Құстардың арасында ауру белгілері байқалған жағдайда, жедел түрде жергілікті ветеринар қызметкерлеріне,
медицина, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына хабарлап, ауырған құсты дереу оқшаулау;
Құс фабрикалары мен жеке шаруашылықтарда құстарды ұстауда тазалық ережелерін қатаң сақтау;
Ауырған құстарды, өлекселерді жедел түрде өртеп немесе терең көміп, тұрған орындарын тазалап, залалсыздандыру шараларын жүргізу;
Тірі құстарды, олардың өнімдерін тасымалдауда, сақтауда, сатуда ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау;
Құс етінен, жұмыртқадан тағам даярлағанда толық пісіріп жеу; (еттің ішкі температурасы +70 градустан кем болмауы керек)
Құс тұмауының белгілері біліне бастаса, дереу дәрігерге қаралу.
Құс еті мен құс өнімдерін, шыққан жері белгісіз көше саудагерлері мен ветеринариялық құжаты жоқ жерлерден алуға мүлде болмайды.
Сақтану шараларын білуі қажет