Физикалық қасиеттері
Концентрациялы күкірт қышқылы – түссіз, ұшпайтын, май тәріздес,
суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,85 г/см3, массалық үлесі 98%. 553 К-де қайнайды, 283,4 К-де кристалданады. Күкірт қышқылының ылғал тартқыштық қасиеті бар. Егер концентрлі қышқыл бар стаканды біраз уақыт ашық қалдырса, ауадағы су буын сіңіріп алады да, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Концентрлі күкірт қышқылы адам терісіне, ағашқа, матаға тисе, қарайтып күйдіреді. Сондықтан онымен жұмыс істегенде сақтану керек. Теріге не матаға тиген кезде, тез арада сумен жуып, содан соң ас содасы ерітіндісімен шаю керек.