Қатты диэлектриктің түрлері
Термопластикалық Пластмассалар
Термопластикалық Пластмассалар қыздырғанда пластикалық күйге химиялық өзгеріссіз өтеді.
Олар қыздыру кезінде жұмсарып, суыту кезінде қатаяды.
Маңызды термопластикалы пластмассаға полиэтилен, полипропилен поливинилхлорид , полиамид және т.б. жатады.
Термореактивті пластмасса.
Термореактивті пластмасса қыздыру үрдісінде қайтымсыз химиялық түрленіске ұшырап, нәтижесінде оның қатаюы орын алады. Көптеген термореактивті пластмасса фенолформальдегидті және фенолальдегидті полимер негізінде алынады. Пластмасса құрамына термореактивті шайыр мен толтырғыштан басқа, кейде пластификатор, қатайтқыш, еріткіш кіреді.