Психиатриядағы емдеу әдістері

Содержание

Слайд 2

Орындаған:Сәрсенбекова М Қабылдаған:Манахаев Б Тобы: ЖМК-507 Шымкент-2015ж Психиатриядағы емдеу әдістері

Орындаған:Сәрсенбекова М
Қабылдаған:Манахаев Б
Тобы: ЖМК-507

Шымкент-2015ж

Психиатриядағы емдеу әдістері

Слайд 3

1. Нейролептиктер 2. Антидепрессанттар 3. Транквилизаторлар 4. Психостимуляторлар мен психодизлептиктер 5. Нормотимиктер мен ноотроптар Жоспар

1. Нейролептиктер
2. Антидепрессанттар
3. Транквилизаторлар
4. Психостимуляторлар мен психодизлептиктер
5. Нормотимиктер мен ноотроптар

Жоспар

Слайд 4

Психотропты заттардың көп түрлілігіне қарамастан оларды 5 топқа топтастырамыз: -Нейролептиктер -Антидепрессанттар

Психотропты заттардың көп түрлілігіне қарамастан оларды 5 топқа топтастырамыз:
-Нейролептиктер

-Антидепрессанттар
-Транквилизаторлар
-Психостимуляторлар мен психодизлептиктер
-Нормотимиктер мен ноотроптар
Слайд 5

Нейролептиктер әсерінің ең маңызды нәтижесі антипсихотикалық эффект болып табылады.Бұл эффект қозу,

Нейролептиктер әсерінің ең маңызды нәтижесі антипсихотикалық эффект болып табылады.Бұл эффект

қозу, мазасыздық жағдайын, эмоционалды күйзелісті басу және таңдамалы түрде сандырақ, галлюцинация, кататониялық және психоздың т.б көріністерін әсерімен көрінетін препараттың жалпы седативті әсері арқылы қол жеткізіледі.
Слайд 6

Нейролептиктер: -Тежеуші -Антипсихотикалық -Ұзақ әсер ететін пролонгтар

Нейролептиктер:
-Тежеуші
-Антипсихотикалық
-Ұзақ әсер ететін пролонгтар

Слайд 7

1.Тежеуші нейролептиктер: -Аминазин-жіті психомоторлық қозуда, елестеушілік, сандырақ, маниакальды синдромдарда антипсихотикалық әсер

1.Тежеуші нейролептиктер:
-Аминазин-жіті психомоторлық қозуда, елестеушілік, сандырақ, маниакальды синдромдарда антипсихотикалық әсер

етеді. Аминазинді ауыз арқылы және бұлшықет пен веналарға тәулігіне 25-500 мг-нан 400-600 мг дейін жібереді. Депрессияда беруге болмайды.
-Тизерцин(нозинан)-седативті әсері бойынша аминазиннен асып түседі, терең ұйықтатады. Ол әртүрлі қозуларды жинақтайды, сондықтан абыржу депрессиясында қолдануға болады. Дозалары аминазин сияқты.
-Сонапакс-седативті және жеңіл антидепрессивті әсер етеді. Невроздарда,невроз тәрізді жағдайларда қолданып, үрейді, абыржуды, мазасыздануды азайтады. Тәулігіне 25-50 мг-нан 300 мг дейін беріледі.
Слайд 8

Слайд 9

Слайд 10

2. Антипсихотикалық әсерлі нейролептиктер: -Мажептил-күшті антипсихотикалық әсері бар. Шизофренияның ауыр, қатерлі

2. Антипсихотикалық әсерлі нейролептиктер:
-Мажептил-күшті антипсихотикалық әсері бар. Шизофренияның ауыр, қатерлі

түрлерінде, әсіресе кататониялық, сандырақ,елестеушілік бұзылуларда қолданылады. Аз мөлшерде ступорда тежелуді жояды. Емдеу кезінде экстрапрамидтік бұзылулар жиі болады.Дозасы тәулігіне 3-5 мг-нан 60-80 мг-ға дейін.
-Трифтазин(телазин)-айқын антипсихотикалық әсері бар. Сандырақ елестеушілік,невроз тәрізді, психопатия тәрізді апатоабулиялық бұзылуларда қолданылады. Дозасы тәулігіне 5-10 мг-нан 60-80 мг-ға дейін.
-Галаперидол-елестеушілік пен сандыраққа трифтазинге қарағанда күшті, белсенділік әсері бар. Экстрапирамидті бұзылулар жиі болады. Дозасы тәулігіне 1,5-3 мг-нан 30-60 мн-ға дейін.
Слайд 11

