Слайд 6
![Негізгі ережелер 1. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі. Сапаны қамтамасыз ету жүйесінде](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/652064/slide-5.jpg)
Негізгі ережелер
1. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі.
Сапаны қамтамасыз ету жүйесінде бекітілген СОР
бар, онда барлық зертханалық және өндірістік операциялардың жүзеге асырылу тәртібі егжей-тегжейлі және бірізді сипатталады, мыналарды қоса:
а) зерттелетін заттардың (дәрілік заттардың) және салыстыру үлгілерінің келіп түсуі, сәйкестендірілуі, таңбалануы, өңделуі, сынамалардың алынуы, пайдаланылуы, сақталуы және жойылуы/ (утилизациялануы);
б) өлшеу құралдары мен жабдықтарды тексеру және қызмет көрсету;
в) реактивтерді, қоректік орталарды, азықтарды дайындау;
г) жазбалар мен есептерді жүргізу және оларды сақтау;
д) зерттеу жүргізуде іске қосылған орынжайлар, барлық орынжайлар бойынша қызмет көрсету;
е) зерттелетін заттар мен тест-жүйелерді қабылдау, тасымалдау, жариялау, сипаттау, сәйкестендіру;
ж) зерттелетін заттың (дәрілік заттың) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу сапасын қамтамасыз ету бойынша хаттаманы, жоспарды, бағдарламаны жүзеге асыру.