Содержание
- 2. Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын аурулардың алдын-алу. Сонымен қатар, мал
- 3. Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптауда малдардың жұқпалы ауруларын адам үшiн қауiптiлiгiне қарай үш топқа бөлуге болады: 1) Мал өнiмдерi
- 4. Малдың жұқпалы ауруларын осылайша топтау малдәрiгерлiк-санитариялық сарапшылардың аурудың бiрiншi тобына аса көңiл бөлiп, ол аурулардың таралмауына
- 5. Қой мен ешкi актиномикозбен сирек ауырады. Негiзiнен тiлi, ерiндерi, төменгi жақ сүйектерi, өкпесi зақымданады. Жылқының пiшкеннен
- 6. Ботриомикоз - (Botryomycosis) жүзiм шоғырына ұқсап, енген жерiндегi дәнекер ұлпаларын қабындырып қатайтатын, сирек кездесетiн созылмалы ауру.
- 7. Стахиоботриотоксикоз - (Stachybotryotoxicosis), stachyobotrys саңырауқұлағымен залалданған азықты жегеннен кейiн пайда болатын малдың өте жiтi ауруы. Бұл
- 8. бүйректерi мен қарын және iшектердiң сiрi қабықтарының астында т.б. ноқатты немесе жолақты қаңталау байқалады. Бас пен
- 9. Кептiрiлген түрiнде 10 жылдан артық сақталады. Сiреспенiң уыты күштiлiгi жөнiнен ботулинус уытынан кейiн екiншi орында. Сояр
- 10. Зооноздар. Паратуберкулез - (Paratuberculosis) паратуберкулез энтеритi, Йоне ауруы) - күйiстi малдардың iшiктерi қабынып, тышқақтап, тез арықтатын
- 11. Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iшектiң кiлегейлi және кiлегей асты қабықтары зақымданады. Негiзiнен мықын iшек пен аш iшек
- 12. кепкен iрiңде 6 ай, қыйда-1-1,5 ай шөп пен мекенде 18-22 тәулік, суда -6-35 тәулік, мұзда 6-80
- 13. Қарасан - (Jangraena emphysematosa, эмкар) - iрi қараның жұқпалы ауруы (негiзiнен 3 жасқа дейiн ауырады), кейде
- 14. Қан күңгiрт-қызыл түстi, ұйыған. Жүрек бұлшық еттерi божыраған, көк бауыры мен бауыры, бүйректерi ұлғайған. Кейде ағзалардың
- 15. Сояр алдындағы диагностика. Аурудың жiтi түрiнде денесiнiң ыстығы 41°С дейiн көтерiледi. Денесiн қызыл-қоңыр дақтар қаптап, қолмен
- 16. Үстiнен кебек тәрiздес немесе фиброзды жұқа қабықпен жабылған. Шошқаның обасын сальмонеллез, пастереллез сияқты жұқпалы аурулардың бактериялары
- 17. Шошқаның атрофиялық ринит - (Rhinitis atrofica suis, атрофический ринит свиней), шошқаның, әсiресе сүт еметiн торайлар мен
- 18. Санитариялық баға. Аурудың өзiне тән белгiлерi болса басын, өкпесiн утильге жiбередi. Етi азғындамаған (дегенерация) ұшаны, сондай-ақ
- 20. Скачать презентацию
Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын
Мал дәрiгерiнiң аса жауапты мiндетi – тағамдық өнiмдер арқылы адамға жұғатын
Жұқпалы аурумен ауырған мал ұшасы мен ағзаларын малдәрiгерлiк-санитариялық сараптан өткiзгенде, мал дәрiгерi оның сояр алдындағы және сойғаннан кейiнгi балауының ерекшелiктерiне көңiл аударады, малдәрiгерлiк-санитариялық сарапты үлкен ұқыптылықпен жүргiзiп, алынған өнiмдерге тиiстi баға беруі керек.
