Мәмілелердің төмендегідей төрт белгілері бар:
бірішіден, мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті
әрекет. Оның еріктілігі азаматық құқықтық қатынастарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға мақсатты түрде бағытталатындығынан көрінеді. Бұндай мақсатты жоқ әрекет – қарапайым қылықтан бұл мәміленің басты айырмашылығы;
екіншіден , мәміле, көп жағдайда заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет,
үшіншіден, мәміле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға, өщгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет;
төртіншіден, мәміле азаматтық құқықтық қатынастарды тудыратындықтан, ол қатынастардың құқықтық салдарды азаматтық заңнамалардың нормаларымен реттеледі.