Слайд 8
А.Маслоудың көзқарысы «қажеттілік иерархиясы» деп аталады.
1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру
үшін қажет. Бұған жалпы адамдардың тыныс тіршілігі үшін, ауа, су, баспана, демалу, тамақ сияқты қажеттіліктер жатады.
2. Қауіпсіздік, қорғану қажеттілігіне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажетілігі жатады.
3. Әлеуметтік қажеттілік – бір немесе біреуге қатысты сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, сүйемелдеушілік сезімдері жатады.
4. Құрметтеу қажеттілігі - өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқалардың өзін құрметтеуі жатады.
5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің жеке басының өсіп жетілуін, барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру қажеттілігі.