Тағамдық уланулардың симптомдары
Ішек жұқпасының симптомдарына жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің жиі
ауруы мен түйіліп ауруы жатады. Кейде бұл сипаттар бір екі күнге созылып, арнайы терапияны қажет етпеуі мүмкін. Егер бірнеше күн бойы аталған белгілер кетпесе, (ауыз қуысы құрғаса, бас айналса, несептің түсі сарғыштау болса немесе оның көлемі үлкен болса, жиі дәретке бара берсе) дәрігерге қаралу қажет.
Келесі жағдайларда жедел жәрдем қызметін шақырыңыз немесе ауруханаға барыңыз:
- балада, жүкті әйелде, созылмалы аурулары бар адамда немесе егде адамда тағамдық улану болған жағдайда;
- көздің көруі анық болмаса, жұтынуға, сөйлеуге қиындық туса (бұл ботулизмнің өнімдерді дұрыс консервілемеу салдарынан болатын өте бір сирек түрі болу мүмкін)