Содержание
- 2. Ұлпа Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis). Тіс
- 3. Ұлпада дамитын қабыну үрдістері Ұлпа қабынуы (пульпит - pulpitis) ұлпа тінінің әр-түрлі тітіркендіргіштерге берген жауабы. Қабыну
- 5. Қазақтың Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасында Гофунг және Школяр жүйелері негізінде құрылған жаңа жүйе қолдау
- 7. Ұлпа қабынуының себептері (этиология пульпита) Ұлпадағы қабыну үрдістері көбінесе тісжегі қуысы арқылы ықпал ететін әртүрлі тітіркендіргіштердің
- 8. Ұлпа қабынуы кезінде В.П.Бережной (1985) 19 түрлі микроорганизмдерді анықтаған. Олар: стафилококктар (алтынға ұқсас, ақ, сары), стрептококтар
- 9. Тітіркендіруші факторларға химиялық әсерлерді (әртүрлі тамақтар құрамындағы заттар, олардың қалдықтарының тісжегі қуысында ыдырауынан пайда болған қышқылдар,
- 10. Ұлпаның қабынуының клиникасы Ұлпа қабынулары кезінде басқа ағзалар қабынуы кезіндегідей белгілер: ісіну (припухлость), домбығу (отек), ауыру
- 11. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы (острый частичный пульпит – pulpitis acuta partialis). Тісі сырқат адам өз бетімен
- 12. Ұлпаның толық жедел қабынуы (острый общий пульпит – pulpitis acuta totalis). Қабынудың бұл түрі уақытында емделмеген
- 13. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы (острый гнойный пульпит – pulpitis acuta purulenta) Бұл – ұлпаның қабынуының клиникалық
- 14. Ұлпаның созылмалы қабынуы. Ұлпаның созылмалы қабынуының әр түрлеріне тән ортақ белгі – аурудың ұзақтығы (бірнеше аптадан
- 15. Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы (хронический простой пульпит – pulpitis chronica simplex). Клиникалық көрінісі. Сырқат тісте әртүрлі
- 16. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы (хронический гангренозный пульпит – pulpitis chronica gangraenosa) Ұлпаның бұл қабынуы кезінде емделмеген
- 17. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы (хронический гипертрофический пульпит – pulpitis chronica hypertrophica) Ұлпа қабынуының бұл түрі көбінесе
- 18. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі (обострение хронического пульпита – pulpitis chronica exacerbata). Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуіне көптеген
- 19. Ұлпа қабынуын емдеу Ұлпа қабынуын емдеуді бастау алдында қойылатын мақсаттар: Тіс қатты ауырып мазалаған жағдайда ауыру
- 20. ІІ. Ұлпаны алып тастап емдеу немесе хирургиялық әдістер (метод удаления пульпы или хирургические методы) 1. ұлпаны
- 21. Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологический, консервативный метод). Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (метод полного сохранения
- 22. Әдісті орындау тәсілі. Қажет болса ұлпаны уақытша жансыздандырып алады, тісжегі қуысын ас қалдықтарынан тазартып алған соң
- 23. Биологиялық әдіс бір қабылдауда немесе 2-3 қабылдауда жүргізіледі. Бір қабылдауда бұл әдіспен көбінесес ұлпаның кездейсоқ ашылуы
- 24. Күрделі емдік төсемдерді тісжегі қуысында ұзақ қалтыруға болмайды, себебі, белгілі уақыттан кейін олардың белсенділігі жойылады. Сондықтан
- 25. Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі (метод частичного сохранения пульпы или метод витальной ампутации) Бұл әдіс –
- 26. Әдісті орындау тәсілі. Алдын-ала белгілі және тиімді ұлпаны уақытша жансыздандыру әдісін жүргізгеннен кейін тісжегі қуысын асептика
- 28. Кейде өзек сағасы ұлпасын кесіп алмай-ақ, диатермокоагулятордың көмегімен (екі-үш секөнд уақыт шамасында) қуырып тастауға болады. Қажет
- 29. Ұлпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері Ұлпаны тірілей толық алу әдісі немесе виталды экстирпациялау әдісі (метод прижизненного
- 30. Виталды экстирпациялау әдісі
- 31. Ұлпа қабынуын ұлпаны тірілей толық алу әдісімен (виталды хирургиялық әдіс) емдеу кезеңдері: Уақытша жансыздандыру. Қажет болған
- 33. Ұлпаның қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісі мен емдеу (девиталды хирургиялық әдіс) Бұл әдіс қазіргі уақытта да
- 34. Ұлпаны өліеттендіріп толық алу әдісі (метод девитальной экстирпации пульпы) түбір өзектері жақсы өтетін немесе кеңейту арқылы
- 35. Ұлпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі (метод девитальной ампутации пульпы). Бұл әдіс сирек және көбінесе
- 37. Скачать презентацию
Ұлпа
Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба
Ұлпа
Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба
Тістің түбірі ұшында орналасқан тесік (түбір ұшы тесігі – верхушечное отверстие) ұлпа мен периодонттың шекарасы болып саналады.