-Триседил-күшті антипсихотикалық зат. Онда галаперидол мен мажептилдің қасиеттері бар. Жүйелі сандырақ

-Триседил-күшті антипсихотикалық зат. Онда галаперидол мен мажептилдің қасиеттері бар. Жүйелі сандырақ

синдромдарда қолданылады,кататониялық пен гефебрениялық қозуларды жинақтайды. Дозасы тәулігіне 10-15 мг.
-Этаперизин-трифтазинге ұқсас,елестеушілік сандырақ ступорозда және басқа жағдайларда қолданылады. Тәулігіне 5-10 мг-нан 50-80 мг дейін беріледі
Слайд 12

3. Ұзақ уақыт әсер ететін пролонгтар: Бұл топтағы препараттардың әсері ұзақ

3. Ұзақ уақыт әсер ететін пролонгтар:
Бұл топтағы препараттардың әсері

ұзақ мерзімге созылады(2-4аптаға дейін). Олар Шизофренияда қолданылады.Бұл препараттар антипсихотикалық және седативті әсер етеді және ауру қайталамайды.Бұларға мына препараттар жатады:
-Модитен-депо. Ампулада 1мл 2,5% майлы ерітінді ретінде шығарылады. 1-2 мл(25-30мг) бұлшықетке жіберіледі,препарат дозасы 75-125 мг-ға дейін қосылып,инъекция 10-14 күнде 1 рет жасалады.
-Флушпирилен-7 күннің ішінде 1 рет бұлшықетке 5-10 мг-нан жіберіледі.
-Семап-7 күнде 1 рет 20 дан 100 мг-ға дейін ішуге болады.
-Пимозид(орап)-2-10мг-ға дейін таблетка ретінде тәулігіне 1 рет ішуге болады. Антипсихотикалық және белсенділік әсері бар,бірақ седативті әсері жоқ.
Слайд 13

Слайд 14

Нейролептиктер тағайындауға негізгі көрсеткіштер

Нейролептиктер тағайындауға негізгі көрсеткіштер

Слайд 15

Слайд 16

Антидепрессанттардың тағайындауға басты көрсеткіш әртүрлі этиологиялы көңіл-күйдің тұрақты төмендеуі болып табылады.

Антидепрессанттардың тағайындауға басты көрсеткіш әртүрлі этиологиялы көңіл-күйдің тұрақты төмендеуі болып

табылады.
Слайд 17

Антидепрессанттардың негізгі класстары

Антидепрессанттардың негізгі класстары

Слайд 18

Слайд 19

1. Дем беруші антидепрессанттар -Мелипрамин - тежелу қасиеті бар таза депрессия

1. Дем беруші антидепрессанттар
-Мелипрамин - тежелу қасиеті бар таза

депрессия деп аталатын ауруды емдеуге қолданылады. Күннің бірінші жартысында 25-30 мг препарат беру керек.Кешке берілсе ұйқы бұзылады. Сандырақ, елестеушілік кезінде мелипрамин басқа препараттармен қатарласа беріледі.
Слайд 20

Слайд 21

2. Седативті антидепрессанттар -Амитриптилин-антидепрессивті және седативті әрекет жасайды.Абыржу депрессияларында және сандырақ

2. Седативті антидепрессанттар
-Амитриптилин-антидепрессивті және седативті әрекет жасайды.Абыржу депрессияларында және

сандырақ пен елестеушілік қосақталса қолданылады(нейролептиктермен қоса беріледі)Дозасы тәулігіне 25-50мг-нан 150-300 мг-ға дейін бұлшықетке жіберуге немесе ауыз арқылы беріледі.
-Фторацизин-жай антидепрессивті және айқынды седативті әрекеті бар.Дозасы тәулігіне 50-75 мг-нан 300мг-ға дейін.
Пиразидол-кең әрекетті антидепрессант.Дозасы тәулігіне 25-50мг-нан 300мг-ға дейін.
Слайд 22

3. Моноаминооксидазаның ингибиторлары Бұған Ипразид пен Нуредал жатады.Бұлар дем беруші әрекеті

3. Моноаминооксидазаның ингибиторлары
Бұған Ипразид пен Нуредал жатады.Бұлар дем беруші әрекеті

бар антидепрессанттар,3 циклды топтағы антидепрессанттармен және азық түліктермен (сыр, кофе ,бұршақ, шарап, шоколад) бірге беруге болмайтындықтан психиатриялық тәжрибеде сирек қолданылады.
Дем беруші заттар(стимулянттар).Бұлар невроздарда,невроз тәрізді жағдайларда, енжарлықта, қалжырағанда қолданылады. Бұған жататындар Сиднокарб тәулігіне 5тен-60мг дейін беріледі. Сиднофен сиднокарбқа қарағанда жұмсақ. Дозасы тәулігіне 5-10; 60-80мг.
Слайд 23

