ФИЗИКАЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯ Термиялық (физикалық) стерилизацияға ультракүлгін-сәулелер: процедуралық, операциондық, ультракүлгін ауамен шағылыстыру
жатады. Клиникалық практикада физикалық факторлармен әсер ететін стерилизациялар жиі қолданады Физикалық стерилизацияға жатады: Автоклавтау Құрғақ ауамен стерилизациялау Қайнату Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау Автоклавтау – қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138 С) мен жоғары қысым (2,5 ат.қ.) арқылы әсер етумен жүзеге асады. Нәтижесінде стерилизациялы камерадан барлық ауа ығыстырылады. Емдеу мекемелерінде бұл әдістің 2 режимі қолданылады:
1 режим -температура 132 С, қысым 2 атмосфералық қысым, уақыты 20 мин. Бұл режим арқылы шыны құралдар, шприц, корозияға тұрақты металдар стерилизациядан өтеді. 2 режим температура 120 С, қысым 1,1 атмосфералық қысым. Бұл режимде жұқа резеңкеден жасалған құралдар, латекстерді (хирургиялық қолғап және т.б), полимерлердің жеке түрлері стерилизациялайды. Бумен стерилизациялайтын құралдарды алдымен фильтрлі стерилизациялы қораптарға салып маркирлейді. Фильтрсіз бикстер 3 күн, фильтрлі бикстер 20 күн сақталады. Булы стерилизаторларды әдетте автоклавтың атымен атайды (гр. «ауто» — өзі лат. «клавис» — кілт)