Ұлпада дамитын қабыну үрдістері
Ұлпа қабынуы (пульпит - pulpitis) ұлпа тінінің әр-түрлі
Ұлпада дамитын қабыну үрдістері
Ұлпа қабынуы (пульпит - pulpitis) ұлпа тінінің әр-түрлі
Қазақтың Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасында Гофунг және Школяр жүйелері
Қазақтың Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасында Гофунг және Школяр жүйелері
ұлпаның жедел қабынуы (острый);
ұлпаның жартылай жедел қабынуы,
ұлпаның толық жедел қабынуы;
ұлпаның жедел іріңді қабынуы;
Ұлпаның созылмалы қабынуы:
ұлпаның созылмалы жәй қабынуы;
ұлпаның созылмалы өсе қабынуы;
ұлпаның созылмалы шіри қабынуы;
ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
ұлпаның гематогендік қабынуы;
ұлпаның ретроградты қабынуы;
ұлпаның конкрементті қабынуы;
ұлпаның жарақаттан қабынуы;
Ұлпа қабынуының себептері (этиология пульпита)
Ұлпадағы қабыну үрдістері көбінесе тісжегі қуысы арқылы
Ұлпа қабынуының себептері (этиология пульпита)
Ұлпадағы қабыну үрдістері көбінесе тісжегі қуысы арқылы
Микроорганизмдер ұлпаға тісжегі қуысынан көбіне дентин өзекшелері арқылы өтеді. Сонымен қатар қан және лимфа тамырлары арқылы да (жедел жұқпалы аурулар, сепсис кезінде) өтуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ретроградты жолмен немесе кері жолмен (пародонталдық қалталар аймағында түбір бетіндегі цементтің ыдырауы кезінде ашылған дентин өзекшелері арқылы, ал қалталар тереңдеген кезде өзек тармақтарының немесе түбір ұшы тесіктері арқылы) де түсуі мүмкін.
Көптеген ғалымдардың ұйғаруынша, ұлпа қабынуын туындатушылар – гемолиздеуші және гемолиздемеуші стрептококктар болып саналады. Дегенмен де қабыну кезінде ұлпада диплококтар, стафилококтар, грамон таяқшалар, лактобациллалар, саңырауқұлақтар да анықталған.
Ұлпа қабынуы кезінде В.П.Бережной (1985) 19 түрлі микроорганизмдерді анықтаған. Олар: стафилококктар
Ұлпа қабынуы кезінде В.П.Бережной (1985) 19 түрлі микроорганизмдерді анықтаған. Олар: стафилококктар
Тітіркендіруші факторларға химиялық әсерлерді (әртүрлі тамақтар құрамындағы заттар, олардың қалдықтарының тісжегі
Тітіркендіруші факторларға химиялық әсерлерді (әртүрлі тамақтар құрамындағы заттар, олардың қалдықтарының тісжегі
Механикалық және температуралық әсерлердің қатарына тісжегі қуысына түскен қатты тағам түйірлерін, қабылдаған астың жоғарғы және төменгі температурасын атауға болады. Сонымен қатар тісжегі қуысын егеп-тазалағанда, тісті жасанды сауыт кигізуге дайындағанда емдеу шараларын дұрыс жүргізбеу ұлпаның әртүрлі зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Ұлпаға әсерін тигізетін тағы да бір химиялық факторлар – асқынбаған тісжегіні емдеген кезде тісжегі қуысын ұлпаны қатты тітіркендіретін дәрілермен (спирт, эфир, жоғары концентрациялы антисептиктер) өңдеу.
Біраз ғалымдар ұлпа қабынуының дамуында аллергиялық факторлардың (дәрілердің, микробтық аллергендердің) рөлін де атап көрсетеді. Сонымен қатар ұлпада әртүрлі жағдайларда пайда болатын жаңа құрылымдар (дентиклдер мен петрификаттар) тіс қуысында біртіндеп қалыптасып, нерв ұштарын тітіркендіріп, қан тамырларына қысым түсіре отырып, қан айналысын нашарлатып, дистрофиялық өзгерістер туындатуы да мүмкін. Бірақ мұндай өзгерістерді тек таза қабыну үрдісіне жатқызуға болмайды.