Антидепрессанттардың психотропты белсенділік спектрі олардың негізгі қасиеттерінің қосылысы арқылы құралады: тимоаналептикалық

Антидепрессанттардың психотропты белсенділік спектрі олардың негізгі қасиеттерінің қосылысы арқылы құралады:

тимоаналептикалық әсері, ынталандырушы және седативті әсерлері.
Тимоаналептикалық әсері депрессивті сипмтоматиканың редукциясымен көрініс береді: мұңды көңіл-күй, депрессивті сандырақ, психикалық анестезия және де депрессияның соматикалық көріністерінің-іш қату, тәбет төмендеуі.
Антидепрессанттардың ынталандырушы эффекті тежелудің азаюы, сергектіктің пайда болуы, әрекетке талпыныстың пайда болуы арқылы көрінсе, седативті әсері-үрей, мазасыздық, қорқыныш азаюымен, ұйқының реттелуімен көрінеді.
Слайд 24

Транквилизаторлар (анксиолитиктер)-анксиолитикалық әсер деп осы топ препараттарының үрей, ішкі кернеліс, мазасыздықты тиімді басу қабілетін түсінеміз.

Транквилизаторлар (анксиолитиктер)-анксиолитикалық әсер деп осы топ препараттарының үрей, ішкі кернеліс,

мазасыздықты тиімді басу қабілетін түсінеміз.
Слайд 25

Слайд 26

Транквилизаторлар транквилизаторлық әсерінің күші және басқа эффектілері бойынша ерекшеленеді. Ең белсенді

Транквилизаторлар транквилизаторлық әсерінің күші және басқа эффектілері бойынша ерекшеленеді. Ең

белсенді әсер көрсететіндері-Феназепам, Лоразепам,олардың транквилизаторлық және седативті әсері антипсихотикалық дәрежеге дейін жетеді;әсерінің басқа да эффектілері айтарлықтай айқын. Күші бойынша бұл препараттардан тазепам, элениум,рудотель және басқа препараттар төмен түседі. Триоксазиннің миорелаксациялық әсері жоқ белсендіру әсері күштірек,сондықтан ол күндізгі тыныштандыратын зат ретінде қолданылады. Грандаксиннің белсендіруші әсерінің күштілігі соншалық,ол өзі қозу мен ұйқысыздық шақыруға қабілетті. Нитразепамның ұйықтату әсері күшті болса, Клоназепамның-тырысуға қарсы әсері басым.
Слайд 27

Транквилизаторлар

Транквилизаторлар

Слайд 28

Слайд 29

Транквилизаторлар негізінен невроздарды, невроз тәрізді жағдайларды емдеуге қолданылады.Негізінен седативті және тежеу

Транквилизаторлар негізінен невроздарды, невроз тәрізді жағдайларды емдеуге қолданылады.Негізінен седативті және

тежеу әсері барларға ти-мостабилизаторларға литий тұздары жатады. Олар Маниакалды қозуды және депрессияны шектеу үшін және аурудың алдын алу үшін қолданылады (Маниакальды-депрессивті психоз,Шизофрения). Литий тұздарын ішуге, бұлшықетке және венаға жіберуге болады. Дозасы тәулігіне 300-400мг-нан 1500-2500 мг-ға дейін. Дәрі бірнеше ай бойы беріледі. Қандағы литий мөлшерін бақылау қажет. Оның мөлшері 0,6-0,8 ммоль ден аспау керек.
Слайд 30

Психостимуляторлар Психостимуляторларды қабылдау астенизациямен бірге жүретін құбылыстарды аластатады яғни шаршау сезімі

Психостимуляторлар
Психостимуляторларды қабылдау астенизациямен бірге жүретін құбылыстарды аластатады яғни шаршау

сезімі әлсіздік, гиподинамия, ұйқы және демалыс кезіндегі тершеңдік. Психостимуляторлар әсері нәтижесінде моторлы белсенділіктің көтерілуі,интеллектуальды үрдістердің жеңілдеуі,кейде эйфория көрінеді. Психикалық науқастарда бұл препараттарды қолданудан біраз уақыттан соң кейде бірден продуктивті психопаталогиялық симптоматика өршуі байқалады,үрей, мазасыздық, тітіркенгіштік, ұйқы бұзылыстарының ауырлауы бақыланады. Ең жиі қолданылатын түрі: ноотропил, сиднокарб, энцефабол, кофеин, женьшень, лимонникті атауға болады.
Слайд 31

