Әр бір есепті мұғалім өзі үйде шығарып келуі керек және оның
бірнеше әдісі де болуы қажет. Әр бір есепті карточкаға шығарып, есептің картотекасын құруға болады. Сонда келесі жылы сол есепті пайдалануға болады. Еш уақытта есептің шартын оқып оқушыларға жаздыртуға болмайды. Себебі уақыт кетеді, екіншіден қазіргі кезде есеп кітабы өте көп. Есеп шығарғанда оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін де ескеру керек. Көбінесе есеп шығарғанда есепті мұғалім немесе мұғалімнің айтуымен оқушы шығарады. Ал қалған оқушылар көшіріп отырады.
Сондықтан есеп шығаруды бірнеше сатыда жүргізу керек:
Алғашқыда мұғалім өзі есепті қалай шығару керек екендігін, шығару
әдістерін көрсетеді. Өзі анализ жасап, жоспарын құрып, шығару әдістерін
көрсетеді. Оқушылар түсініп көшіріп алғаннан кейін, барлық сыныпқа
есеп беріледі.
Әңгімелесу арқылы, есептің шартын физикалық шамамен белгілеп,
талдау жасап, жоспар құрылады. Оқушыларға бағыт беріп, есептің шығару
жолдарын өздеріне тапсырады.
Үшінші сатыда есептің дұрыстығын тексеру керек. Ол үшін есептің
кері байланысын іске асыру керек.
Барлық оқушылар өз беттерімен есеп шығарады.Оны тексеру үшін
жауабын тақтаға алдын-ала жазып қоюға болады.