Ұлпаның қабынуының клиникасы
Ұлпа қабынулары кезінде басқа ағзалар қабынуы кезіндегідей белгілер: ісіну
Ұлпаның қабынуының клиникасы
Ұлпа қабынулары кезінде басқа ағзалар қабынуы кезіндегідей белгілер: ісіну
Ұлпаның жедел қабынулары кезінде ауыру сезімі өз бетімен ешбір себепсіз дамиды (самопроизвольная боль). Ауыру сезімі қабыну кезіндегі қан тамырларының кеңеюі, қанның ұлпадан кері ағуының қиындауы, жалқықтың жиналып, ұлпаға қысымның артуы, ыдыраған тіндерден бөлінген уытты заттардың нерв ұштарын тітіркендіріуі әсерінен туындауы мүмкін.
Ұлпа қабынуының алғашқы сатысында ауыру сезімі азғана уақытқа созылады, ал ауыруаралық уақыт (межболевой период) барынша ұзақ болады. Қабыну үрдісінің біртіндеп жайылуына байланысты ауыру уақыты ұзарып, ауыруаралық уақыт тарыла бастайды.
Ұлпа қабынуының тағы бір ерекшелік белгісі – ауыру сезімінің түн кезінде көбірек мазалауы.
Түн кезінде адам көбінесе тік жүрмей, жататын болғандықтан, кейбір авторлар ауыру сезімінің күшеюін ұлпаға қанның көбірек келуімен байланыстырады. Ал енді басқа авторлар мұны ми қыртысының түнде және күндіз әртүрлі жағдайда болуымен, түн кезінде парасимпатикалық нерв жүйесінің (кезеген нервтің – n. vagus ) қызметі симпатикалық нерв жүйесінің қызметінен басым болатындығымен байланыстырады.
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы (острый частичный пульпит – pulpitis acuta partialis).
Тісі
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы (острый частичный пульпит – pulpitis acuta partialis).
Тісі
Қарап тексергенде, сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталады, ішінде астың қалдықтары мен жұмсарған дентин сақталған. Қуыс табанын сүңгілеп байқағанда бір немесе екі нүктеде ауыру сезімі байқалады (қабыну ошағы орналасқан ұлпа мүйізшелері тұсында).
Егер жұмсарған дентин қабаты өте қалың болса, ауыру сезімі болмауы да мүмкін. Ауыру сезімін алу үшін қуыс табанын қатты сүңгілеп, ұлпа мүйізшесін ашып алмау үшін, алдын-ала қуысты жұмсарған дентиннен мүмкіндігінше аршығышпен (экскаватормен) тазартқан жөн (өте-мөте табан аймағын). Қағып тексергенде тіс ауырмайды. Егер тіс сырқат адам дәрігерге ауыруаралық уақытында келген болса, суық немесе ыстық сумен әсер еткенде, қуысқа қыздырылған гуттаперча салса, қатты ауыру сезімі пайда болады және біраз уақытқа созылады. Тістің электрқозғыштығы – 20-30 мка және әртүрлі көрсеткіш алуға болады (қабыну ошағында төмендеуі, ал басқа аймақтарында қалыпты көрсеткіш сақтауы мүмкін).
Ұлпаның жартылай жедел қабынуы 1-2 тәулікке созылуы мүмкін (организмнің және ұлпа тінінің реактивтілігіне байланысты) және біртіндеп ұлпаның толық жедел қабынуына ауысады.
Ұлпаның жартылай жедел қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның толық жедел және созылмалы қабынуынан ажыратады немесе сараптамалық нақтамасын осы аталған аурулармен жүргізеді. Сараптамалы нақтама жүргізу үшін олардың ұқсас белгілерін салыстыра отырып, ерекшелік белгілеріне жете мән береді.
Ұлпаның толық жедел қабынуы (острый общий пульпит – pulpitis acuta totalis).
Қабынудың
Ұлпаның толық жедел қабынуы (острый общий пульпит – pulpitis acuta totalis).
Қабынудың
Тісінің ұлпа қабынуы бар сырқат адам ауық-ауық жиі қозатын және ұзаққа созылатын (2-3 сағатқа) ауыру сезіміне шағымданады. Ауыруаралық уақыт (межболевой период) немесе интермиссиялық уақыт аса ұзақ емес 30-40 минөттен аспайды. Түн кезінде пайда болған ауыру сезімі ұзаққа созылып тісі сырқат адамның ұйқысын қашырайды.