Лажсыздан сойылған мал ұшасы мен ағзаларындағы патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi тиянақты тексеруi қажет. Сойылған мал ұшасындағы өзгерiстер аурудан өлген мал тәнiндегi өзгерiстермен салыстырғанда әлде қайда көмескi болады, тiптi байқалмауы да мүмкiн. Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптау аса жауапты жұмыс, тағамға пайдалануға болмайтын ауру малдың етiн жеп адам ауруға шалдықса, мал дәрiгерi заң алдында жауап бередi. Осы ретте С.С.Евсеенконың 1884ж. «Адам медицинасы адамды қорғаса, ветеринариялық медицина адамзатты сақтайды» деген өлмес сөзiн еске алғанымыз орынды деп ойлаймыз.
Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптауда малдардың жұқпалы ауруларын адам үшiн қауiптiлiгiне қарай үш топқа
Малдәрiгерлiк-санитариялық сараптауда малдардың жұқпалы ауруларын адам үшiн қауiптiлiгiне қарай үш топқа
1) Мал өнiмдерi (сүт, ет т.б.) арқылы жұғатын індетті аурулар. Оған топалаң, туберкулез, бруцеллез, аусыл, құтырық, қатерлi iсiк, қойдың жыбырлағы (брадзот), энтеротоксемиясы (секіртпе), қозының анаэробты дизентериясы, Ауески ауруы, шошқа тұмауы, жылқының iндеттi қан аздығы, Ку-қызбасы, лейкоз, сары ауру, листериоз, мелиоидоз (жалған маңқа), некробактериоз, күл, псевдотуберкулез, шошқа тiлмесi, маңқа, тулеремия, хламидиоз, түйе обасы, эпизоотиялық лимфангит (африка маңқасы, ботриомикоз), фузариотоксикоз, малдың хламидиозды іш тастауы жатады.
2) Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар (боғлама ботриомикоз, стахиоботриотоксикоз, сiреспе).
3) Адам ауырмайтын зооноздар, күлдiреуiктi ауру, вирустiк диарея, шошқаның күлдiреуiктi экзантемасы, шошқаның дизентериясы, диплококк септицемиясы, қатерлi катаралдық қызба, қой мен ешкiнiң iндеттi агалактиясы, шошқаның атрофиялық ринитi, ешкiнiң кебенегi, iрi қараның iндеттi ринотрахейтi, колибактериоз, сақау, iсiк ауру (колиэнтеротоксемия), парагрипп-3 (көлiк қызбасы), паратуберкулез, пастереллез (геморрагиялық септицемия), iрi қара малдың ала өкпесi (перипневмония), стрептококкоз, iрi қараның обасы, шошқа обасы, қарасан, жылқының ринопневмониясы (вирустiк iш тастау), эпизодтық пневмония, шошқаның эпизодтық энцефаломиелитi (Тешен ауруы), шошқаның жыбырлағы (аэробты дизентерия), жылқының делбесi.
Малдың жұқпалы ауруларын осылайша топтау малдәрiгерлiк-санитариялық сарапшылардың аурудың бiрiншi тобына аса
Малдың жұқпалы ауруларын осылайша топтау малдәрiгерлiк-санитариялық сарапшылардың аурудың бiрiншi тобына аса
Мал өнiмдерi арқылы адамға жұқпайтын антропозооноздар.
Боғлама - (Actinomycosis, актиномикоз). Көбiнесе iрi қара, сиректеу шошқа, қой және жылқыда кездесiп, әр түрлi ұлпалар мен ағзаларда гранулемотоздық ошақтар түзетiн полимикробты созылмалы ауру. Боғламамен адам да ауырады, бұл ауру малдың етi немесе ағзалары арқылы жұқпайды. Аурудың қоздырушысы - Actinomyces bovis дейтiн сәулелi саңырауқұлақ, ол жiңiшке жiп тәрiздес және микрокок түрiнде өседi. 75°С ыстықта қыздырғанда 5 мин, ал қайнатқанда лезде өледi. Кептiру мен суыққа төзiмдi.
