Тіс жарып шығу кезеңіндегі тіс ақаулары. Дистопия, ретенция, астыңғы үшінші азу тістің шығуындағы қиындықтар
- Главная
- Медицина
- Тіс жарып шығу кезеңіндегі тіс ақаулары. Дистопия, ретенция, астыңғы үшінші азу тістің шығуындағы қиындықтар
Содержание
- 2. ЖОСПАРЫ І. Кіріспе ТІС ЖАРЫП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ ДЕРТТЕРІ ІІ. Негізгі бөлім 1) Дистопия; 2) Ретенция; 3)
- 3. Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға білінбей, ешқандай ауыру сезімінсіз шығады. Бірақ
- 4. 1. Дистопия — дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан шет шығуы. Кейде ұртқа қарай не тілге қарай
- 5. Дистопия
- 6. Дистопия мен ретенцияға сүт тістер де, тұрақты тістер де ұшырайды. Тұрақты тістердің ішінде ретенцияға жиі ұшырайтын
- 7. Ретенция
- 8. 3. Тістердің уақтылы жарып шығуын тежейтін жергілікті себептер көп: сүт тістер түбірінің кеш сорылуы не болмаса
- 10. Кедергімен ұсталып шыға алмаған тістің зардабынан қатерсіз ісіктер — амелобластома, одонтома т. б. ісіктер өсуі мүмкін.
- 11. Ұсталып кедергімен кешігіп жарған тісті жүлу едәуір қиын болады. Сондықтан бұл операцияны жасаудан бұрын екі проекцияда
- 12. Аурудың этиологиясы. Астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып шығуының себебі көп. Әртүрлі авторлар өз пікірін алға шығарады.
- 14. Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша ақыл тістің дамуы басқа
- 15. Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі — ақыл тістің қисық орналасуы. Ақыл тістің ұрықтану бүктесіні астыңғы
- 16. Ондай ауруды дұрыстап зерттеу үшін Е. А. Магид пен В. М. Штейнберг мынадай топқа бөледі: І.
- 17. Төменгі үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан пайда болатын асқынулардың клиникасы. Перикоронарит — жедел және созылмалы болып
- 18. Созылмалы перикоронариттің диагностикасы — анамнез бен клиникалық белгілерінен құралады. Көбінесе науқастарда ешқандай шағым болмайды. Тісті жауып
- 19. Үшінші азу тістің кешігіп жаруы абсцесс және флегмоналармен де асқынады. Олар өз бетінше немесе остеомиелиттің асқынуымен
- 20. Емдеу әдістері. Қабыну процесінің даму ерекшеліктеріне байланысты консервативті немесе хиругиялық емі жүргізіледі. Консервативті еміндегі іс -
- 21. Егер бұлшықеттер қарысуы болса, оны Берше тәсілімен жансыздандыру арқылы босаңсытады. Дәрі-дәрмекпен емдеу әр адамның организміне байланысты
- 23. Скачать презентацию
ЖОСПАРЫ
І. Кіріспе
ТІС ЖАРЫП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ ДЕРТТЕРІ
ІІ. Негізгі бөлім
1)
ЖОСПАРЫ
І. Кіріспе
ТІС ЖАРЫП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ ДЕРТТЕРІ
ІІ. Негізгі бөлім
1)
2) Ретенция;
3) Перикоронарит;
4) Кеш жарып шыққан тіс ауруларының асқынуы;
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға
Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға
1. Дистопия — дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан шет шығуы. Кейде
1. Дистопия — дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан шет шығуы. Кейде
2. Ретенция — дұрыс қалыптасқан тістің шығуы әртүрлі кедергімен баяулап ұсталып қалуы. Егер тіс жартылай шықса, онда шала ретенция, ал тіс мүлде шыға алмай қалса, онда толық ретенция деп аталады.
Кейде көп уақыттан кейін адамның бар тістері түсіп, алынбалы тіс протезін пайдаланған кезінде ғана бұрын уақытында шықпай қалған тістің жарғанын байқауға болады. Тұрақты тістердің ұрықтану процесінің бүзылғанынан олар мүлде жарып шықпаса, онда толық адентия деп атайды.