Жанама әсері мен асқынулары соматикалық, невралогиялық және психикалық болуы мүмкін. -Соматикалық

Жанама әсері мен асқынулары соматикалық, невралогиялық және психикалық болуы мүмкін.
-Соматикалық

жанама әсері: ауыз қуысы мен мұрынның құрғауы, ортастатикалық коллапс, АГ, тахикардия т.б.
-Невралогиялық жанама әсері: гипокинетикалық, гиперкинетикалық, дискинетикалық бұзылыстар болуы мүмкін.
1 гипокинетикалық бұзылыстар кезінде бұлшықет ригидтілігімен сіресумен, қимылдың баяулауымен көрінеді. Науқастардың беті маска тәрізді, көз жыпылықтауы сирек,көзі кеңінен ашылған,қарашықтары тарылған, беті майланған болады.
2 Гиперкинез бүкіл дененің бұлшыөеттерін немесе жеке бұлшықет топтарын М: тіл,мойын т.б қамтуы мүмкін.
3 Дискинезия моторлы кинездермен жүреді.
-Психикалық жанама әсерлер: психотропты дәрі-дәрмектердің көп мөлшерін қолданғанда пайда болады.
Слайд 32

Психодизлептиктер Оған лизергин қышқылының диэтиламиді, мескалин, псилоцибин т.б жатады. Көңіл-күйді тұрақтандыратын

Психодизлептиктер
Оған лизергин қышқылының диэтиламиді, мескалин, псилоцибин т.б жатады.
Көңіл-күйді тұрақтандыратын

препараттар (нормотимиктер). Көбінесе литий корбанаты, кейде оксибутират және т.б қолданылады. Көрсеткіші Маниакалды қозуды басу, маниакалды-депрессивті психоз, Шизофренияда қолданылады.
Дозасын көбейтіп жіберсе полиурия, қол треморы, диспепсия, ауыздағы жағымсыз дәм, ұйқышылдық, бас аурулары дамиды.
Слайд 33

Тырысуға қарсы заттардың негізгі класстары

Тырысуға қарсы заттардың негізгі класстары

Слайд 34

Тырысу ұстамалардың алдын-алу үшін қолданылатын препараттар Тырысусыз пароксизмдердің алдын-алу үшін қолданылатын препараттар Әмбепап әсерлі препараттар

Тырысу ұстамалардың алдын-алу үшін қолданылатын препараттар

Тырысусыз пароксизмдердің алдын-алу үшін қолданылатын препараттар


Әмбепап әсерлі препараттар

Слайд 35

Ұйқысыздықтың дәрілік емі Ұйқысыздықтың емінде жиі траквилизаторлар қолданылады. Олар қауіпсіз, түнгі

Ұйқысыздықтың дәрілік емі
Ұйқысыздықтың емінде жиі траквилизаторлар қолданылады. Олар қауіпсіз, түнгі

ұйқы құрылымына әсері аз,жылдам және сенімді эффект береді. Ұйқысыздық депрессия фонында дамыса седативті антидепрессанттарды уақтылы тағайындау маңызды (амитриптилин, миансерин, тразадон)
Жалпы соматикалық тәжірибеде жиі ұйықтатқыш заттар ретінде антигистаминдік заттар қолданылады (димедрол,донормил). Оларды ұзақ қолдануға болмайды,өйткені тәуелділік түзілуі мүмкін.
Слайд 36

Ноотроптар Орталық нерв жүйесіндегі зат алмасу процестерін қалыпты жағдайға келтіретін дәрілер.

Ноотроптар
Орталық нерв жүйесіндегі зат алмасу процестерін қалыпты жағдайға келтіретін

дәрілер. Бұлар жарақаттанғанда,жұқпалы ауруларда,улануда,мидың қан тамырлары зақымданғанда беріледі.
Слайд 37

Ноотроптарға жатады: Аминалон(гаммалон)- гамма-аминмай қышқылы. Тәулігіне таблеткада 0,25-1,5 мг дейін қолданылады.

Ноотроптарға жатады:
Аминалон(гаммалон)- гамма-аминмай қышқылы. Тәулігіне таблеткада 0,25-1,5 мг дейін қолданылады.
Энцефабол(пиридитол)-

В6 витамині (пиридоксин) негізінде түзілген. Дозасы тәулігіне 0,1-0,4г дейін.
Ноотропил (пирацетам)-тәулігіне0,4-2,0 г
Пантогам - патотен қышқылының (В5витамині) туындысы. Құрысу синдромды органикалық ауруларды емдегенде жақсы нәтиже береді.