Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі де осы қызметтерді толықтай атқарып, ғылыми-танымдық тұрғыдан
да кешенді жұмыстар атқарып келеді. Музей қызметкерлері 1991-2001 жылдар аралығында Археология институтының археологтарымен біріге отырып, облыс территориясындағы көне тарихи орындарға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Олардан табылған құнды жәдігерлер мен әр түрлі санаттағы заттарды музей қорына жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Осы бағытта әлі де талай археологиялық жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде», – дейді музей қызметкерлері.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі – өткен тарих пен қазақ мәдениетін түгелдей көрсететін бірден-бір мәдени ошақ. Музей қорында коллекция едәуір көбейіп, сирек кездесетін экспонаттар пайда соңғы кезде көбейе бастаған. Сондықтан музейге келушілер саны да жылдан-жылға артып келеді екен.