсерлер (ми қан айналымының, тыныстың және т.б. бұзылуы) тудырады.
Қарт жастағы науқастарға ганглиоблокаторлар гипотензивті реакция туындауына байланысты ұсынылмайды.
Бронх демікпесі стенокардиямен қосарланса енгізу жылдамдығы 8-12 л/мин болатын оттегі (25-30%) және азот тотығымен (70-75%) ингаляция көрсетілген.
Бронх демікпесінің ұстамасы негізінде бронхолитикалық заттармен бірге жүрек-тамыр дәрілерін қолдану керек, себебі бронх демікпесінің ұстамасы қарт адамның жүрек-тамыр жүйесінің салыстырмалы компенсациялық жағдайынан тез шығаруы мүмкін.
Гормондармен (кортизон,гидрокортизон) емдеу бронх демікпесінің ұстамасын тыю және оның алдын алуда жақсы нәтиже береді. Бірақ кәрі жастағы науқастарға глюкокортикостероидтарды жас адамдармен салыстырғанда 2-3есе аз мөлшерде енгізген жөн. Емдеу барысында минималды тиімді мөлшерін анықтаған дұрыс.