Слайд 8
Нейровегетативті синдромы бар гипертониялық криз психоэмоциональды жүктеме, стресстен кейін пайда болып,
тез арада басталады. Науқаста пульсациялайтын бас ауруы, бас айналуы, лоқсу, кей кезде құсу сияқты шағымдар болады. Бұл жағдай қорқу сезімімен және ауа жетпеу сезімімен қатар жүреді. Науқас қозып, қолдары дірілдеп, тоңып, терлеуі мүмкін. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайды (1 сағаттан 5 сағатқа дейін). Кризден кейін көбінесе көп мөлшерде кіші дәрет болады. Әдетте криздің бұл түрі өмірге қауіп тудырмайды.
Сулы-тұзды гипертониялық криз. Ол ренин-ангиотензин-альдостеронды жүйемен шартталады. Бұл жүйе организмнің ішкі ортасы тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады (бұл жағдайда артериялық қысымның). Қатты тұрақты түрде бас ауруына, лоқсу мен құсуға шағымдар болады. Науқастар көбінесе әлсіз, кейде уақыт пен кеңістікте бағыты жоғалады. Бүгін қандай күн екенін ұмытып қалуы мүмкін, таныс жерлерде адасуы мүмкін. Әр түрлі көру бұзылыстарының (екі еселер көру, көз алдында дақтардың болуы, көру учаскелерінің түсуі) болуы, естудің нашарлауы мүмкін. Мұндай жағдай бірнеше тәулікке созылады.
Жедел гипертонияық энцефалопатия - артериялық қан қысымының біршама жоғарылауынан дамитын ауыр жағдай. Артериялық қысымның жоғарылауы кезіндегі мидың қалыпты қанмен қамтамасыз етілуі бұзылысынан туындайды. Бұл жағдайда естің бұзылуы, қалтырау, сөйлеудің бұзылыстары болуы мүмкін.