Слайд 8
![Дін және ғылымның айырмашылығы Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1332309/slide-7.jpg)
Дін және ғылымның айырмашылығы
Ғылымның діннен басты айырмашылығы, ғылым кез келген аксиомаларға,
теорияларға күмәнмен қарай алады. Яғни күмәннан қорғалған ештеңе жоқ. Сондықтан да, ғылым тарихында бұрын дұрыс деп келген кез келген теорияның қате болғандығын көрсете алады. Дін, өз кезегінде, күмән келтіре алмайтын, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге белгілі, догмаларға негізделеді. Дін ақиқатқа толықтай монополия орнатады, зерттеп немесе тексеруге мүмкіндік бермейді. Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны адасқандық деп жариялайды. Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін. Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілікке шектеулі. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сенім болса жеткілікті.