Сояр алдындағы диагностика. Актиномиком шоғырланған жерден әр түрлi көлемдегi шар тәрiздi немесе түйiртпек iсiктер табылады. Iрi қара малда зақымдану көбiнесе тiлдiң түбiнде, сиректеу бас терiсi мен мойын терiсiнiң астында, екi жақ сүйектiң арасында, жұтқыншақта, өңеште, кеуде және құрсақ ағзаларында кездеседi. Iрi қара малдың жақ сүйектерi де зақымданады, олардың көлемi ұлғаяды да, бұдырмақтанады және қатаяды да iрiндi жара шығады. Шошқаның желiнi, көмекей безi, жақ сүйектерi, тiлi және кеуденiң жеке сүйектерi зақымданады.
Қой мен ешкi актиномикозбен сирек ауырады. Негiзiнен тiлi, ерiндерi, төменгi жақ
Қой мен ешкi актиномикозбен сирек ауырады. Негiзiнен тiлi, ерiндерi, төменгi жақ
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Актиномикомдарды тiлгенде iшi iрiңге толы кеуектi өлiеттi көруге болады. Кесiндiнiң үстiңгi жағы көтерiлiп, қысқан кезде сызылып пышаққа жұқпайтын жағымсыз иiстi. Iрiңнiң iшiнде, сары түстi түйiршiктер - аурудың қоздырушысы көрiнедi. Бауыры, өкпелерi және басқа ағзалары зақымданғанда iшi iрiңге толы, қолмен басса былқылдап тұрған көлемдi ошақтарды кездестiруге болады.
Санитариялық баға. Актиномикозбен бастың ғана лимфа түйiндерi зақымданса, оларды алып тастайды да өзiн шектеусiз шығарады. Ал, бастың сүйектерi мен еттерi зақымданса, басты техникалық өңдеуге жiбередi. Актиномикозбен шамалы залалданған iшкi ағзаларының зақымданған жерiн алып тастағаннан кейiн шығарады: ал iшкi ағзалары мен тiлi көлемдi зақымданса, оларды түгелiмен техникалық өңдеуге жiбередi. Сүйектерi, ағзалары мен еттерi (өте сирек кездеседi) зақымданып, өрiс алған актиномикозда, ұша мен барлық ағзалары техникалық утилизацияға жiберiледi.
Ботриомикоз - (Botryomycosis) жүзiм шоғырына ұқсап, енген жерiндегi дәнекер ұлпаларын қабындырып
Ботриомикоз - (Botryomycosis) жүзiм шоғырына ұқсап, енген жерiндегi дәнекер ұлпаларын қабындырып
Сояр алдындағы диагностика. Алғашқысында қоздырушысы енген жерде қатты, өскелең iсiк байқалады, кейiннен ол жарылып ауызы ашылады да, одан қызыл қоңыр немесе қызғылт сары түстi, iшiнде саңырауқұлақ бар, қою iрiң ағады. Патологиялық өзгерiстерi негiзiнен дененiң жарақаттанған жерлерiнде (шоқтық, төс, аяқтарының буындары, пiшiлген малдың ен бауы, кейде, бауыр жағы, желiнi) кездеседi. Аймақтық лимфа түйiндерi ұлғайған, қатты, бұдырлау.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ботриомикоманы кесiп қарағанда ақ-сары, қызыл немесе солғын қызыл түстi қоймалжың массаны көруге болады. Ескi iсiктерде кiлегейлi iрiңге толы тесiктер байқалады. Аурудың асқынған түрiнде өкпе, бауыр, жүрек т.б. iшкi ағзаларының зақымдануы мүмкiн.
Санитариялық баға. Ботриомиком табылғанда, ұшаның зақымданған жерiн алып тастайды да, қалғанын шектеусiз шығарады. Егер, ауру бүкiл денесiн жайлап кетсе (ошарланған), ұша мен ағзаларын техникалық өңдеуге жiбередi.
