Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп,
88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті.
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Жай ұялы телефон/смартфон
Ұялы бейнетелефон
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар.