Содержание
- 2. Топырақтың құнарлығы Топырақтың құнарлығын əлеуеттi (потенциалды немесе табиғи) жəне тиiмдi құнарлылық деп екi түрге бөледі. Табиғи
- 3. «Нефтедеструктор-Казбио» Облыстық экология департаменті берген мәліметке сүйенсек, төгілген мұнай қалдықтарын тазалап, залалсыздандыру жұмыстары индустрияландыру картасы аясында
- 6. Скачать презентацию
Слайд 2
Топырақтың құнарлығы
Топырақтың құнарлығын əлеуеттi (потенциалды немесе табиғи) жəне тиiмдi құнарлылық деп
Топырақтың құнарлығы
Топырақтың құнарлығын əлеуеттi (потенциалды немесе табиғи) жəне тиiмдi құнарлылық деп
екi түрге бөледі. Табиғи құнарлылық топырақтың құралу факторларының əсерiмен табиғаттың өзі жасаған құнарлылық. Ол топырақтың түрiне, механикалық құрамына, физикалық жəне химиялық қасиеттерiне, қарашiрiктiң мөлшеріне жəне басқа жағдайларға байланысты болады. Табиғи құнарлылықтың жəне тыңайған жерлерге тəн болады. Тиiмдi құнарлылық ауылшаруашылық өсімдіктерiнiң өсуi мен дамуына қолайлы жағдай жасау үшiн топырақ өңдеу құралдарын пайдаланғандабайқалады. Тиiмдi құнарлылық – егiншi еңбегiнiңжемiсi. Ғылымның дамуымен бiрге өсіп отыратын техникалық өрлеу мұндағы басты фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың өрлеуiне бай- ланысты топырақтың тиiмдi құнарлылығы да өсіп отырады.
Слайд 3
«Нефтедеструктор-Казбио»
Облыстық экология департаменті берген мәліметке сүйенсек, төгілген мұнай қалдықтарын тазалап, залалсыздандыру
«Нефтедеструктор-Казбио»
Облыстық экология департаменті берген мәліметке сүйенсек, төгілген мұнай қалдықтарын тазалап, залалсыздандыру
жұмыстары индустрияландыру картасы аясында ашылған «Эко-Техникс» ЖШС-іне жүктеледі екен. Германиядан арнайы алдырылған қондырғы арқылы бүлінген топырақтағы мұнай қалдықтарын сұйық және қатты түрге ажыратып алуға болады. Ал одан бөлініп шыққан мұнай әрі қарай тереңдетіп өңделіп, қажетке жарайды. Нақты айта кетсек, серіктестік қызметінде мынадай тәсілдерді пайдаланады: біріншісі – физикалық-химиялық әдіс. «Өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандырудың бұл әдісі бұрғылау қалдықтарын, мазутпен ластанған топырақты, мұнай өндіретін кәсіпорындардың техникалық науаларын залалсыздандыру бағытында қолданылады. Соның нәтижесінде, антопогендік қалдық топырақтарды жол-құрылыс материалдары ретінде пайдалануға болады, – дейді облыстың бас экологиялық инспекторы Қанат Қалмахан. – Екіншісі – микробиологиялық әдіспен залалсыздандыру. «Родотрин», «Бакойл», «Нефтедеструктор-Казбио» биопрепараттары қолданылады. Бұл препараттар көмірсутекті ластануды 99 пайызға дейін тазалауға қауқарлы. Осылай залалсыздандырылған қалдықтар жер қыртысының үстіңгі жағын, қосымша қабаттарды және автомобиль жолдарының жол төсемі негіздерінің қабаттарын орналастыруға пайдаланылады. Үшінші – термиялық әдіс. Бұл әдіспен тазартылған өнім «термиялық топырақ» деп аталады. Залалсыздандыру нәтижесінде алынған өнімдер құрылыс материалдары ретінде қолданылады».
Слайд 4
- Предыдущая
Современные материалы как основа бизнеса