Жер ресурсына толемдер тури

Содержание

Слайд 2

Табиғи ресурстар - адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар

Табиғи ресурстар - адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі

заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де жатады.
Слайд 3

Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты олардың ақылы болып келетіндігі.


Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең басты шарты олардың ақылы болып

келетіндігі. Себебі, табиғат ресурстарын пайдалану тегін болса, оларды үнемдеп, ұтымды пайдалануға, табиғатты қорғауға, қорын молайтуға жұмылдыратын экономикалық механизм тудырмайды. Ол табиғат ресурстарының ысырабына әкеп соғады.
Сондықтан төлемдерді табиғат ресурстарын ұтымды үнемдеп пайдалануға, табиғатты қорғауға, оның байлықтарын сақтауға, молайтуға жұмылдыратын ең басты экономикалық басқару тетігі деп қарастырылады.
Слайд 4

Табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлем және салық,акциз түрінде алынады. Салық-жеке мен

 Табиғат ресурстарын пайдаланған үшін төлем және салық,акциз түрінде алынады.
Салық-жеке мен заңды

тұлғадан мемлекеттің қаржылай қамтылу мақсатында алынатын міндетті төлем.
Төлем-алынған игілікке айырбас ретінде төленетін төлемдер.
Акциз-жоғары табысты тауардан алынатын салық сипатындағы төлем,мысалы табиғи газ үшін
Слайд 5

Жер үшін төленетін төлем ҚР Жер кодексімен жəне ҚР 2001 жылғы

Жер үшін төленетін төлем ҚР Жер кодексімен жəне ҚР 2001 жылғы

22-маусымдағы «Салықтар жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңымен (Салық кодексі) реттеледі.

Қазіргі күнде бар  төлемдер түрлерін табиғат ресурстарының негізгі  түрлері мен  табиғи ортаны қорғау  бойынша топтастырып қарастыру маңызды. Қолданылу мерзімі жағынан біршама ұзаққа созылатын және жалпы қолданылатын төлем  жер салығы, төлем-салық және оны белгілеу әдістері ғасырлар бойы жетілдіріліп келді.

Слайд 6

ҚР Салық кодексінің 12-бөлімі жерге салынатын салықтарды қарастырады (ҚР СК 53-56

ҚР Салық кодексінің 12-бөлімі жерге салынатын салықтарды қарастырады (ҚР СК 53-56

тараулар жəне 323-344 баптар аралығы). Барлық жерлер салық салу мақсатында ҚР Жер кодексімен белгіленген олардың нысаналы мақсаттарына жəне жер санаттарына тиістілігіне қарай қарастырылады.
Слайд 7

Келесі жер санаттарына салық салынбайды: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; 2)

Келесі жер санаттарына салық салынбайды:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
2)

орман қоры жерлері;
3) су қоры жерлері;
4) босалқы жерлер.
Слайд 8

Жер салығын төлеуден мына тұлғалар босатылады: 1) бірыңғай жер салығын төлеушілер;

Жер салығын төлеуден мына тұлғалар босатылады:
1) бірыңғай жер салығын

төлеушілер;
2) мемлекеттік бюджет есебінен ғана қаржыландырылатын ұйымдар;
3) ҚР Салық кодексінің 283-бабында көзделген салық салу режимінің екінші моделімен салынатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) қылмыстық тағайындауларды орындау саласында қызмет ететін уəкілетті органның түзеу мекемелеріндегі мемлекеттік органдар;
5) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерiне қатысты — Ұлы Отан соғысына қатысушылар жəне соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектiң ата-анасының бipeyi;
6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi жəне үй маңындағы жер учаскелерi бойынша — "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналар;
7) дiни бiрлестiктер
Слайд 9

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1

гектарға есептеліп белгіленеді жəне топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық жəне саяжай құрылысын жүргізу үшiн қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда — 0,01 гектар үшiн 20 теңге;
көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға — 0,01 гектар үшiн 100 теңге (ҚР СК 330-бабы).
Слайд 10

Қазақстан Республикасында төлем-салық алу Жер кодексінде, Жер салығы туралы заңда біршама

