Слайд 3
![Галогендер Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns2 пр5 ( n =](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/777396/slide-2.jpg)
Галогендер
Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns2 пр5 ( n =
2-6 ) . Бұл элементтердің топтық атауы тұз түзуші деген түсінікке сәйкес келеді . Галогендердің соңғы электрондары р деңгейшесіне түседі , сондықтан олар р элементтеріне жатады . Топ бойынша Жоғарыдан төмен қарай олардың атом радиустары артады , қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта өседі . Олардың агрегаттық күйлері газдан ( F2 , C12 ) сұйықтыққа ( Br2 ) , ары қарай қатты ( 12 ) күйге өзгереді , түстері де біртіндеп қоюлана түседі . Галогендер типтік бейметалдар , себебі олардың сыртқы валенттілік қабаттарының толысуына бір ғана электрон жетіспейді , оны қосқанда тотықтырғыштық қасиет көрсетіп , өзінен кейін тұрған бекзат газдардың электрондық құрылысын алады . Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді , себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші азаяды . Фтор қосылыстарында тек бір валенттілік қана көрсетеді , тотығу дәрежесі үнемі – 1,0 - ге тең , себебі ол электртерістіктілігі ең жоғары элемент ; ОНЫҢ екінші энергетикалық деңгейінде екі ғана деңгейшесі бар , электрондардың дараланып көшетін орны болмағандықтан топ Нөміріне сәйкес валенттілік көрсете алмайды . Қалғандары топ нөміріне жеткенше тақ мәнді валенттіліктерді ( I , II , V , VII ) көрсетеді , тотығу дәрежелері : -1 , 0 , +1 , +3 , +5 , +7 .