Балалардағы ауыз қуысының аурулары, алдын – алу және емдеу

Содержание

Слайд 2

Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Ауыз - қуысы аурулары Алдын - алу Қорытынды

Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім
Ауыз - қуысы аурулары
Алдын - алу
Қорытынды

Слайд 3

Адамның биологиялық жағынан өсіп жетілуі оның ішкен асының қорытылып, бойына сіңіуіне

Адамның биологиялық жағынан өсіп жетілуі оның ішкен асының қорытылып, бойына сіңіуіне

байланысты. Ал астың сіңімділігі асты шайнау мүшелерінің қызметіне тәуелді. Ас қорытуда, сөйлеуде, бет әлпетінің өзгеруінде тістердің атқаратын қызметі өте зор. Ауызға түскен кесек, қатты тағамдар шайнау мүшелерімен, әсіресе тіспен ұсақталынып, майда қалыпқа келтіріледі. Ас кесегі ауыздың кілегейлі қабыршағын тітіркендіреді. Ал организм оған жауап ретінде сілекей бездері арқылы сілекей бөліп шығарады. Күрек тістердің болмауы тағамды жұлып жеуге кедергі жасаса, азу тістердің жоқтығынан тағам жеткілікті ұсатылмайды. Соның салдарынан асқазанға түскен кесек тамақ ұзақ жатып, қорытылу жұмысы қиындайды. Ас түйірі тістермен ұсақталмағандықтан ол ішекте де көбірек сақталады және оның витамин белок сияқты құнды заттары жөндеп сіңбейді де ішек жұмысының бұзылуына себепкер болады.

Кіріспе

Слайд 4

Негізгі бөлім Сөздің бұзылуында да тістердің атқаратын жұмысы өте көп. Кейбір

Негізгі бөлім

Сөздің бұзылуында да тістердің атқаратын жұмысы өте көп. Кейбір тістердің

әсіресе күрек тістердің түсіп қалуы – сөйлегенде көп дыбыстарды анықтап айтуға мүмкіндік бермейді.
Слайд 5

Тіс өзінің бітісі жағынан сүйек тәріздес, қатты да берік келеді. Адамда

Тіс өзінің бітісі жағынан сүйек тәріздес, қатты да берік келеді. Адамда

тіс екі рет шығады. 5-7 айдан бастап шыға бастаған сүт тіс 2-2,5 жаста толық өседі бәрі 20 тістен тұрады. Бұл сүт тіс, жұлып тастаса ешнәрсе болмайды, қайта шығады деген пікірден аулақ болу керек. Өйткені ерте жұлынған сүт тістің орнына тұрақты тістің шығуы қиындайды, тіпті тұрақты тістің түбірі болмаса ол шықпай да қалады.
Слайд 6

Сүт тістің тұрақты тістен айырмашылығы тек оның санында ғана емес, сапасында

Сүт тістің тұрақты тістен айырмашылығы тек оның санында ғана емес, сапасында

да болады. Сүт тістің көлемі кішірек, көкшілдеу болып келеді. Тіс қауашығы аласада жалпақ болады. Тағы бір ерекшелігі пульпа қуысы кең және қысқа болып келеді . Мешел ауруы, туберкулез, эндокриндік бездер бұзылу, витамин жетіспеу, ашығушылық сияқты жайлар тістердің уақытында шығуына да кедергі болады. Сондықтан тіс жару көрсетілген мерзімнен кешіксе, сәбиді дәрігерге көрсеткен жөн.
Слайд 7

Ең бірінші тұрақты тіс бес жарым - алты жаста шыға бастайды.

Ең бірінші тұрақты тіс бес жарым - алты жаста шыға бастайды.

14 жасқа дейін сүт тістер толық тұрақты тіспен алмасады. Ақыл тістің шығуымен (18- 22жас) тіс жарылу толық тоқталады.
Слайд 8

Тістің ұялы түбірінен шығып тұрған бөлімі тіс қауашағы деп аталады. Ол

Тістің ұялы түбірінен шығып тұрған бөлімі тіс қауашағы деп аталады. Ол

ең қатты зат – эмальмен қапталғандықтан тағамды ұсақтауға арналған. Тіс түбірі ұясынан кірер жерде жіңішкеріп, тіс мойыншасы деп аталады. Мойыншадан әрі тіс тамырлары басталады. Ал тістің негізгі затын дентин деп атайды. Тамыр ұшында қалатын саңылаудан тіс қуысына қан тамырлары кіріп тұрады. Тіс түбірі мен оның ұясының арасында кеңдігі 0,7 см дей тар саңылау периодонталдық саңылау тіс сіңірімен толтырылған.
Слайд 9

Тіс - жегі Тіс ауруларының ішінде ең жиі кездесетіні тіс жегі(кариес).

