А.Байтұрсыновтың ойынша, мифтер табиғатта болып жататын өзгерістердің (күн күркіреуі, жел, дауыл,
құйынның соғуы, күн тұтылуы, т.с.с) әрқайсысының істеуші иесі бар деп білген алғашқы адам баласының табиғат ісін танымаған күйде шығарған ертегілері, ертегі сияқты әңгімелері.
Табиғаттағы зат атаулының иесі (тау иесі, жел иесі, күн иесі, су иесі, тас иесі, көл иесі т.б.) болады деген көне мифтерді ғалым-фольклорист С.Қасқабасов алғашқы қауымда пайда болған рух-иелік мифтерге жатқызады.
Көне наным-сенімдерге негізделген ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары мифтік наным-сенім аясында пайда болған.