Слайд 7
Қолдану тәсілі және дозалары
Көктамыр ішіне сорғалатып немесе тамшылатып 0,75-1,5 мл/минуттан аспайтын жылдамдықпен
енгізеді. Енгізу аяқталғаннан кейін емделуші біраз уақыт "жатқан" қалыпта қалу керек.
Аллергиялық аурулар кезінде (есекжемде, ангионевротикалық ісінуде, аллергодерматоздарда, сарысу құю ауруында), жәндіктер тістеп немесе шағып алғанда, қорғасынды шаншуда, магний препараттарымен артық дозаланғанда – 7,5-15 мл.
Жедел гипокальциемияда – 1-3 күн бойы 7,5-15 мл, қажет болса енгізуді әр 1-3 күн сайын қайталайды.
Гипокальциемиялық тетания кезінде – 5-17,5 мл. Енгізуді емдік әсеріне жеткенше әр 8 сағат сайын қайталайды.
Гиперкалиемия кезінде (ЭКГ бақылауымен) – 2,45-15 мл, қажет болса қайталанатын дозасын 1-2 минуттан соң енгізеді.
Ауыстырып қан құю және цитраттық қан құю: ересектер мен балаларға әр 100 мл қанға 30 мг (0,3 мл).
1 жастан асқан балаларға:
Гипокальциемия: баяу, 0,5 мл/мин жылдамдықпен, кг дене салмағына 10-20 мг дозада енгізеді (кг дене салмағына 0,1-0,2 мл), қажет болса әр 4-6 сағат сайын қайталайды.
Тетания: 5-10 минут бойы кг дене салмағына 10 мг (кг дене салмағына 0,1 мл), қажет болса 6-8 сағаттан соң қайталайды немесе емдік әсеріне жеткенше инфузия түрінде жалғастырады.