Тіс - жегі

Тіс ауруларының ішінде ең жиі кездесетіні тіс жегі(кариес). Бұл

ауру тістің ең қатты қабаты эмальдан басталады. Көбінесе тіс шұңқырының мойыншасына жақын жерінде эмаль қабаты күңгірт тартады - “дақ кезеңі” деп аталады, адамға еш сезік туғызбайды.
Слайд 10

Тіс жегінің – “үстірттік кариес “ деп аталатын екінші кезеңінде эмаль

Тіс жегінің – “үстірттік кариес “ деп аталатын екінші кезеңінде эмаль

қабатында ойық пайда болады. Бұл кезде ауру белгісі байқалмайды.
Келесі кезең – “орташа кариес”. Мұнда тіс жегі эмаль мен дентиннің шекарасына жеткендіктен қышқыл, ащы тағамнан ауруы мүмкін.
Тіс жегі ұлғайып дентиннің терең қабаттарына жеткенде терең тіс жегі деп аталады да, ыстық суық тағам ішкен кезде ауырады. Балалардың тістерінің тіс жегісі үлкендердікінен өзегеше болады. Себебі, сүт тістердің 1-шіден эмаль қабатының жұқалығы болса, 2-шіден дентиннің жұмсақтығы. Эмаль мен дентин тез шірігеннен кейін тіс тамыры қабынады. Сүт тістердің пульпа қуысы кең болғандықтан қабыну тез арада периодонтальдық саңылау мен жақ сүйегіне жетеді. Бір сөзбен айтқанда ауру тез арада асқынып кетеді.
Слайд 11

Тіс ұлпасының қабынуы Асқынған тіс жегі тіс қуысындағы пульпаға жетеді, сондықтан

Тіс ұлпасының қабынуы

Асқынған тіс жегі тіс қуысындағы пульпаға жетеді, сондықтан ол

пульпит деп аталады. Бұл тістің өте қатты ауыратын кезеңі. Пульпиттің негізгі белгісі – сап – сау отырған адам еш бір себепсіз бірден тісінің қатты ауырғанын және аурудың құлаққа, көзге, маңдайға қарай ұласатынын байқайды.
Слайд 12

Периодонтит Жаңа басталған кезде ауыру уақыты бірнеше минутқа ғана созылады. Кейін

Периодонтит

Жаңа басталған кезде ауыру уақыты бірнеше минутқа ғана созылады. Кейін ұлғая

келе жанға жай таптырмас халге жетеді. Егер дәрігерге көрінбесе асқынған ауру тіс тамырларындағы периодонтальдық саңылаудың қабынуына (периодонтит) себепкер болады. Сөйтіп, тістің ауруы тұрақтайды да тіске салмақ салғанда одан бетер ауыра түседі. Сондықтан ауру тісі бар жақпен асты шайнау қиынға соғады.
Слайд 13

Остеомиелит Саңылаудағы ірің одан әрі жақ сүйегінің ішіне жайылып, оны шірітеді,

Остеомиелит

Саңылаудағы ірің одан әрі жақ сүйегінің ішіне жайылып, оны шірітеді, мұны

(остеомиелит) деп атайды. Сәбидің остеомиелит ауруымен ауыруы тек тіс шыққанда ғана болмайды ол ауру басталғанда алдымен баланың мазасы кетіп, қызуы көтеріліп, ембей жылайды, мұндайда беттің ісінуі 1 күн өткен соң ғана байқалады. Егер үстіңгі тіс шіріп бастаса ісік беттен жоғарылап көздің айналасын ісіндіріп, тіпті көз ашылмай қалады.
Слайд 14

Ал астыңғы тістің шіри бастауы көбінесе тамақ бездерін шошындырады, ірің көбейеді.

Ал астыңғы тістің шіри бастауы көбінесе тамақ бездерін шошындырады, ірің көбейеді.

