Сырқат шағымы: қызыл иегінің қанағыштығы, сыздап ауыратыны, ысыған-қызған сезім бар екені.
Инемен сұққылаған сияқты болады. Қатты тістенгенде ауыру сезімі азайған сияқты. Көріп тексергенде барлық тістер маңындағы қызыл иек қызыл-қошқылданған, тез қанайды. Бүртіктері ұлғайған (қызыл иектің катаралды қабынуының белгілері бар). Мұны қызыл иектің симптоматикалық қабынуы деп атайды. Бірақ тістер тұсында 4 мм-дей қалта болады, сондықтан бұны жеңіл түрі дейміз. Қалтада ас қалдығы, микробтар бар. Тістердің мойны аздап ашылған, кейде қызыл иек кемуінен мойнымен қоса түбірі де ашылады. Тістердің арасында кеңістік пайда бола бастаған. Тіс беттерінде жұмсақ қатты дақтар, тастар жиналған. Ауруға толық диагноз қою үшін қызыл иектің өзіндік қабынуынан, қан ауруларынан ажырату керек. Қосымша тексеру - рентген суреті - негізі, панорамдық немесе алдыңғы төменгі тістерге, оң, сол, жоғары төмен үлкен азу тұсында жүргізу керек.
РЕНТГЕН СУРЕТІ: тіс аралық қалқан сүйегінің ұшындағы қатты қабаты жартылай немесе қатты бұзылған (деструкция немесе компактты пластинканың резорбциясы). Кемік сүйекте сүйек балкаларындағы минералды тұздардың сорылуынан, органикалық заттардың ыдырауынан сүйек май қуыстар үлкейіп, кеуектенуі артқан. Бұл өзгерістің қалқан сүйегінің ұшында немесе бүкіл бойында орналасуы мүмкін. Және пародонт саңылауы тіс мойнында кеңейген жеңіл түрі 1-сатысы.
СОЗЫЛМАЛЫ ПАРАДОНТИТ ҚАБЫНУЫ І-сатысы