Тітіркендіргіш ықпалдар ауыру сезімін қайта қоздырады немесе күшейте түседі. Ауыру сезімі сырқат тіс аймағымен шектелмей, үштік нерв тармақтарының бойымен таралады. Жоғарғы жақ тістерінің ұлпасы қабынған кезде ауыру сезімі шықшытқа, самайға, көз, бет, мұрын аймақтарына, Гаймор қуысына, қарама-қарсы жақ және төменгі жақ тістеріне беріледі.
Кейде тісі сырқат адам өз бетімен ауырмайтын, тек тісжегі қуысы бар қарама-қарсы жақ тісін көрсетіп, тәжрибесі аз дәрігерді қателестіруі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда дәрігер-стоматолог өз мүмкіндігін, білімін барынша тиімді пайдалағаны жөн.
Төменгі жақ тістерінің ұлпа қабынуы кезінде ауыру сезімі шүйдеге, мойынға, құлаққа, төменгі жақасты, иекасты аймақтарына, жоғарғы жақ және қарама-қарсы жақ тістеріне (алдыңғы тістердің ұлпасы қабынған кезде) беріледі. Науқастың жалпы жағдайы, жұмыс қабілеті төмендейді, көңіл-күйі нашарлайды. Бұдан бір-екі бұрын тісінің өз бетімен аз уақыт қана ауырып, ұзақ уақыт мазаламағандықтан, дәрігерге келмегенін айтады.
Қарап тексергенде сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталады, сүңгілеп тексергенде қуыстың табанының барлық аймағында ауыру сезімі байқалады. Суық сумен әсер еткен кезде тіс қақсап ұзақ ауырады. Қағып тексергенде аздаған ауыру сезімін анықтауға болады (сау тіспен салыстыра қағып тексергенде). Тістің элекрқозғыштығы төмендеген 30-40 мка дейін, кейде одан да төмен болуы ықтимал.
Ұлпаның жедел іріңді қабынуы (острый гнойный пульпит – pulpitis acuta purulenta)
Бұл
Ұлпаның жедел іріңді қабынуы (острый гнойный пульпит – pulpitis acuta purulenta)
Бұл
Дегенмен ұлпаның іріңді қабынуының клиникалық белгілері кешірек ұлпа қабынуы басталғаннан 3-5 күн өткен соң ұлпада іріңді ошақ (абсцесс) қалыптасқаннан кейін немесе ұлпа жартылай іріңді ыдырауға ұшыраған соң біліне бастайды. Сондықтан, қабыну жалқығының ерекшелігіне сүйене құрылған ұлпа қабынуының жүйелерінде клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың үйлеспеушілігі 75-80 % жағдайда кездеседі.
Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде сырқат тіс өте қатты солқылдап, жұлқылап, кернеп, үзгілеп қатты ауырады және ауыру сезімі үштік нерв тармақтарының бойымен кең таралады. Бұл кезде ауыруаралық уақыт немесе кезең болмайды, ауыру сезімі тек суықтың әсерінен аздап саябырлайды. Сондықтан өте ертеде шығарылған оқулықтарда кейбір авторлар «тісі сырқат адам стоматолог-дәрігерге барғанда өзімен бірге суық су құйылған құтыны ала жүріп, ауық-ауық ауызына суық су ұрттап алып, ауыру сезімін жеңілдетеді» деп жазылған.
Ұлпаның жедел іріңді қабынуы кезінде ауыру сезімінің таластамауының, ал суықтан аздап саябырлауының себебі толық дәлелденбеген.
Ұлпаның созылмалы қабынуы.
Ұлпаның созылмалы қабынуының әр түрлеріне тән ортақ белгі –
Ұлпаның созылмалы қабынуы.
Ұлпаның созылмалы қабынуының әр түрлеріне тән ортақ белгі –
Ұлпаны созылмалы қабынулары кезінде ауыру сезімі аса күшті емес, көбінесе әртүрлі тітіркендіргіштер әсерінен дамиды және әсер тоқтағаннан кейін де біраз уақытқа созылады. Егер созылмалы қабыну емделмеген жедел қабынудың нәтижесі болса, аурудың анамнезін анықтаған кезде ертеректе сырқат тіс өз бетімен қатты ауырып мазалағаны белгілі болады. Қарап тексергенде көпшілік жағдайда сауыт қуысы тісжегі қуысымен байланысқан болады.
Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы (хронический простой пульпит – pulpitis chronica simplex).
Клиникалық
Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы (хронический простой пульпит – pulpitis chronica simplex).
