Слайд 11
Механикалық қасиеттеріне байланысты арматуралы болат мынадай кластарға жіктеледі: (A240), A-II (A300),
A-III (A400), A-IV (A600), A-V (A800), A-VI (A1000).
Арматуралы болат өзекшелер немесе орамдар түрінде жасалады. A-I (A240) класының арматуралы болаты тегістелген түрде, ал A-II (A300), A-III (A400), A-IV (A600), A-V (A800), A-VI (A1000) класы – периодталған профиль түрінде жасалады. Тұтынушының талабы бойынша A-II (A300), A-III (A400), A-IV (A600), A-V (A800) класының болаты тегістелген түрде де жасалуы мүмкін.
Периодты профильді арматуралы болаттың профилі дөңгеленген екі көлденең қабырғалы және үш тарамды винттік сызықты бұдырлармен ерекшеленеді. Диаметрі 6 мм болатын профильдерде бір тарамды винтті сызықты бұдыр, ал диаметрі 8 мм профильдерде екі тарамды винтті сызықты бұдыр қолданылады.
Қарапайым тәсілмен дайындалған A-II (А300) класты және арнайы үлгідегі Ас-II (Ас300) арматуралы болат профилінің екі жағында бірдей тарамды винттік сызық бойымен өтетін бұдырлары болу керек.
A-III (A400) және A-IV (А600), A-V (A800), А-VI (А1000) класты болаттардың профилиінде винттік сызық бойымен өтетін бір жағында оңға қарай, ал екінші жағында солға қарай бағытталған бұдырлары болады.
Винттік бұдырлардың салыстырмалы түрде әр бағыттарға қарай ығысуы норма сәйкес келмейді. Диаметрі 12 мм дейінгі A-I (A240) и A-II (А300) класының және диаметрі 10 мм дейінгі (қоса алғанда) -III (A400) класының арматуралық болатты орам немесе өзекше түрінде, үлкен диаметрлі арматуралық болатты өзекше түрінде дайындайды. Тұтынушының талабына байланысты А-IV (А600), A-V(A800) и A-VI (A1000) маркалы барлық болаттарды өзекше түрінде, ал диаметрі 6 және 8 мм болған жағдайда орам түрінде дайындайды.
Атматуралық болатты көміртекті және төмен-қоспаланған болат маркаларынан көрсетілген кестеге сәйкес дайындайды. A-IV (A600) маркалы болат өзекшелер дайындаушы мен тұтынушы арасындағы өзара келісім бойынша дайындалады