Оқушылардың іскерліктерін, дағдыларын бақылауға арналған кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері

Содержание

Слайд 2

ЖОСПАРЫ: 1. Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі. 2. Кәсіби педагогикадағы

ЖОСПАРЫ:
1. Педагогикалық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі.
2. Кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері

туралы түсінік.
3. Зерттеу әдістеріне анықтама беру.
4. Оқұшылардың білімін, ептілігі мен дағдысын бақылаудың ерекшеліктері.
Слайд 3

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕР ЖҮЙЕСІ. Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕР ЖҮЙЕСІ.

Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми

ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі.
Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады:
1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері;
2) теориялық зерттеу əдістері
3) математикалық əдістер
Слайд 4

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРБИЕНІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРБИЕНІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру

процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады:
бақылау
əңгімелесу
интервью
анкеттеу
оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру,
педагогикалық құжаттармен танысу.
Слайд 5

БАҚЫЛАУ ӘДІСІ Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен

БАҚЫЛАУ ӘДІСІ
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен

қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі.
Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:
міндеттері мен мақсаттарын айқындау;
2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру;
3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Слайд 6

СҰХБАТ ӘДІСІ Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда

СҰХБАТ ӘДІСІ
Cұхбат әдісі - әлеуметтік психологияны зеттеу әдістерінің бірі. Мұнда зерттеуші (сұхбаттасушы) сыналушымен

(респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Осы әдіс арқылы жиналған материалдың объективтілігіне ерекше мән бермейінше болмайды, өйткені зерттеушінің әнгімесіне ықыластанған адам кейде жаңсақ, екі ұшты мәліметтер беріп қоюы да ықтимал. Зерттеудің нақтылы талап-тілегіне орай сұхбат бірнеше түрге бөлінеді. Ол жеке адамдармен (жеке сұхбат), сондай-ақ арнайы ұйымастырылған топтармен де (отбасы әулеті,дос-жарандар тобы т.б ) жүргізіледі. Сұхбаттың стандарттық (алдын ала жасалған нақты бағдарлама бойынша), үлкен тақырыптық төңірегінде құрылған түрлері де бар.
Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Слайд 7

АНКЕТТЕУ ӘДІСІ Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары

АНКЕТТЕУ ӘДІСІ

Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары

жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді.
Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;
4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Слайд 8

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗБА, ГРАФИКАЛЫҚ ЖƏНЕ ШЫҒАРМА ЖҰМЫСТАРЫН КӨЗДЕН ӨТКЕРУ Құнды материал оқушылардың

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗБА, ГРАФИКАЛЫҚ ЖƏНЕ ШЫҒАРМА ЖҰМЫСТАРЫН КӨЗДЕН ӨТКЕРУ
Құнды материал оқушылардың шығармашылық

туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктеріні
деңгейін көрсетеді.
Слайд 9

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРМЕН ТАНЫСУ Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРМЕН ТАНЫСУ


Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының

жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Слайд 10

Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған

Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған

құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.