Қазақстан Республикасында төлем-салық алу Жер кодексінде, Жер салығы туралы заңда біршама

жетілдірілген түрде белгіленген.
Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген бау-бақшалық және саяжай салудан басқа ауылшаруашылғына арналған жерлерге қойылған жер салығының базалық ставкасы 1га-ға есептелген және  балл бонитетпен өлшенетін топырақ сапасының өзгеруі бойынша сараланады. Балл бонитеттің 1-ден 100-ге дейін ауытқуы кезінде кәдімгі  және  оңтүстік қаратопырақты, күңгірт қызыл-қоңыр және қызыл қоңыр жазықтағы далалық және құрғақ далалық  зоналардағы жерлерде, сонымен  қатар тау етегінде қою сұртопырақты (сұр-қоңыр), каштанды (қоңыр) және тау  бөктеріндегі қаратопырақты аумақтарға базалық ставка – 0,25 теңгеден 105 теңгеге дейін белгіленеді (І категориясы). Балл бонитеттің 100-ден жоғары болған жағдайында 1га  жерден алынатын салық ставкасы 105,0 теңге болады (1 кесте).
Слайд 11

1 кесте . Ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі, ауылшаруашылығындағы емес жер категориялары бойынша салықтың базалық ставкасы

1 кесте . Ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі, ауылшаруашылығындағы
емес  жер категориялары бойынша салықтың

базалық ставкасы
Слайд 12

Бозғылт қызыл, қоңыр, сұр-қоңыр, бозғылт және кәдімгі сұр топырақты жартылай шөлейт,

Бозғылт қызыл, қоңыр, сұр-қоңыр, бозғылт және  кәдімгі сұр топырақты жартылай

шөлейт, шөлейт, тау бөктеріндегі шөлді аумақтардағы, сонымен қатар таулы-далалық, таулы-шалғынды-далалық және таулы альпілік топырақтағы таулы аумақтардағы жерлерге бонитет балына қарай белгіленген ставкалары 0,25-тен  25 теңгеге дейін сараланады (ІІ категория). 100 балл бинитеттен асқан  жағдайда 26,00 теңге базалық ставка қойылады (1 кесте).
Елді мекендердің жерлеріне базалық ставка 1 шаршы м ауданға есептелініп белгіленеді (2 кесте), облыс орталықтары қалаларының әрқайсысы бойынша және Ленинск қаласы мен облыстық  маңызы бар қалаларға, аудандық маңызы бар қалаларға, поселкелерге, селоларға (ауылдарға) салықтың базалық ставкасы өзгеріп отырады. Тұрғын-үй емес құрлыстар, ғимараттар, учаскелер алып тұрған жерлерді, сонымен қатар объектілердің  санитарлық-қорғау зоналарына, техникалық немесе басқа да зоналарына салық ставкасы (Алматыда) 15 теңгеден/м2-не (ауылда) 0,25 теңге/м2-не аралығында өзгереді. Тұрғын үйлер, оларға қоса олардың құрлысы мен  ғимараттарына Алматы облысы және аудандық маңыздағы қалаларына қолдану түрінде барлық облыстық маңызыдағы қалаларға шамамен 0,2 теңге /м2-не, аудандық маңыздағы қалаларға – 0,1, поселкелік – 0,07, селоларға (ауылдарға) –0,05 теңге /м2-не белгіленген.
Слайд 13

Слайд 14

Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары. Елдi мекендердiң (үй iргесiндегi жер

Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары. Елдi мекендердiң (үй iргесiндегi жер

учаскелерiн қоспағанда) жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мынадай мөлшерлерде белгiленедi (ҚР СК 332-бабы).
Слайд 15

Елді-мекендер орналасқан жерге салық ставкасының нақтылы өлшемін әрбір жер иелері мен

Елді-мекендер орналасқан жерге салық ставкасының нақтылы өлшемін әрбір жер иелері