Дистопия
Дистопия
Дистопия мен ретенцияға сүт тістер де, тұрақты тістер де ұшырайды.
Дистопия мен ретенцияға сүт тістер де, тұрақты тістер де ұшырайды.
а) Зат алмасу процесінің — ішкі секреция бездерінің, гормондардың реттеу жұмысының нашарлағаны не витаминдердің жеткіліксіздігі, инфекциялық аурудың әсері т. б. жағдайлар.
б) Зат алмасудың реттелуіне қатынасатын ішкі бездер қызметінің өзгерістері (гормондар қызметі бәсеңдесе не инфек-циялық) себебінен тіс дұрыс ұрықтанбай қалады не жақ сүйектердің кейбір бөліктері ерекше дамып, тістің жарып шығуын тежейді және қанмен жабдықталуын да өзгертеді.
Филогенез — даму процесінде адам тісінің саны мен мөлшері біркелкі қалпында қалса, жақ сүйектердің көлемі кішірейеді. Сондықтан кейбір тістерге шығатын орын болмай, ол не альвеольдық өсіндінің ішінде не сүйектің денесінде шыға алмай қалады.
Ретенция
Ретенция
3. Тістердің уақтылы жарып шығуын тежейтін жергілікті себептер көп: сүт
3. Тістердің уақтылы жарып шығуын тежейтін жергілікті себептер көп: сүт
Клиникасы. Қатардан тыс жарып шыққан (дистопиялы) не шыға алмай ұсталып қалған тістер ешқандай зиян келтірмесе, кездейсоқ рентгенге түскенде ғана табылады. Кейде науқастар жақ сүйектің әлсін-әлсін сыздап ауырғанына көңіл бөледі не астыңғы жақтың тістері сыздап ауыратын болады, ерні ұйиды.
Сырт көзбен қарағанда тістің кедергімен қиналып жарып келе жатқан белгілері мынадай болады: қатарда бір тістің жоқ болғаны анықталады, бұрын жұлынса бос орын болу керек не уақытында түспей қалған сүт тісі тұрады не ол тіс қатардан тыс жарып келе жатқаны көрінеді. Кейде альвеолдық өсіндінің шырышты қабығының астынан шығып тұрған төмпешік байқалады. Рентен суретінде ұсталып шықпай қалған тістің бейнесі көрінеді.
Кедергімен ұсталып шыға алмаған тістің зардабынан қатерсіз ісіктер — амелобластома,
Кедергімен ұсталып шыға алмаған тістің зардабынан қатерсіз ісіктер — амелобластома,
Ұсталып кедергімен кешігіп жарған тісті жүлу едәуір қиын болады. Сондықтан
Ұсталып кедергімен кешігіп жарған тісті жүлу едәуір қиын болады. Сондықтан
Аурудың этиологиясы. Астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып шығуының себебі көп.
Аурудың этиологиясы. Астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып шығуының себебі көп.
1. Тістің дұрыс шығуына кедергі болатын себептің бірі ол жақ сүйектің анатомо-топографиялық ерекшелігі.
2. Шығатын тістің маңындағы қызылиек етінің ерекшелігі.
3. Шығып келе жатқан ақыл тістің өзіне байланысты себептері.
Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
Көптеген ғалымдардың
Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
Көптеген ғалымдардың
Ақыл тістер 18—25 жас шамасында астыңғы жақ толық қалыптасқан, қальцийленіп қатайған кезде кедергіден кешігіп жарып шығуға мәжбүр болады. Кейде ақыл тіске орын аз не мүлдем жоқ болғандықтан ол қатардан шет шығады не сүйектен мүлде шықпай қалуы мүмкін. Астыңғы жақ сүйегінде ақыл тіске орын болмауы филогенезде адамның эволюциялық дамуына қарай жақсүйектің кішіреюінен болады.
Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі — ақыл тістің қисық
Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі — ақыл тістің қисық
Адам өскен сайын тістің ұрығы да дамып болашақ ұяшағына қарай жайлап жылжиды. Бірақ кейде сәтті болмайды. Ақыл тіс әдеттегі тік қалпынан ауытқып кетсе, онда шығуының түрі неше сапқа бөлінеді: а)ақыл тістің көлденең жатуы; б) қисық орналасуы — медиальды , дистальды, ұрттық және тілдік қисаюлары болады.
Әрине, дұрыс орын алмаған тіс кешігіп қинала шығады кейде мүлде шықпай қалады.
Астыңғы ақыл тістің кедергімен ұсталып қиналып шығуы тек жоғарыда аталған жағдайлармен байланысты болмайды. Ақыл тіске орын жеткілікті болып, тік тұрса да қиналып кешігіп жарғаны байқалады, бірақ себебі белгісіз. Сондықтан П. П. Львовтың (1929), Д. Е. Танфильевтің (1952) пікірлерімен келісуге тура келеді. Олардың айтуынша астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып шығу себебі іш не сырт факторларымен байланысты болуы мүмкін. Күнделік жүмыс бабына байланысты ақыл тістің кедергімен жаруынан болған әр түрлі қабыну, асқынған ауруларды кездестіреді
Ондай ауруды дұрыстап зерттеу үшін Е. А. Магид пен В.
Ондай ауруды дұрыстап зерттеу үшін Е. А. Магид пен В.
І. 1. Тістің жұмсақ жабын тіндерінің қабынуынан болған; 1. Жедел перикоронарит: а) қанталап қызаруы; б) іріңді түрі; в) іріңді-жаралы түрі.
2. Созылмалы перикоронарит.
II. Астыңғы жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну процестері: 1)жедел іріңді периостит; 2) шырышты қабықтың іріңдеуі (абсцесс) мен шелдерінің іріңдеп өлеттенуі (флегмона); 3) Ауыздың шырышты қабығының іріңді жарасы (стоматит).
III. Астыңғы жақтың ауыр қабыну процесі.
1. Одонтогенді остеомиелит: а) жедел; б) созылмалы; ,
2. Парадентарлы іріңдік (тіс маңындағы).
Төменгі үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан пайда болатын асқынулардың клиникасы.
Төменгі үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан пайда болатын асқынулардың клиникасы.
Алғашында ақыл тістің үстіндегі шырышты қабық ептеп қан кернеп қызарып, домбығады. Егер зондпен ептеп байқап көрсе жарып шығып келе жатқан тістің сауытын байқауға болады. Жабынды қолмен басқанда, жұтынғанда және аузын ашқанда ауыру сезімі болып, ол күшейеді. Жақасты лимфа түйіндері үлкейіп, ауырсына бастайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, тәбеті нашарлайды.
Егер тіс жартылай жарып шықса, онда оның қалған бөлігін жауып түрған жабынды зақымданып жарақаттанады да, экссудаттың шығуы нашарлайды. Ол қабыну процесінің үдеуіне әкеп соғады. Ол жақ жанындағы жұмсақ тіндерде коллатеральды домбығудың пайда болуымен және жақ бүлшықеттерінің қарысуымен сипатталды. Жабынды астынан ірің шығады. Оның шырышты қабығы жараға айналады.
Созылмалы перикоронариттің диагностикасы — анамнез бен клиникалық белгілерінен құралады.
Көбінесе
Созылмалы перикоронариттің диагностикасы — анамнез бен клиникалық белгілерінен құралады.
Көбінесе
Рентген суретінде бүл қалта „жарты ай" тәрізді сүйектің ыдырауымен байқалады.
Сүйек — грануляциялық тіннің әсерінен сорылып бұзылады. Оны ретромолярлы остит (ақыл тіс артындағы сүйек қабынуы) деп атайды. Оның орнында уақыт өткеннен кейін парадентарлы киста (тіс маңындағы қалта) пайда болады. Ол да рентген суретімен анықталады. Ретромолярлы остит пен парадентарлы киста созылмалы перикоронариттің жиі қозуының себепшісі болуы мүмкін. Созылмалы перикоронарит — созылмалы жақасты лимфаденитіне әкеп соғады.
