Өсінділер мен доғалар сынығы (көлденең, буындық, тік)
- шектелген қозғалыс;
- сынық аймағындағы
ісінулер және локальді (жергілікт) ауырсынулар: ортаңғы сызық бойынша (тік өсінді)немесе паравертебральді (өсінді, доға сынығы)
- тік өсінді сынығы кезінде -омыртқаны бүгіп, жазу кезінде ауырсынудың үдеуі.
- көлденең өсінді сынығы кезінде - бүгілу кезінде, сау жаққа бұрғанда ауырсынудың күшеюі, кейде зақымданған жақта сколиоз.
- буын өсінділерінің сынығы кезінде - зақымдалған жаққа қарай қисайған сколиоз
- доға сынығы кезінде -сынық аймағында гематома және қозғалыс кезінде ауырсыну
Жамбас сүйегі сынығының диагностикалық критерийлер:
- сегізкөз және аралық аймағындағы ауырсыну
- мықын сүйектері мен симфиз аймағын басып көргенде, ауыру сезімі
- төсекте мәжбүр қалып, аяқтары жартылай бүгілген («құрбақа» жатысы);
- аяғын көтере алмау, отыра алмау, жүре алмау, тұра алмау («жабысқақ табан» симптомы)
- сынық аймағындағы ісінулер, гематома, ауырсынулар.