Слайд 20
![Шаманизм Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1311020/slide-19.jpg)
Шаманизм
Шаманизм - қазақша баламасы бақсылық, бақсыға табыну. Дәстүрлі ой машығының ең
көне түрлерінің бірі.
Бақсылық – шаман дінінің осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым әлеммен байланыс орнатып, ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «әулиелерді», «аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – дәу,пері,шайтан, албасты, жын, марту, тағы басқамен күреседі деген сенімде болған. Бақсыларға тән ерекше қасиеттердің бірі – емшілік (тәуіпшілік). Бақсылар қобыз тартып, зікір салып, түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан құлан-таза жазылып кетеді деп сенген.