Стахиоботриотоксикоз - (Stachybotryotoxicosis), stachyobotrys саңырауқұлағымен залалданған азықты жегеннен кейiн пайда болатын
Стахиоботриотоксикоз - (Stachybotryotoxicosis), stachyobotrys саңырауқұлағымен залалданған азықты жегеннен кейiн пайда болатын
Сояр алдындағы диагностика. Алғашқыда ерiндерi мен аузының кiлегейлi қабықтары зақымданып ерiндерi жарылады, iседi, кейiннен өлiеттенедi (некроз) зақымданған жердiң терiсi түседi, аузынан сасық иiс шығады, сiлекей ағады. Тұмсықтың төменгi жағы iсiнедi. Бастың лимфа түйiндерi үлкейедi, Ұстап көргенде ауырсынады, кейiннен iшек-қарын зақымданады, дене қызуы 40-42°С дейiн көтерiледi. Буаз малдың iш тастауы ықтимал.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ауыз, ерiн, қарын мен iшектердiң кiлегей қабықтарында некроз ошақтары байқалады. Ұшаның алдыңғы жақ бөлiгiнiң еттерiнде, плеврасында, диафрагманың сiрi қабығының астында, көк бауырдың қабығының астында және
бүйректерi мен қарын және iшектердiң сiрi қабықтарының астында т.б. ноқатты немесе
бүйректерi мен қарын және iшектердiң сiрi қабықтарының астында т.б. ноқатты немесе
Санитариялық баға. Некроз ошағы бар ұша мен ағзаларды утильге жiбередi. Патологиялық-анатомиялық өзгерiстер болмаса, бактериологиялық тексерiсте сальмонеллалар табылмаса, ұшаны бас сирақтарымен тежеусiз пайдалануға шығарады да, ағзаларын утильге жiбередi.
Сiреспе - (Tetanus, столбняк). Дененiң бүкiл еттерi немесе жеке еттерi қоздырушы уытының әсерiнен тырысып қалатын, жарақатты инфекция. Ауру ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлерiн және адамды зақымдайды. Табиғи жағдайда көбiнесе жылқы мен қой ауырады. Қоздырушысы - Clostridium tetani - жiңiшке, қозғалатын таяқша, анаэробтық жағдайда өседi, сопақша спора түзедi, ол таяқшаның бiр шетiнде орналасып барабан таяқшасы тәрiздес көрiнедi. Граммен боялады. Қоздырушының вегетативтiк формасы 5 мин қайнатқанда өлсе, спорасы 30-50 мин қайнатқанға шыдайды, ал 115°С 5 мин өлтiредi. Топырақта, қида бiрнеше жыл сақталады.
Кептiрiлген түрiнде 10 жылдан артық сақталады. Сiреспенiң уыты күштiлiгi жөнiнен ботулинус
Кептiрiлген түрiнде 10 жылдан артық сақталады. Сiреспенiң уыты күштiлiгi жөнiнен ботулинус
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал еттерi ширығып, тыртысып қатып қалады. Жылқы аяқтарын талтайтып, басын созып тұрады орнынан әзер қозғалады, ауызы құрысып,ерiндерi тартылған. Бұлшық еттерi тартылған және қатты. Мал қатты терлейдi, iшi қабысады дене қызуы қалыпты жағдайда, тек өлер алдында 42-43°С дейiн көтерiледi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Сiрiспеге тән өзiндiк патологиялық-анатомиялық өзгерiстер байқалмайды. Етiнiң түсi пiскен етке ұқсайды, талшықтары үзiлген, ойдым-ойдым ұсақ қан құйылу байқалады. Бүйректерi мен бауырында кейде азғынды өзгерiстер байқалады, ал плеврасы мен эпикард үстерiне қан құйылған. Әдетте ауруға диагнозды, сояр алдындағы белгiлерiне қарап қояды, ал керек болған жағдайда зертханалық тексерiстер жүргiзедi.
Санитариялық баға. Ұшасы мен басқа сойыс өнiмдерiн утильге жiбередi немесе жояды.
Зооноздар.
Паратуберкулез - (Paratuberculosis) паратуберкулез энтеритi, Йоне ауруы) - күйiстi малдардың
Зооноздар.
Паратуберкулез - (Paratuberculosis) паратуберкулез энтеритi, Йоне ауруы) - күйiстi малдардың
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал тышқақтайды, қатты күшенедi, осыған орай омыртқалары доғаға ұқсап, бүкшиiп, сұйық нәжiс атылады. Көтеншектiң жапқышы (сфинктр) жансызданып, нәжiс ерiксiз шыға бередi. Нәжiсi сұйық, жасыл-сары немесе қоңыр түстi, газ көпiршiгi, шырыш қанның iзi бар, иiсi өте жағымсыз. Жүрек жұмысының нашарлануына орай жақ сүйектерiнiң аралығы, омырауда, бауыр жағында және желiн үстiнде iсiктер байқалады. Қойдың паратуберкулезi көпшiлiк жағдайда жасырын түрде өтедi. Ауру малдарда iрi қара мал паратуберкулезiндегiдей белгiлер байқалады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iшектiң кiлегейлi және кiлегей асты қабықтары зақымданады. Негiзiнен
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iшектiң кiлегейлi және кiлегей асты қабықтары зақымданады. Негiзiнен
Санитариялық баға. Iшектерi, шажырақай лимфа түйiндерi, көмекей, екi жақ сүйектерiнiң арасында патологиялық өзгерiстер табылса, оларды техникалық утильге жiбередi, Ұшасы мен ағзаларын тежеусiз шығарады. Ұша арық, iсiктi және ылғалды болса оны ағзаларымен бiрге утильге жiбередi.Терiсiн тежеусiз шығарады.
Сақау - (Adenitis equorum, мыт). Бұл сыңар тұяқтылардың ауруы, әсiресе құлын мен жабағылар ауруға жиi шалдығады. Денесiнiң қызуы көтерiледi, танауы мен жұтқыншақ кiлегейлi қабықтары қабынады, алқым бездерi iрiндеп, iсiнедi. Қоздырушысы бiрнеше уыттар (гемолозин, лейкоцидин) т.б. шығаратын шар пiшiндi микробтар - Streptococcus equi. Сақаудың стрептококы сыртқы ортаның әсерiне бiршама төзiмдi. 70-75°С қызу 1 сағ өлтiредi, қайнатқанда -лезде, күн сәулесi 6-8 сағ кейiн өлтiредi,
кепкен iрiңде 6 ай, қыйда-1-1,5 ай шөп пен мекенде 18-22 тәулік,
кепкен iрiңде 6 ай, қыйда-1-1,5 ай шөп пен мекенде 18-22 тәулік,
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Алқым жұтқыншақ лимфа түйiндерi iрiнді лимфаденит. Кейде осындай iрiндi ошақты басқа да лимфа түйіндерінен, кеуде мен құрсақ ағзаларынан, желiнен де табады.
Санитариялық баға. Сақау ауруында малдың басы мен ағзаларын утильге жiбередi, ал ұшасы бактериологиялық тексерiсте сальмонелла мен сақаудың қоздырғышы болмаса тежеусiз шығарады. Ал ұшадан сальмонелла немесе сақау стрептококi табылған жағдайда пiсiру арқылы залалсыздандырылады.
Қарасан - (Jangraena emphysematosa, эмкар) - iрi қараның жұқпалы ауруы (негiзiнен
Қарасан - (Jangraena emphysematosa, эмкар) - iрi қараның жұқпалы ауруы (негiзiнен
Сояр алдындағы диагностика. Газ көпiршiктерiнiң жиналуына орай сан, иық, мойын немесе жон еттерi күмпиiп iседi, сипап басқан кезде сықырлаған дыбыс шығады.