Клиникалық
Ұлпаның созылмалы жәй қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы шіри қабынуынан ажырата білу керек.
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы (хронический гангренозный пульпит – pulpitis chronica gangraenosa)
Ұлпаның
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы (хронический гангренозный пульпит – pulpitis chronica gangraenosa)
Ұлпаның
Қарап тексергенде, сырқат тісте сауыт қуысымен кең байланысқан терең тісжегі қуысы анықталады, сауыт ұлпасының шіріп-өліеттенуіне байланысты, ашылған сауыт қуысын сүңгілеп байқағанда әртүрлі тереңдікте, кейде өзек сағасында ауыру сезімі байқалады. Ұлпаның шіри қабынуының ұзақтығына байланысты сауыт ұлпасы әртүрлі деңгейде, кейде толығымен өліеттеніп шіруі мүмкін. Осыған байланысты сүңгінің ұшына жабысқан ұлпа ыдырандысы ұнамсыз иіс береді.
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде сауыт қуысы жабық болуы да мүмкін. Бұл кезде тісжегі қуысының табанын сүңгілеген кезде ешқандай ауыру сезімі болмайды. Ұлпаның электрқозғыштығы 50-90 мка арасында ауытқиды және ұлпада әртүрлі деңгейде некроздану (өліеттену) үрдісі барлығын көрсетеді. Жаңа басталған шіри қабыну кезінде электрқозғыштық көрсеткіші 30-50 мка тең болуы да мүмкін.
Ұзақ уақыт емдеусіз дамыған ұлпаның шіри қабынуы кезінде периодонтта әртүрлі созылмалы қабынуға тән деструкциялану үрдістері байқалады. Түбір ұшы төңірегіндегі сүйек тінінің сорылуынан пайда болатын және рентгендік тексерудің көмегімен анықталатын қара-көлеңке ошақтар С.И.Вайстың ұйғаруынша 14-18 % жағдайда кездеседі.
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын терең тісжегіден, ұлпаның созылмалы жай қабынуынан, периодонттың созылмалы қабынуынан ажырата білу керек.
Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы (хронический гипертрофический пульпит – pulpitis chronica hypertrophica)
Ұлпа
Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы (хронический гипертрофический пульпит – pulpitis chronica hypertrophica)
Ұлпа
Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы көбінесе балалар мен жас өспірімдерде кездеседі. Тісі сырқат адам тісінің ас шайнағанда ауыратынына, қанайтынына және ішінен «жабайы ет» («дикое мясо») өсіп шыққанына шағымданады.
Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, қуыста әртүрлі деңгейде орналасқан (жартысына дейін немесе толығымен алып жатқан) шикі ет түсті саңырауқұлақ басына ұқсаған жұмсақ құрылым немесе өсік анықталады (сауыт ұлпасынан дамыған жас грануляциялық тін) аздап қозғалмалы, консистенциясы бірде жұмсақ, кейде тығыздау, әртүрлі дәрежеде қанағыштығы байқалады. Кейде өсіктің беті эпителий қабатымен жабылуы мүмкін. Ол кезде түсі қызғылт, консистенциясы тығыздау, онша қанағыш болмайды. Сүңгілеп байқағанда беткей аймақтары онша ауырмайды, тереңдеу орналасқан аймақтарында (аяғы тұсында – в области ножки) ауыру сезімі күштірек. Рентгендік тексеру кезінде периодонтта аса көп өзгеріс анықталмайды, ал сауыт қуысының тісжегі қуысымен байланысты анықталады.
Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі (обострение хронического пульпита – pulpitis chronica exacerbata).
Ұлпаның
Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі (обострение хронического пульпита – pulpitis chronica exacerbata).
Ұлпаның
Ұлпа қабынуын емдеу
Ұлпа қабынуын емдеуді бастау алдында қойылатын мақсаттар:
Тіс қатты ауырып
Ұлпа қабынуын емдеу
Ұлпа қабынуын емдеуді бастау алдында қойылатын мақсаттар:
Тіс қатты ауырып
Ұлпаның қайта қалпына келу және дентин құру мүмкіндігін күшейту (ұлпаны сақтап емдеу әдісі кезінде);
Қабыну үрдісінің периодонтқа ауысуын тежеу;
Тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұлпа қабынуын емдеу әдістерін төмендегідей жүйелеуге болады:
І. Ұлпаның өміршеңдігін сақтап емдеу (метод сохранения жизнеспособности пульпы)
1. Ұлпаны толық сақтап емдеу (метод полного сохранения пульпы) немесе биологиялық (консервативтік) әдіс.
