Өсу сатылары (дәрежелері)
I. Ісік 3см дейін, тек кілегей қабыршақта немесе
оның астынан тыс шығып кетпейді;егер жара ракқа ауысса, ол да өсу дәрежесінде болып саналады. Ешқандай метастаз болмайды.
IIa. Ісік 3 см үлкен және бұлшық еттерге көшкен кез, бірақ сырқатқа жетпеген уақыт. Метастаз жоқ.
IIб. Ісік жоғарыдағы екі өсу дәрежесіндей және аймақтық лимфа бездерінің бір екеуінде метастаз болады.
IIIa. Кез келген көлемдегі ісік бүкіл асқазан қабаттарын жарақаттап, өңешке немесе ұлтабарға ауысқан мезгіл. Көрші мүшелердің байланыс жүйелеріне дейін жетіп, бірақ оларды әлі жарақаттамаған уақыт.
IIIб. Кез келген көлемдегі ісік егер ол аймақтық лимфа бездердің бірнешеуін жарақаттаса немесе артерия тамырларының бойындағы лимфа бездеріне көшсе, мәселен, сол жақ асқазан, іш, жалпы бауыр, көк бауыр артериялары.
IV. Кез келген мөлшердегі ісік көрші мүшелерге көшсе немесе жергілікті жерде өскені соншалықты ол қимылдамайтын, сылуға келмейтін жағдайға келсе: немесе алыстағы мүшелерде метастаздар болса.