Тiлi мен көкеті (диафрагма) зақымданған кезде - демалысы қиындап, аузынан шұбырып сiлекей ағады. Қызуы 40-41°С дейiн көтерiледi. Зақымданған бұлшық еттердiң тұсындағы терiсiнiң үстiңгi жағы қарайып кетедi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Зақымданған бұлшық еттердi тiлгенде iшiнен көпiршiген, ашыған май иiстi, газды сұйық шығады. Лимфа түйiндерi ұлғайған, ұлпасына қан құйылған. Тiлi, жұтқыншақ, көмекей iсiңкi келедi.
Қан күңгiрт-қызыл түстi, ұйыған. Жүрек бұлшық еттерi божыраған, көк бауыры мен
Қан күңгiрт-қызыл түстi, ұйыған. Жүрек бұлшық еттерi божыраған, көк бауыры мен
Санитариялық баға. Ауру малдан алынған барлық сойыс өнімдері өртеледі.
Шошқаның обасы - (Pestis suum, чума свиней). Барлық жастағы шошқаның жұқпалы ауруы. Қоздырушысы - РНК-лы вирус. Ол ауру малдың түрлi ағзалары мен ұлпаларында (ет, қан, iшкi ағзалар, лимфа түйiндерi, етi т.б.) зақымдайды. Салқындатылған шошқа етiнде 7 ай, тұздалғанында 3 айға дейiн сақталады. 78°С ыстықтықта бiр сағаттың iшiнде өледi. Кептiрiлген етте 20 тәулiкке дейiн өмiр сүредi. Қыйда, өлекседе 3-5 күннен кейiн өледi. 1-2% күйдіргіш натрий, 5% әк, 5% натрий хлориды 1 сағ өлтіреді.
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың жiтi түрiнде денесiнiң ыстығы 41°С дейiн көтерiледi.
Сояр алдындағы диагностика. Аурудың жiтi түрiнде денесiнiң ыстығы 41°С дейiн көтерiледi.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Обамен ауырған шошқаның ұшасы нашар қансызданады. Қаңқа еттерi болбыр, арасына қанды-сары инфильтрат сiңген. Терiсiнiң үстiнде iрiлi уақты қызыл дақтары бар. Тыныс жолдарының кiлегей қабықтары қанталаған, iсiңкi, бронхтары қабынған. Кiлегей және сiрi қабықтарында, лимфа түйiндерiнде, iшкi ағзаларында қан құйылғаны байқалады. Жүрек етi болбыр, сұр-қызыл түстi. Көк бауыры өзгермегенмен көпшiлiк жағдайда геморрагиялық инфильтрат кездеседi. Бауыры болбыр. Лимфа түйiндерi ұлғайған, қатты, тiлгенде мәрмәр-қызыл түстi. Бүйректiң қабығының астына қан құйылған, құрсақ қуысының кiлегей қабықтары iсiңкi, қызарған. Бүйен мен тік iшектiң шырышты қабықтары iсiңкi, қызарған және дифтериялық некроз ошақтары (бутондары) бар.
Үстiнен кебек тәрiздес немесе фиброзды жұқа қабықпен жабылған. Шошқаның обасын сальмонеллез,
Үстiнен кебек тәрiздес немесе фиброзды жұқа қабықпен жабылған. Шошқаның обасын сальмонеллез,
Санитариялық баға. Сезімдік көрсеткiштерi нашар, етiнiң түсi бозғылт-сары, қан құйылған, ет және дәнекер ұлпаларында инфильтрат жиналған және басқа дистрофиялық үрдістердiң белгiсi болса, ұша мен ағзаларды утильге жiбередi. Өзгерiссiз ұша мен ағзаларды бактериологиялық әдiспен сальмонеллаға тексередi. Егер сальмонелла табылмаса, ондай ұшаны пiсiрген және ысталып-пiсiрген шұжық дайындауға немесе қайнатып пiсiруге жiбередi. Ал, ет пен ағзалардан сальмонелла табылған жағдайда ағзаларды утильге жiбередi, етiн пiсiрiп зарарсыздандырады немесе ет нанын және ет консервiлерiн дайындауға жiбередi. Обаға қарсы егiлген шошқаның дене қызуы көтерiлген болса немесе сойғаннан кейiн обаға тән патологиялық-анатомиялық өзгерiстер табылса, оған берiлетiн санитариялық баға обамен ауырған шошқанiкiндей. Ауру шошқаның терiсiн сыпырмай ыстық сумен жидiтедi немесе үйiтедi. Ал, терiсi сыпырыла қалса, тиiстi ережеге сай залалсыздандырады.