2. Ұлпаның жартылай сақтап емдеу әдісі (метод частичного сохранения пульпы) немесе консервативті-хирургиялық әдіс, кейде тірілей ампутациялау әдісі (витальная ампутация) деп атауға да болады.
ІІ. Ұлпаны алып тастап емдеу немесе хирургиялық әдістер (метод удаления пульпы
ІІ. Ұлпаны алып тастап емдеу немесе хирургиялық әдістер (метод удаления пульпы
1. ұлпаны толық алу немесе экстирпациялау әдісі (метод полного удаления пульпы или метод экстирпации пульпы). Бұл әдіс ұлпаны алу тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді:
а) ұлпаны тірілей толық алу немесе ұлпаны тірілей экстирпациялау әдіс (метод витальной экстирпации пульпы).
б) ұлпаны өліеттендіріп толық алу немесе ұлпаны өліеттендіріп экстирпациялау әдісі (метод девитальной экстирпации пульпы).
2. Ұлпаны жартылай алу әдісі немесе ұлпаны ампутациялау әдісі. Бұл әдіс те ұлпаны жартылай алу тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді.
а) ұлпаны тірілей жартылай алу немесеұлпаны тірілей ампутациялау әдісі (метод витальной ампутации).
б) ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі немесе ұлпаны өліеттендіріп ампутациялау әдісі (метод девитальной ампутации).
ІІІ. Аралас хирургиялық әдісі (смешанный хирургический метод).
Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологический, консервативный метод).
Ұлпаны толық сақтап емдеу
Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологический, консервативный метод).
Ұлпаны толық сақтап емдеу
Сонымен қатар бұл әдісті қолдануға қойылатын шектеулер де бар: емдеу әдісі жүргізілетін адамның жасы 40-тан аспауы керек, бойында созылмалы сырқаттардың болуы (гипертония, атеросклероз, қант диабеті, ревматизм, витаминдер тапшылығы), емделетін тіс төңірегіндегі пародонтта патологиялық өзгерістердің болуы, тісжегі қуысының тістің мойын бөлігінде орналасуы, тістің электрқозғыштығының 25-мка жоғары болуы, жасанды сауыттармен жабылатын, ортопедиялық конструкциялар бекітілетін тістер, ауыру сезімін басу үшін қатты тітіркендіретін дәрілерді тісжегі қуысына қойып (аспирин, спирт) пайдаланған кезде.
Ұлпаны сақтап емдеу үшін құрамында микробтарға қарсы әсер ететін, ауыруды басатын дәрілер, антибиотиктер, ферменттер, витаминдер, иммунитет реттеуші дәрілер, кортикостероидтар, кальций су тотығы бар емдік қойыртпақтар кең қолданыла бастады. Солардың ішінде кең қолданыс тапқан микробтарға, қабыну үрдісіне қарсы және одонтотропты (дентин құрушы) қасиеттері жоғары кальцийсутотығы құрамды қойыртпалар.
Әдісті орындау тәсілі. Қажет болса ұлпаны уақытша жансыздандырып алады, тісжегі қуысын
Әдісті орындау тәсілі. Қажет болса ұлпаны уақытша жансыздандырып алады, тісжегі қуысын
Тісжегі қуысын ашу және кіреуке жиегін өңдеу үшін ғана турбиналық ұштықты қолдануға болады, ал жұмсарған дентин бормашинаның 6000-10000 айналымында зарарсыздандырылған бұрғылармен (борлармен) тазаланады. Сондықтан ұлпаға жақындаған сайын пайдаланылған борларды тазасына ауыстырып отырады. Тіс ұлпасын ашу міндет емес (кездейсоқ ашылып қалмаса).
Дайын болған тісжегі қуысын физиологиялық ертіндімен немесе дистилденген сумен жуып, зарарсыздандырылған мақта анжымен кептіреді және қуыс табанына емдік төсем салып уақытша пломбы қояды. Қойылған емдік дәрілер ұлпаға тікелей (ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде, ұлпа кездейсоқ ашылған болса, сауыт ұлпасын алып тастап, түбір ұлпасын сақтаған кезде) және тікелей емес дентин арқылы әсер етеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын емдік төсемдер ұлпаны тікелей жабу үшін (для прямого покрытия пульпы) және ашылмаған ұлпаны жабу үшін (для непрямого покрытия пульпы) деп екі топқа бөлінеді.
