Этиологиясы мен патогенезі
Крон ауруының шығу себептері белгісіз , бірақ көпшілік зерттеушілер
оның этиологиясын арнайы емес жаралы колитпен қосып қарайды. Бұл аурудың 35 пайызы отбасына байланысты дамиды. Тоқ ішекке қарсы бағытталған аутоантиденелер Крон ауруында , жаралы колиттегідей жиілікте табылады. Иммунды кешендердің ішек ұлпасына шөгіп қалуы сол жерде гранулемалар түзілуінің бірден-бір себебі болып есептеледі. Васкулиттердің дамуы және ішектен басқа ағзалардың зақымдануы, осы кешендердің қан тамырларына шөгіп қалуымен түсіндіріледі. Мұнда антиденелер ішектің кілегейасты және ет қабаттарында да табылған , ішектің барлық қабаттарының қабынуы антиген-антидене реакцияларымен тікелей байланысты.Бұл ауру үшін иммунологиялық реакциялардың ішінде жоғары сезімділіктің тежелу түрінің дамуы тән.