Шошқаның атрофиялық ринит - (Rhinitis atrofica suis, атрофический ринит свиней), шошқаның,
Шошқаның атрофиялық ринит - (Rhinitis atrofica suis, атрофический ринит свиней), шошқаның,
Сояр алдындағы диагностика. Ауруға шалдыққан торайлар түшкiредi, тұмсығымен айналадағы заттарды түрткiлейдi, танауынан қою маңқа ағады, оған кейiннен iрiң қосылады. Дене қызуы 40,5°С дейiн көтерiледi, iшi өтедi, танау терiсi жиырылып, астыңғы ерiнi шығыңқырап, азық жеуiне кедергi жасайды. Бас сүйегiнiң маңдай жағы семедi, тұмсығы қисаяды. Ауру торайлар азады. Ересек торайлардың кеңсiрiгi қатты қышып, мазасы кетедi, айналасындағы заттарға тұмсығын үйкейдi, жиi-жиi пысқырады. Жұқпалы атрофиялық ринит бронхопневмония, пневмнония, менингоэнцефалит және жалпы қағындыға айналып малды өлiмге ұшыратады.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Аурудың бастапқы кезеңiнде оған тән патологиялық-анатомиялық өзгерiстердi табу өте қиын. Ұзынан бөлiнген бастан жiтi риниттiң белгiлерiн көруге болады. Ал, ересек торайлардан аурудың жiтiлеу немесе созылмалы түрлерiнiң белгiлерi байқалады. Демек, кеңсiрiк пен торлы сүйек қуысының (лабиринт) семгенiнен, үстiңгi және астыңғы тiстерi қауыспайды. Бастың лимфа түйiндерi ұлғайған. Құлағы зақымданған.
Санитариялық баға. Аурудың өзiне тән белгiлерi болса басын, өкпесiн утильге жiбередi.
Санитариялық баға. Аурудың өзiне тән белгiлерi болса басын, өкпесiн утильге жiбередi.
Колибактериоз - (Colibacteriosis). Төлдiң барлық түрлерiнiң (бұзау, құлын, қозы мен торай) және құс балапандарының жiтi жұқпалы ауруы. Жылдың барлық мезгiлiнде кездеседi. Бұл аурудың шығуы малдың (құстың) алғашқы уақыттағы күтiмiмен және азықтандырудың нашарлығымен т.б. себептермен байланысты.
Қоздырушысы - Escherihia coli, iшек таяқшаларының ауру туғызатын (зардапты) түрлерi. Спора түзбейдi, граммен боялмайды, қозғалатын және қозғалмайтын түрлерi бар. Нәжiс және шырышта 30 тәулiк, су iшiнде бiрнеше айға дейiн сақталады. 74-76°С қыздырғанда 30 секундта өледi, ал құстың саңырағында 7-8 айға дейiн сақталады.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал тышқақтайды, уланып денесiнде су балансы бұзылады. Аурудың әлi кетедi, есiнен танады, қағынды тиедi, дене қызуы 41,5-42°С дейiн көтерiледi, тамыр соғысы мен демалысы жиiленедi, ауыз, көз, тұмсық кiлегей қабықтары қанталайды, еттерi дiрiлдейдi және семе бастайды. Ауру көпшiлiк жағдайда малдың өлуiмен аяқталады.