Слайд 6
Шөлдеу-су жетіспеушілігінің алғашқы және негізгі белгісі болып табылады.Шөлдеуді ауыз қуысының шырышты
қабатының құрғауынан ажырата білу керек.Кейбір науқастарда таза судың жеткіліксіздігі байқалады, мысалы,науқастың жағдайы ауыр болғанда,кома жағдайында өздігінен су іше алмағандықтан,сонымен бірге су ішуін шектеп,венаға сұйықтықты жеткіліксіз мөлшерде енгізгеннен дамиды.
Қолтық асты және шап астындағы құрғақтық суды жоғалтудың негізгі белгісі болып татылады.Бұл кезде адам денесінде 1,5 литір су жетпейді.Қалыпты жағдайда осы аймақтағы тері бездері үнемі қызмет атқарып,ол жерді ылғалдандырып отырады.
Тіндер мен терінің тургорының төмендеуі интеграцияльді сұйықтықтың азаюының белгісі болып табылады.Бұл кезде денеге тұзды ерітінді құю қажет.
Көз алмасының серпімділігі тіндердің тургорының көрсеткіші болып табылады.Көз алмасының серпімділігінің төмендеуі дигидрация, ал жоғарылауы дененің гипергидрациясының белгісі.
Сулы ісіктер интерстициальді сұйықтықтың көлемінің көбейіп, денеде натри мөлшерінің жоғалғанын көрсетеді.Белокты тепе теңдіктің қалыпты жағдайында,балтыр терісін саусақпен басқанда, көзге ілінетіндей шұңқыр пайда болса,онда натри мөлшерінің 400 ммоль ге көбейгендігін көрсетеді, ол 2,5 тұзды ерітіндіні құрайды.