Кәріліктің белгілерінің ішінде, әсіресе, көзге түсетіндері, қозғалыс жаттықтылығының төмендеуі, сыртқы келбетінің
өзгерісі, тері серпімділігінің, дене салмағының төмендеуі, бұлшық еттердің серпімділігі мен шымырлығының өзгерісі, бетте және дененің басқа бөліктерінде әжімдердің пайда болуы, тістердің түсуі жатады.
Организмнің қартаю табиғатын түсіну ертеде пайда болды. Ежелгі Грецияда Гиппократ кәрілік шамадан тыс қоректену, таза ауада жеткілікті болмаумен байланысты деп санайды. Аристотель болса, кәрілікті организмдердің жылу энергиясының шығындалуымен байланысты деп санаған. Қоректі кәріліктің факторы ретінде Гален де айтқан. Бірақ ұзақ уақыт бойы мұндай мәселені обьективті тұрғыда түсіну үшін мәліметтер жеткіліксіз болды. Тек XIX ғасырда кәрілікті зерттеуде айтарлықтай алға жылжу байқалды, кәріліктің теориялары қалыптаса бастады.