Сонымен бірге созылмалы перикоронарит, одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының пайда болуына себепші болуы мүмкін. Жапқыш астындағы грануляция ұрт аймағындағы теріасты клетчаткасына енеді де, қабыну процесінің туындауына себепші болады. Іріңді зат жиналысымен тері қабаты жұқарып, көкшіл тартады. Бұл жерде мезгіл-мезгіл жыланкөз пайда болып тұрады.
Үшінші азу тістің кешігіп жаруы абсцесс және флегмоналармен де асқынады.
Үшінші азу тістің кешігіп жаруы абсцесс және флегмоналармен де асқынады.
Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит) — созылмалы перикоронариттің асқынуы болып есептеледі. Ол қайталанып тұратын және ауырған тіс жағындағы шырышты қабықты қамтитын ауру. Бұл ауыру созылмалы периодонтитте ауыз қуысында биологиялық тепе-теңдік бұзылып тіндердің резистенттігі төмендейді де, организмде сенсибилизация пайда болуымен сипатталады.
Үшінші азу тіс — медиальды қисая немесе көлбеу орналасса, онда оның көрші тіспен жанасқан бетінде тіс жегісі (кариес) пайда болып, уақыт өте ол пульпитпен, периодонтитпен асқынады.
Оның дұрыс диагнозы тек рентген суретінің негізінде қойылады. Егер диагноз дұрыс қойылмаса, науқастар ұзақ уақыт бойы үшкіл нервтің невралгиясынан емделуі мүмкін.
Төменгі үшінші азу тістің кешігіп жаруынан пайда болатын асқынуларды емдеу практикалық дәрігерлер үшін күрделі мәселе болып отыр. Өйткені оларды емдеудің көптеген тәсілдері ұсынылған және олар бір-біріне қарама-қайшы келеді.
Емдеу әдістері.
Қабыну процесінің даму ерекшеліктеріне байланысты консервативті немесе хиругиялық емі жүргізіледі.
Консервативті еміндегі іс
Емдеу әдістері. Қабыну процесінің даму ерекшеліктеріне байланысты консервативті немесе хиругиялық емі жүргізіледі. Консервативті еміндегі іс
Егер бұлшықеттер қарысуы болса, оны Берше тәсілімен жансыздандыру арқылы босаңсытады.
Егер бұлшықеттер қарысуы болса, оны Берше тәсілімен жансыздандыру арқылы босаңсытады.
Кедергіленіп жарып келе жатқан ақыл тісті жұлатын жағдайлар.
1. Қалыпты жағдайдан ауытқыған кез келген тіс жүлынуы тиіс.
2. Альвеолдық өсіндіде жарып келе жатқан тіске орын жетіспесе ол да жұлынады.
3. Егер де тіс, жақ сүйегінде тік орналасса, бірақ оның үстінен қанатша-жақ бүрмесі төніп тұрса ол тіс жұлынуы тиіс. Өйткені бүркенішті кесіп алып тастағанмен, қанатша-жақ бүрмесі жарып шыққан тістен зақымданып жаралар, тыртықтар, қабыну процестері пайда болуы мүмкін.
4. Созылмалы қайта қайталанған перикоронаритте тіс жұлынуы тиіс.
5. Егер де қабыну процесі жапқыштың шегінен шығып ұлғайып кетсе (жедел іріңді периостит, остеомиелит, флегмона және т. б.), тіс жанындағы сүйекте патологиялық процесс пайда болса (пародентарлы киста, ретромолярлы остеомиелит және т. б.) және консервативті емге тіс көнбесе оны жұлу қажет.
Тісті жұлуға науқастың жалпы жағдайы қарама-қайшылық келтірмесе, онда тісті неғұрлым ерте жұлу науқастың жазылуын жеделдетеді және жұмысқа жарамсыздық уақытын қысқартады.