Ірің тістің сыртқы қабатына шығып қабындырады периостит деп аталатын бұл кезеңді ірің не ауыз ішіне не жақ етіне тарайды. Бірінші жыланкөз тесік пйда болады да, одан үнемі ірің шығып, сілекеймен араласады. Ірің шығатын жыланкөз тесіктің көп уақыт назардан тыс болуы жүрек пен бүйректің қабынуына себепкер болады.
Слайд 15

Сондықтан аурудың алдын алу мақсатымен жылына 1-2 рет дәрігерге көрініп, емделіп

Сондықтан аурудың алдын алу мақсатымен жылына 1-2 рет дәрігерге көрініп, емделіп

тұру керек. Көптеген адамдардың тісін емдетпеуіне олардың бекерден - бекер қорқуы, не болмаса құнтсыздығы себепкер. Тісті емдеу және оны жұлу секілді шаралар осы күні медицина жағдайында ешбір қиындықсыз іске асырылады. Тіс жегінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау көмір суларды көп мөлшерде пайдалану, ағзадағы гормондық құбылыстар жалпы соматикалық аурулар, ауыз қуысының микрофлорасы, тістерге дұрыс күтім жасамау, сілекейдің құрамымен қасиеті әсер етеді.
Слайд 16

Алдын алуды болашақ ана аяғы ауыр кезінен бастаған жөн. Ананың тамағының

Алдын алуды болашақ ана аяғы ауыр кезінен бастаған жөн. Ананың

тамағының құрамында сәбидің өсуіне керекті витаминдер , белоктар, минералды заттар түгел болуға тиіс, ұйқы мен сергектік уақыты бұзылмаған шарт, күн сайын белгілі бір уақытта таза ауада серуендегені жөн, зиянды әдеттерге мүлдем жол бермеген жөн. Осындай жағдайда жарық көрген нәрестенің жақ сүйектерінің ішінде дер кезінде өсіп жетілетін, көп ауруларға қарсы тұра алатын тіске қажетті заттар пайда болады.
Слайд 17

Дені сау жақсы өсіп жетіліп келе жатқан нәресте бір жасқа дейін

Дені сау жақсы өсіп жетіліп келе жатқан нәресте бір жасқа дейін

емшек сүтімен қоректенеді. Бұл кезеңде сәбидің ең бірінші тісі жарып шығады. Анасының бұл кезде тамағы құнарлы болуы тиіс. Ана сүтінен біртіндеп басқа тамаққа көше бастаған сәби өзінің сүт тісімен түрлі тамақтарды ұстауға шамасы келіп, ас шайнау бұлшық еттері жетіле бастайды. Бұл кезде тағамның құрамында жас организмнің өсіп жетілуіне керекті витаминді заттардың бәрі болуы керек. Осы жаста сәбилерде тіс жегі пайда болуы мүмкін. Сондықтан жылына екі рет сәбилердің тісін тексерту керек. Тіс жегінің тез ұлғайып, асқынуы осы жастағыларға тән. Тіс жегі пайда болған тісті, тіс тамыры қабынбай тұрғанда емдеу тістің одан әрі бұзылуын тоқтатады.
Слайд 18

Қорытынды Стоматологиялық ауруларының алдын алу –ауыз қуысының дұрыс және үнемі күтімін

Қорытынды

Стоматологиялық ауруларының алдын алу –ауыз қуысының дұрыс және үнемі күтімін қамтиды.

Тіс саулығы үшін ауыз қуысын келесі құралдармен тазартып тұру қажет: тіс щеткасы, тіс пастасы, тіс жібі, ауызды шаюға арналған сұйықтық. Тісті күніне екі рет таңертен таңғы астан кейін және ұйықтар алдында 3 минуттан тазалау керек. Щетканы 3 айда бір рет ауыстыру жеткілікті. Грипп, ангина ауруларымен ауырып, жазылғасын щетканы ауыстырған жөн.
Слайд 19

Салауатты өмір салты туралы білім тарату бұл сұрақты дәрігерлер, мұғалімдер және

Салауатты өмір салты туралы білім тарату бұл сұрақты дәрігерлер, мұғалімдер және

ата-аналар шешеді. Жалпы үлкен де, кіші де тіс күтіміне немқұрайлы қарауына болмайды. Салғырттықтың салдары түрлі ауруларға жол ашуы мүмкін. Ауыз қуысының аман болуы, адам денсаулығының бірден – бір кепілі.