Клиникалық зерттеулердегі нұсқаулықтардың негізгі міндеттерінің қойылуы дәлелді медицинаның негізгі тұжырымдамаларының мына
бағыттарымен байланысты болады:
Нақтылы клиникалық ахуалдағы маман-медиктердiң әрекетін сипаттайтын клиникалық ұсыныстардың өңделуi. Мамандардың клиникалық шешiмнiң қабылдануына аурудың жеке ерекшелiктерiн ескеріп арқа сүйеуi керектігі туралы ұсыныс қойылады. Үкімет ұйымдарыда ұсыныстарды құрастырушылар кәсiби дәрiгерлiк қауымдастықтар немесе сарапшылық топ жасаушылары бола алады. Клиникалық ұсыныстардың тәжiрибеге енгiзілуі мол экономикалық эффект ретінде ең алдымен қымбат бағалы аз ақпараттандырылған диагностикалық әдістер мен емдік дәрілердің клиникалық құндылыққа ие болмайтындығын айқындап береді.
Мамандандырылған үйретушi программа, анықтама қағаз және электрондық журналдар, кiтаптар және интернет-қорларын шығару. Бұл бағытта көптеген еңбектер жазылып, негізге алынған.
Клиникалық тексерілетін зерттеулердiң жүйелi түрде шолуларына деректер қорын құрастыру. Құрылатын деректер қорында ғалымдардың халықаралық бірлестіктерімен жарияланған рандомизирленген және тексерілетін зерттеулерін айқындайтын, жүйелейтiн жалпылама нәтижелерi де кездеседі. Метаанализ көмегімен ғалымдар бұл жағдайда әр түрлi зерттеулерден мәлiметтердi талдау арқылы жинақтайды.