ТАҢДАЙДЫҢ БІТІСПЕУІ.(PALATOSHISIS URANOSCHISIS)
Таңдай өсінділерінің жетілуі тоқтап, желбезекке жетпей қалуының нәтижесінде дамиды.
Таңдай жарығының жартылай және толық түрлерін ажыратады. Екі жақты толық бітіспеушілікте жырықтың ортасына желбезек пен хоаналар көрінеді.
Клиникалық белгілері-ауыз қуысы мен мұрын қуысының бір-бірімен байланысуының нәтижесінде сұйық тамақ мұрынға түсіп, бала жиі шашалады. Ауыр жағдайларда ана сүтімен қоректену мүмкін болмай қалады. Мұрын қуысының жиі тітіркенуі мен жарақаттануының салдарынан дем алу үрдісі бұзылып, тыныс алу жолдары инфицирленеді, аспирациялық пневмония мен ортаңғы қулақтың аурулары дамиды.
Емі-емдеуді концервативті шаралардан бастайды: мұрын қуысын ауыз қуысынан бөлу үшін, арнайы пластмассты обтураторларды қолданады. Оларды қолдану дұрыс тамақтану мен сөйлеуді қалыптастырады. 2-4 жаста мұрын және ауыз қуысын ажыратып, пластикалық операця жасайды.