мен жерді пайдаланушылар үшін көрсетілген базалық ставкаға сүйене отырып жергілікті  органдар анықтайды. Сонымен бірге олар базалық ставканы тек 20 %-ке дейін көтеруіне немесе төмендетуіне құқысы бар.
Осыған ұқсас түрде салықтың базалық ставкасы елді-мекендерден тыс жатқан жерлердегі өнеркәсіп, транспорт, байланыс және басқа да ауыл шаруашы-лықтық емес мақсаттағы жерлерге 1 га-ға есептелініп белгіленеді. Бонитет балдарының өзгеруіне байланысты олар да едәуір сараланады. Мысалы, 0-10 балл бонитеттей жерге белгіленген салықтың базалық ставкасы 25-250 теңге, 91-100-2576-2950 теңге, 100-ден жоғары болса 3000 теңге болады (1 кесте).
Слайд 16

Ауылшаруашылықтық немесе құрлыстық мақсатта пайдаланылмаған сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлерден, орман және

Ауылшаруашылықтық немесе құрлыстық мақсатта пайдаланылмаған сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлерден, орман және

су қорларының жерлерінен салық алынбайды. Ауылшаруашылықтық мақсатта пайдаланылатын жерлерге ғимарат, құрылыстар алып тұрған немесе басқа да өндірістік объектілер орналасқан жерлерге жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша салық салынады.
Орман қорының жеріне  салынатын салық орман пайдалану кезінде ағаш даярланып жатқан жерден, игерілу мақсаттағы іске асырылған ауданның бірін, басқа аудандарға солай салық салуға үлгі етіп ала отырып, орман пайдалану үшін төленетін төлемнің құрамына кіретін түбіршегіне қойылған ағаштың кесімді құнының 5 %-тік мөлшерімен қойылады.
Бүлінген немесе өнімділігі аз жерлерді ауыл шаруашылықтық мақсатта немесе иелікке алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары алғашқы 10 жыл пайдалану кезінде, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, саяжай салуға, бау-бақша, оған қоса 0,25 га-ғы салынған құрылыстар алып тұрған жерді пайдаланатын тұлғалар салықтан босатылады.
Слайд 17

Кіріс салығына жеңілдік берілген жеке тұлғалар, сонымен қатар елді-мекендердегі жалпы пайдаланудағы

Кіріс салығына жеңілдік берілген  жеке тұлғалар, сонымен қатар елді-мекендердегі жалпы пайдаланудағы

жерлер, балалардың сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаника бағы, зираттар, мемлекеттік табиғат қорғау органдары, тарихи және мәдени ескерткіштер, мүгедектердің ерікті қоғамы ДОСААФ, соғыс ардагерлері және есеп беру кезеңінде түскен кірісінің кем дегенде 50 %-ін мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғауға жұмсайтын, жұмысшыларының жалпы санының  кем дегенде 50 %-ін мүгедектер құрайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен  ұйымдар жерге салық төлеуден бостылады. Дәл сондай жеңілдіктерді Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері пайдаланады.
Жоғарыда аталған төлемдерден басқа топырақ құнарлығын төмендеткенде және  жер бетін, жалпы жерді бүлдіргенде орнын толтыру мен айыптық төлемдер бар. Жерді бүлдіргені үшін орнын толтыру төлемінің шамасы оны қалпына келтіруге шыққан шғынмен анықталады, ал топырақтың құнарлылығын өзгерткені үшін төлемнің  арнайы әдістемесі бар.
Слайд 18

Жалға алу төлемі - жалға берілген жер немесе жер участігі үшін

Жалға алу төлемі - жалға берілген жер немесе жер участігі үшін

алынатын нақтылы бір қаржы төлемі.
Түрлері:
Ақшалай өтемақы;
Кірістің бір бөлігі;
Белгілі бір жұмыстың жүргізілуі;
Материалдық құндылықтардың берілуі
Слайд 19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: http://kaz.tengrinews.kz/ http://referatikz.ru/ kk.wikipedia.org http://bigox.kz/ referati.kz http://freepapers.ru/ http://kodeksy-kz.com/ Үпішев

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
http://kaz.tengrinews.kz/
http://referatikz.ru/
kk.wikipedia.org
http://bigox.kz/
referati.kz
http://freepapers.ru/
http://kodeksy-kz.com/
Үпішев Е.М., Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған

ортаны қорғау. Алматы, 2006.