Слайд 6
Объективті зерттеу
Баланың жағдайы бронхообструкциялық синдромға, ТЖ 1 дәрежесіне байланысты
орташа ауырлықта. Есі анық, тексеру кезінде жылап отыр. Дене қалпы дұрыс, тамақтануы қалыпты. Сүйек-бұлшықеттік дамуы қалыпты. Нервті-психикалық , физикалық дамуы жасына сай . Тері жабындысы бозғылт, беті гиперемияланған, бөртпелер жоқ. Көзге көрінетін шырышты қабаттары таза, ылғалды.Тілі таза ,ылғалды.Шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тынысы жиілеген, беткей тыныс алады, мұрын арқылы еркін.Жөтелі қақырықпен , қақырығы аз мөлшерде. Жүктеме кезінде ентігу пайда болады, ентігу экспираторлы сипатта.Кеуде клеткасының формасы дұрыс. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс пен ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Перкуссияда қораптық түрдегі қораптық дыбыс . Жүрек шекарасы қалыпты. Жүрек тондары әлсіз тұйықталған, ритмі қалыпты. Іші қалыпты формада , жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасымен. Көкбауыры пальпацияланбайды. Зәр шығаруы еркін ,ауру сезімсіз. Нәжісі бірқалыпты емес, іш өтулер болып тұрады.