Биологиялық әдіс бір қабылдауда немесе 2-3 қабылдауда жүргізіледі. Бір қабылдауда бұл
Биологиялық әдіс бір қабылдауда немесе 2-3 қабылдауда жүргізіледі. Бір қабылдауда бұл
Екі қабылдауда бұл әдіспен ұлпа қабынуы емделеді. Бірінші қабылдауда ұлпадағы қабыну үрдісін тежеу үшін құрамында антибиотиктер, антисептиктер, ферменттер, глюкокортикоидтар, анестетиктер бар күрделі емдік төсемдер қуыс табанына қойылып, уақытша пломбымен жабылады.
Күрделі емдік төсемдерді тісжегі қуысында ұзақ қалтыруға болмайды, себебі, белгілі уақыттан
Күрделі емдік төсемдерді тісжегі қуысында ұзақ қалтыруға болмайды, себебі, белгілі уақыттан
Ұлпадағы қабыну үрдістері тоқтағаннан кейін (белгіленген уақыт өткен соң клиникалық белгілеріне сүйене отырып), екінші қабылдауда сырқат тіске тұрақты пломбы қойылады. Алынып тасталған күрделі емдік төсемдердің орнына одонтотропты қойыртпақтар төселеді.
Құрамында кальций суоксиді бар қоспалармен қатар, коллагенді қойыртпақ, сүйек ұны, лизоцим-витаминді қойыртпақ және гиалурон қышқылының туындыларының да одонтотропты қасиеттері бар.
Егерде ауыру сезімі азайғанымен қабыну үрдісі толық басылмаған болса, екінші қабылдауда уақыты біткен емдік төсемді басқа дәрілер қоспасынан тұратын төсеммен ауыстуруға болады және тұрақты пломбы үшінші қабылдауда қойылады. Емдік төсемдер екі рет ауыстырылып емдеу жүргізілген жағдайда да ауыру сезімі мазалайтын болса, дәрігер-стоматолог басқа емдеу әдісін таңдауға мәжбүр болады.
Биологиялық емдеу әдісінің нәтижелі шығуы үшін дәрілік заттармен қатар физикалық әдістерді: азэнергиялы гелий-неон лазерінің сәулесін, азжиілікті ультрадыбысты, микротолқынмен емдеуді пайдаланған тиімді болады.
Егерде биологиялық емдеу әдісі жүргізілген тісте ешқандай ауыру сезімі болмаса, электрқозғыштығы қалпында сақталса, біраз уақыт өткеннен кейін (1-2 жыл өткен соң) тістің рентгендік суретінде түбір ұшы периодонты өзгермесе, емнің барысын нәтижелі деп санауға болады.
Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі (метод частичного сохранения пульпы или метод
Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі (метод частичного сохранения пульпы или метод
Бұл әдіс – сауыт ұлпасына қарағанда өзгеріске аз ұшырайтын, клеткалық құрылымдары аз, керісінше талшықты құрылымға бай, сондықтан өміршеңдігі жоғары түбір ұлпасын сақтауды мақсат етіп қоятын әдіс. Бұл әдіс жақсы нәтиже береді. Көптүбірлі тістердегі ұлпа қабынуын емдеу кезінде қолданған. Себебі бұл тістерде сауыт ұлпасы мен түбір ұлпасының арасында анық шекара (өзектер сағалары) бар.
Бұл әдісті қолданатын кездер: ұлпаның кездейсоқ ашылуы, ұлпаның жартылай жедел қабынуы (биологиялық әдіс нәтижесіз болған кезде) ұлпаның созылмалы жай қабынуы (тістің электрқозғыштық көрсеткіші 40 мка дейін болса).
Бұл әдістің мақсаты көбірек өзгеріске ұшырайтын, қабыну үрдісіне төзімсіз сауыт ұлпасын алып тастап, түбір ұлпасын сақтау болғандықтан (мұнда хирургиялық және биологиялық емдеу әдістерінің қағидалары бірге кездеседі) оны биологиялық-хирургиялық әдіс немесе консервативті-хирургиялық әдіс деп атауға болады.
Әдісті орындау тәсілі. Алдын-ала белгілі және тиімді ұлпаны уақытша жансыздандыру әдісін
Әдісті орындау тәсілі. Алдын-ала белгілі және тиімді ұлпаны уақытша жансыздандыру әдісін
Кейде өзек сағасы ұлпасын кесіп алмай-ақ, диатермокоагулятордың көмегімен (екі-үш секөнд уақыт
Кейде өзек сағасы ұлпасын кесіп алмай-ақ, диатермокоагулятордың көмегімен (екі-үш секөнд уақыт
Өміршеңдігі сақталған түбір ұлпасы микроорганизмдерді периодонтқа жібермейтін «қорғаныс қалқан» болып қалады.
Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі балалардың сүт және тұрақты тістерінің түбірлері сорылу кезеңінде және толық қалыптасып бітпеген жағдайларда кеңірек қолданылады.
Ұлпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері
Ұлпаны тірілей толық алу әдісі немесе виталды
Ұлпа қабынуын емдеудің хирургиялық әдістері
Ұлпаны тірілей толық алу әдісі немесе виталды
Қорыта айтқанда ұлпаны тірілей толық алу әдісі ұлпа қабынуының барлық түрлері кезінде (гематогендік, конкрементті, ретроградтық, жарақаттан қабынуын қоса) түбір өзектері жақсы өтетін тістерде қолданылады. Сонымен қатар бұл әдіс ортопедиялық және хирургиялық емдеу шараларын жүргізер алдында, пародонт қабынуы кезінде тіс ұлпасын алу қажет болған жағдайда да жүргізіледі. Бұл әдіс – ешбір асқынулар болмаса, ұлпа қабынуын бір қабылдауда емдеп бітіруге болатындығымен ұтымды.
Бұл әдістің кең қолданыла бастауына мүмкіндік тудырған – жақсы анестетиктердің (лидокоин мен тримекаиннің 2% ертінділері) және премедикациялау шараларының (тыныштандырушы дәрілердің көмегімен жүйке жүйесіне әсер ету) стоматологиялық тәжрибеге енгізілуі.
Виталды экстирпациялау әдісі
Виталды экстирпациялау әдісі
Ұлпа қабынуын ұлпаны тірілей толық алу әдісімен (виталды хирургиялық әдіс) емдеу
Ұлпа қабынуын ұлпаны тірілей толық алу әдісімен (виталды хирургиялық әдіс) емдеу
Уақытша жансыздандыру. Қажет болған жағдайда оған дейін премедикациялау шараларын қолдану;
Тісжегі қуысын түбір өзектеріне еркін енетіндей жағдай жасай отырып егеп-тазалау;
Сауыт қуысын тесу және ашу;
Сауыт ұлпасын алу (ампутациялау);
Өзек сағаларын кең ашу;
Түбір ұлпасын алу (экстирпациялау);
Түбір өзегінің ұзындығын анықтау (оны түбір ұлпасын алудан бұрын немесе алу кезінде де анықтауға болады);
Түбір өзегін ұсақ аспаптармен және дәрілер ертінділерімен өңдеу;
Түбір өзегін пломбылау;
Тіске пломбы қою.
Ұлпаның қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісі мен емдеу (девиталды хирургиялық әдіс)
Бұл
Ұлпаның қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісі мен емдеу (девиталды хирургиялық әдіс)
Бұл
Ұлпа қабынуын девиталдық хирургиялық әдіспен емдеудің қалыптасуына негіз болған 1836 жылы американ дәрігері Спунер ұсынған мышьяк ангидриді (мышьяк қышқылы). Мышьяктың көптеген қосындыларының ішінен тіндерге көбірек жергілікті әсер ететін мышьяк ангидриді (As2O3). Ол беті ашық жағдайда ауадан өзіне ылғал тартып, мышьяк қышқылына айналады (мышьяковистая кислота-acidi arsenicosi).
Ұлпаны өліеттендіріп толық алу әдісі (метод девитальной экстирпации пульпы) түбір өзектері
Ұлпаны өліеттендіріп толық алу әдісі (метод девитальной экстирпации пульпы) түбір өзектері
Бұл әдісті орындау бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Тісжегі қуысын егеп-тазалап, өліеттендіруші қойыртпақ қоюға дайындау;
Тіс қуысын тесіп, қойыртпақты қою;
Сауыт қуысын ашу, өліеттенген сауыт және түбір ұлпасын алу;
Түбір өзегін (өзектерін механикалық әдіспен және дәрілермен өңдеу);
Түбір өзегін пломбылау;
Тісжегі қуысын пломбылау.
Ұлпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі (метод девитальной ампутации пульпы).
Бұл
Ұлпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі (метод девитальной ампутации пульпы).
Бұл
Бірінші қабылдауда тісжегі қуысын тазалап, сауыт қуысын тесіп, өліеттендіруші қойыртпақ қояды. Екінші қабылдауда тісжегі қуысын толық егеп-тазалап, сауыт қуысын ашып, ұлпаны ампутациялайды, өзек сағаларын кеңейтіп, импрегнациялау болмаса электрфорездеу немесе депофорездеу әдістерін жүргізеді.